Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » « Кім білгір ? »


« Кім білгір ? »

« Кім білгір ? »

«Сен де бір кірпіш дуниеге

Кетігін  тап та бар , қалан »

                                                            Абай

« Кім білгір ? »

Мақсаты: Оқушылардың ойлау, еске сақтау , қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар қазақ тілі мен әдебиет  пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

 Көрнекілігі :        Сахнада түрлі – түсті шарлар .

                            Ұлағатты сөздер, интерактивті тақта

 

Ұлағатты сөздер :

  1. Білімді адам тілін билей алады . (Құтып)
  2. Ақылды орнымен сөйлер де , жауабын күтер . (С. Сарай )
  3. Білімдіден не пайда , білгенін көпке айтпаса ,

    Үйреткеннен не пайда , қайырымы қайтпаса .   (А. Байтұрсынұлы )

Барысы :

І . Ұйымдастыру . ( топқа бөлу )

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ.  Қорытынды .  Оқушыларды марапаттау.

 

І . Кіріспе сөз

Білім – теңіз , мектеп кеме жүзіп келем,

Дүниенің төрт бұрышын сүзіп келем.

Шалқытып , шарыптатып , асқақтатып

Ой тербелей , тоқтамас алып кемем.

    Құрметті  ұстаздар !

     Қадірлі егеменді елдің жастары !

6 «А,Б» сынып оқушылары арасында өткелі отырған сайысына қош келіпсіздер .

Сайыс V бөлімнен тұрды .

  1. Таныстыру (әр топтың аты , ұраны және төл белгілері болу керек )
  2. Ойлан ,тап! (Әдебиет пәні бойынша)
  3. Сен білесің бе ? (Қазақ тілі пәні бойынша)
  4. Кім жылдам ?
  5. Қолқа салу (өнер сайысы)

Елімнің болашығы зор деп білем

Сол үшін қайрат етер ерлер кілең

2030 менің болашағым

Жақындып жаңа өмір , саған кірем   - дегендей болашақ сендердің қолдарында.

Топқа бөлу.

Қазылар алқасымен таныстыру .

І тур .

І топ  - «Арман »

ІІ топ  - «Жас қыран »

ІІІ топ  - «Жасұлан»

ІУ топ – «Болашақ »

 

 ІІ тур. «Ойлан, тап !»  (Әдебиет пәні бойыншы )

 5 – 6 сынып бойынша өткен шығармалардағы кейіпкердің  атын атаймын, оқушылар сол шығарманың авторы мен  шығарманың тақырыбын  дұрыс  табу керек. 

  1. Жаман мен 40 уәзір (Аяз би ертегісі )
  2. Барлас ақын , Ұлжан , жас Абай (Мұхтар Әуезов, «Ақын қонақтар »)
  3. Кенжекей («Ер Төстік» ертегісі )
  4. Мергенбай батыр , Тасқара бай (Керқұла атты Кендебай)

5.Шеген, Қайрош, Бораш (Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»

Қайрат Сарталиев Ұлы Отан соғысына қатысқан «Қазақ солдаты»)

  1. Тоқтарбай («Қобылынды батыр » жыры ) Тайбурыл, Құртқа
  2. Құлтай , Ұлтан («Алпамыс батыр » жыры ) Гүлбаршын,Шұбар ат.
  3. Жетім бала Ақтан («О, Ақтан жас , Ақтан жас » Дулат Байбатайұлы )

 

ІІІ тур  «Сен білесің бе ? »

 

Лексика

  1. Омоним дегеніміз не ?
  2. Мына сөйлемнен синоним болатын сөзді тап ? Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды .
  3. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не ? мысал келтір ? Ойды сыпайы, әдепті , жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер эвфемизм дейміз .  Адамның эмоциялық жағымсыз көңіл күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі , әдепсіз сөздер дисфемизм деп аталады.                                                                                                                                                                  

 

Фонетика

  1. Фонетика дегеніміз не ?  (Тіл білімінің  дыбыстық жағын зерттейтін сала )
  2. Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін қанша әріп бар ?  (9 - ә,і,ғ,қ,ұ,ү,ө,һ.ң)
  3. Буын дегеніміз не ? Түрлерін ата ? Мысал келтір ?  (Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек . Ашық, тұйық, бітеу. Қала,ат,қант)

Сөзжасам

  1. Түбір дегеніміз не  ? Қосымшаның түрлерін ата ? (Сөздің мағына беретін , бөлшектенбейтін ең түпкі бөлшегі . Жұрнақ, жалғау)
  2. Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді ? Мысал келтір ?  (Дара және күрделі . Бір ғана сөзден тұратын негізгі және туынды түбір . Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөз . Мысалы :әке, даналық, әкелі – балалы )
  3. Қос сөз дегеніміз не ? Түрлерін ата ? Мысал келтір ? (қайталама , қосарлама )

 

Морфология

  1. Атауыш сөз дегеніміз не ? (Белгілі бір ұғымның атауы болып, жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіретін сөздерді атауыш сөздер дейді. )
  2. Одағай не сабепті оқшай сөз болып табылады ? (ешқандай мағына жоқ, адамның көңіл күйін білдіреді, сөйлем мүшесі бола алмайды )
  3. Сөз таптары дегеніміз не ? Оларды ата? Мысал келтір ?

(Сөздердің білдіретін мағынасына , тұлғасына , сөйлемдегі жеке қызметіне қарай топтарға бөлінуін сөз таптары дейміз )

 

 

ІУ тур «Кім жылдам »

Берілген  әріптерден сөздер құрастыру.

А,Т,П,С,У,Е,Н,Ж,С,І,Л,Р.

 

У тур    Әр топ өз өнерлерін ортаға паш етеді.

 

Білімділіктің ең басты факторы туған т ілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.   (Г. Гегель )

 

ҚОРЫТЫНДЫ .

 Қорытынды  шығару үшін  сөз кезегін қазыларға береміз.

 Жеңімпаздар  марапатталады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жылдық қайталау
Лексика, Омоним, Синоним, Антоним
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Көнерген сөздер
Қазақ тілінен эмтихан билеттері
Сөз таптары. Зат есім
Табу
Морфология
Сөздердің түрлері
«Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм»тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 2220 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык