Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 9883 |
|
|
|
Атажұрт интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын
Атажұрт интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын
Мақсаты:
1Оқушылардың тарих сабағынан алған білімдерін тиянақтап, танымдылығын арттыру.
2. Еңбексүйгіштікке, отаншылдыққа, туған жеріне, оның тарихи тағдырына деген құрмет
сезімін қалыптастыру
3. Оқушылардың ойлау,сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, интерактивті тақта
Қатысушы: 10 сынып оқушылары.
Жоспары:
1 тур: «Өткел »-топ басшылар сайысы
2 тур: « Самғау»-ұпайы көп команда бастайды.
Қосымша көмек беріледі.
3 тур: Шарықтау- жанкүйерлер сайысы.
4.тур: Шырқау. Ұяшықтарды ашу
5. тур: «Жер ұйық »- сұрақ жауап.
Ойын қортындысын шығару.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!
Отан , туған жер, атамекен, елім, ауылым.
деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы.
«Атажұрт» интеллектуалды тарихи танымдық ойын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойынға қатысып отырған 10 а, 10ә сынып оқушылары
Команданы таныстыра кетсек: өз тобынан таныстырады.
«Болашақ» тобының басшысы өз командасын таныстырады.
«Талапкер » тобының басшысы өз командасын таныстырады
«Ал іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық.
1 тур «Өткел»
Топ басшылар сайысы
1.Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)
2. Қазақстанның 1920 ж астанасы (Орынбор)
3. Кенесары көтерілісі (1837-1847) қай жылдарда болды.
4.Қазақстан Республикасының халық саны (16 млн 675 мың)
5.Батыр қонтайшы бастаған Жоңғар хандығы қашан құрылды? (1635)
6. 1975 ж жарық көрген О. Сүлейменовтың еңбегі қалай аталады? (Азия)
7. Кіші жүзде хандық билік қашан қашан жойылды? (1822)
8. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды? (1997 ж )
9.1916 жылы Верный уезінің ханы болып кім сайланды.(Бекболат Әшекеев)
10.Қазақстанның батысындағы өзен.(Жайық)
Талапкер командасының басшысы.
1. Қазақстанның солтүстігіндегі көршілес елі (Ресей)
2. Ақтабан щұбырынды жылдары ( 1723-1728)
3. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық қызметіне қай жылы ие болды? (2010 ж )
4. Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс (1836-1838)
5.Сібір қырғыздары туралы жарғы қашан қабылданды? (1822)
6.1992 ж наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды. (БҰҰ)
7.Қазақ АКСР-ін құру туралы декрет қашан шықты.(1920 26 тамыз)
8.Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылған жылы және тұңғыш президенті кім? (1946 ж Қ. И. Сәтпаев)
9.А. Имановтың әскери кеңесшісі көтерілісшілерді қарумен қамтамасыз еткен. (Ә. Жангелдин)
10. Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен.(Ертіс)
1-ші турдың Ұпай санын белгілеу
Келесі турымыз Самғау деп аталады. Көп ұпай жинаған команда бастайды.
Әр командаға 5 сурақ беріледі. Жауап таңдауға 1минут, жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі, жауап берілмеген жағдайда қарсы топ жауап береді.
Болашақ тобына
1)Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы автономиялық қазақ үкіметінің басшысы Айқап, Қазақ, газеттеріне мақалалар жазып тұрған тарихи тұлғаны атаңыз.(қосымша көмек) 1864 жылдары Тобылда және Омбыда түрлі қызметтер атқарған. 1897-1903ж .Дала генерал –губернаторлығында қызмет атқарып, Самарада банк директоры болған.
(Ә.Бөкейханов)
2) Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Шығыс Түркістанды Орта Азияны зерттеген ойшыл, қаламгер ғалым. 1853ж оқуды бітіріп, офицерлік атағын алып, Батыс Сібір генерал губернаторы Төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарды. 1856ж Ыстықкөлдің топографиялық суретін түсірген тарихи тұлға кім?
Қосымша көмек: Ол 1858-59ж Қашқарияға барып, әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашады.
(Шоқан Уалиханов)
3)Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық орынаған кезі. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп еске алады. .Көрнекті орыс тарихшысы В.И. Левшин даналығы, ол билеудегі шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мемлекетінің ақылгөйі, заңгер Ликургке теңеген. Осы тарихи тұлғаны атаңыз (Тәуке хан)
Қосымша көмек.
Осы тұста қазақ еліне Орыс мемлекеті. Жоңғария, Орта Азия хандықтары көз тігіп қауып төндірді.
1711-1781 жылы кім өмір сүрді?
Талапкер тобына
1) 1890ж Қызылорда қаласында дүнеге келген. Ташкент гимназиясын, Петербург университетінің заң факултетін бітірген. Ол ағылшын, орыс, француз, поляк тілдерін меңгерген. 1917ж Құрылған Түркістан автаномиясының М. Тынышбаевтан кейінгі призиденті болған тарихи тұлғаны атаңыз. (Мұстафа Шоқай)
Қосымша көмек.
1935ж «Түркістан Кеңестер билігінде» атты кітабы жарық көрді.1940 ж неміс фашистерінің қолына түсіп, Берлинде қайтыс болды.
2.Педагог, тарихшы, қоғам қайраткері 1900ж Верный гимназиясын бітірген. 1906ж Петербург транспорт инженерлер институтын темір жол инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. Түркістан автономиясының призиденті қызметін атқарған 1937ж стлиндік репрессияның құрбаны.
Бұл тарихи тұлғаны атаңыз. (М. Тынышбаев)
1907 ж Жетісу губерниясына ІІ мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған.
3) Паташа үкіметі бұл көтерілісті ығыстыру үшін Ырғыз бен Торғай бойынша қамалдар тұрғызды. Ол көтеріліс басында хандық билікті қолына алып, хандық сат жүиесін енгізді. Бұл тарихи тұлға кім?
Қосымша көмек. Бұл көтеріліс Бішкекке жақын жердегі Майтөбе деген жерде жеңіліс тапты.
(Кенесары Қасымұлы)
4. Қазақта өлең атасы –Абай, күй атасы-Құрманғазы десе ән атасы деп кімді айтамыз?
(Әміре)
Келесі ІІІ турымызға көшейік «Шарықтау» - жанкүйерлермен сайыс.
1. «Ресейдің отарлау саясатына шек қою, патша үкіметінің құрамына кірмеген, өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын тоқтату. Қазақтарды Қоқан бектері мен хиуа хандығының езгісінен азат ету. Бұл көтерілістің қозғаушы күші қарапайым шаруалар болды. Көтеріліске 80 старшын мен сұлтан қатысқан. (Бұл көтеріліс қай жылы болды және оны кім басқарған.) (Кенесары)
2.Көтерілістің мақсаты қазақтардың бұрынғы жерлерін қайтарып алу, Жайық қазақтарының Нұралы ханның озбырлығына шек қоюы.Кіші жүзге қатысқан Кіші жүз рулары: Жағалбайлы, беріш, алаш, байбақты Көтерілісті байбақты руынан шыққан адам басқарады. Ол 1802ж Хиуада қайтыс болды.
Бұл кім және көтерілістің болған уақыты.(1783-1897)
Келесі тур. Шырқау
Сақтар: Аңдық стиль пайда болған ғасыр (б.з.б ҮІІ ғ)
Парсы жазбаларындағы Жетісу, Сырдарияның орта ағысында тұрған сақтар (тиграхауда)
Сақтар “Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген” деп жазған.(Страбон)
Грек-Македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған сақ жауынгері (Спитамен)
Қазақ хандығы: М. Х. Дулатидың жазуынша қазақ хандығының құрылған кездегі алып жатқан жері (Шу мен Қозыбасы)
ХҮ ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығына енген қалалар (Сығанақ, Сауран, Созақ)
1603 жылы бірінші қазақ-бұхар шайқасы болған жер (Айғыржар)
Бейне сұрақ
1. Алматы облысы- Б.з.б. 3.мың жылдықта Қола дәуірі кезінде арғы ата-бабаларымыз дүние мен жаратушының түсінуінде қол жеткен рухани тәжірибелерін түрлі тастар мен қолаға бейнелеген. Бұлар тасқа салынған суреттер-петроглифтер.
Қосымша. Еліміздің «Мәдени мұра» бағдарламасында тарихи-мәдени қорықтың бірі болып отыр.
Мына бейнесюжетте қандай тарихи ескерткіш бейнеленген. (Тамғалы тас шатқалы)
Сармат: Сармат тайпаларының өмір сүрген мерзімі (б.з.б ҮІІІ-б.з.Ү ғ)
Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы (әскери-демократия)
Бейне сұрақ 1Қазақстандағы орта ғасырлық қала, Оңтүстік Қазақстан жерінде Сырдария бойында орналасқан қала.(Сауран)
Үстіртте зерттелген сармат ескерткіштері (Бәйте, Терең)
Ғұн: Каталаун шайқасы болған жыл (451 ж)
Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғысқанша жылға созылды (300 жылдан астам)
Ғұн мемлекетінде б.з.д ІІІ ғасырда билік басына кім келді? (Мөде)
Чжи-Чжи кімдерге қарсы қаңлылармен одақтасты (үйсіндерге)
Ойын қортындысын шығару.
Жерұйық туры:
Жоңғар қоңтайшысына: “Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.........” деп айтқан кім?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |