Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2701 |
|
|
|
Қазақстан – елім менің
Қазақстан – елім менің
Атажұрт интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын.
Мақсаты:
1. Қазақстан республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу
3.Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік: «Атажұрт » жазуы бар плакат глобус Қазақстан Республикасының картасы, безендіру құралдары.
Қатысушы: 10 сынып оқушылары.
Топтың аттары: «Яссы», «Испиджаб» тобы.
Жоспары:
1 тур: «Қанат қақты »-капитандар сайысы
1минут, 10 сұраққа жауап.
2 тур: « Самғау»-ұпайы көп команда бастайды.
Қосымша көмек беріледі.
5 минут сұрақ беріледі.
3 тур: Шарықтау- жанкүйерлер сайысы.
5 сұрақ.
4.тур: Шырқау. Бейнесюжет арқылы сұрақ.
5. тур: «Жер ұйық »- сұрақ жауап.
5 сұрақ.
Ойын қортындысын шығару.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар.
Отан , туған жер, атамекен, елім, ауылым.
деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы.
«Қазақстан- менің елім » тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт» интеллектуалды тарихи танымдық ойын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойынға қатысып отырған 10 а, 10ә сынып оқушылары
Команданы таныстыра кетсек: Яссы командасы Дүйсенбаева Динара өз тобынан таныстырады.
Испиджаб тобының басшысы, Дүйсенова Меруерт өз командасын таныстырады.
«Ал іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық.
1 тур «Қанат қақты»
Команда капитандар сайысы Яссы командасы 1мин 10 сұраққа жауап береді.
1.Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)
2. Қазақстанның 1920 ж астанасы (Орынбор)
3. Кенесары көтерілісі (1837-1847) қай жылдарда болды.
4.Қазақстан Республикасының халық саны (15 млн жуық)
5.Қазақ халқының бес арысы қашан аяқталды? (1988)
6. Қазақ даласындағы қызыл керуен, экспедициясын кім басқарды? (Ә. Жангелдин)
7. Қай жылы Қазақстан астанасы Алматыға көшірілді. (1920)
8. Өртенген самолетін жау танкілерінің ортасына бағыттаған батыр.
9.1916 жылы Верни уезінің ханы болып кім сайланды.(Бекболат Әшекеев)
10.Қазақстанның батысындағы өзен.(Жайық)
Испиджаб командасының басшысы.
1.Қазақстанның оңтүстігіндегі шеткі үстірт (Шардара)
2. Ақтабан щұбырынды жылдары ( 1723-1728)
3. Қазір дүние жүзінде қанша қазақ бар. (15 млн)
4. Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс (1836-1838)
5.Конституция бойынша, халық атына билік жүргізу құқығы кімдерге берілген.
(Президент Парламент)
6.1992 ж наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды. (БҰҰ)
7.Қазақ АКСР-ін құру туралы декрет қашан шықты.(1920 26 тамыз)
8.Кеңес Одағының батыры атағына үш рет ие болған.
9.А. Имановтың әскери кеңесшісі көтерілісшілерді қарумен қамтамасыз еткен. (Ә. Жангелдин)
10. Қазақстанның шығысындағы үлкен өзен.(Ертіс)
1-ші турдың Ұпай санын белгілеу
Келесі турымыз Самғау деп аталады. Көп ұпай жинаған команда бастайды.
Әр командаға 5 сурақ беріледі. Жауап таңдауға 1минут, жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі, жауап берілмеген жағдайда қарсы топ жауап береді.
Яссы командасына
1)Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы автономиялық қазақ үкіметінің басшысы Айқап, Қазақ, Қазақстан газеттеріне мақалалар жазып тұрған тарихи тұлғаны атаңыз.(қосымша көмек) 1864 жылдары Тобылда және Омбыда түрлі қызметтер атқарған. 1897-1903ж .Дала генерал –губернаторлығында қызмет атқарып, Самарада банк директоры болған.
(Ә.Бөкейханов)
2) Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Шығыс Түркістанды Орта Азияны зерттеген ойшыл, қаламгер ғалым. 1853ж оқуды бітіріп, офицерлік атағын алып, Батыс Сібір генерал губернаторы Төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарды. 1856ж Ыстықкөлдің топографиялық суретін түсірген.
тарихи тұлға кім?
Қосымша көмек: Ол 1858-59ж Қашқарияға барып, әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашады.
(Шоқан Уалиханов)
3)Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық орынаған кезі. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп еске алады. .Көрнекті орыс тарихшысы В.И. Левшин даналығы, ол билеудегі шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мемлекетінің ақылгөйі, заңгер Ликургке теңеген. (Осы тарихи тұлғаны атаңыз) (Тәуке хан)
Қосымша көмек.
Осы тұста қазақ еліне Орыс мемлекеті. Жоңғария, Орта Азия хандықтары көз тігіп қауып төндірді.
4. Мына әуенді тыңдап, атын авторын атаңыз.
Ұпай санын белгілеу.
Испиджаб командасына сұрақтар.
1) 1890ж Қызылорда қаласында дүнеге келген. Ташкент гимнакзиясын, Петербург университетінің заң факултетін бітірген. Ол ағылшын, орыс, француз, поляк тілдерін меңгерген. 1917ж Құрылған Түркістан автаномиясының М. Тынышбаевтан кейінгі призиденті болған тарихи тұлғаны атаңыз. (Мұстафа Шоқай)
Қосымша көмек.
1935ж «Түркістан Кеңестер билігінде» атты кітабы жарық көрді.1940 ж неміс фашистерінің қолына түсіп, Берлинде қайтыс болды.
2.Педагог, тарихшы, қоғам қайраткері 1900ж Верный гимназиясын бітірген. 1906ж Петербург транспорт инженерлер институтын темір жол инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. Түркістан автономиясының призиденті қызметін атқарған 1937ж стлиндік репрессияның құрбаны.
Бұл тарихи тұлғаны атаңыз. (М. Тынышбаев)
1907 ж Жетісу губерниясына ІІ мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған.
3) Паташа үкіметі бұл көтерілісті ығыстыру үшін Ырғыз бен Торғай бойынша қамалдар тұрғызды. Ол көтеріліс басында хандық билікті қолына алып, хандық сат жүиесін енгізді. Бұл тарихи тұлға кім?
Қосымша көмек. Бұл көтеріліс Бішкекке жақын жердегі Майтөбе деген жерде жеңіліс тапты.
(Кенесары Қасымұлы)
4. Қазақта өлең атасы –Абай, күй атасы-Құрманғазы десе ән атасы деп кімді айтамыз?
(Әміре)
Келесі ІІІ турымызға көшейік «Шарықтау» - жанкүйерлермен сайыс.
1. «Ресейдің отарлау саясатына шек қою, патша үкіметінің құрамына кірмеген, өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын тоқтату, Қазақтарды Қоқан бектері мен әскери шептердің салынуын тоқтату, Қазақтарды Қоқан бектері мен хиуа хандығының езгісінен азат ету. Бұл көтерілістің қозғаушы күші қарапайым шаруалар болды. Көтеріліске 80 старшын мен сұлтан қатысқан. (Бұл көтеріліс қай жылы болды және оны кім басқарған.) (Кенесары) Көтерілістің мақсаты қазақтардың бұрынғы жерлерін қайтарып алу, Жайық қазақтарының Нұралы ханның озбырлығына шек қоюы.
Кіші жүзге қатысқан Кіші жүз рулары: Жағалбайлы, беріш, алаш, байбақты Көтерілісті байбақты руынан шыққан адам басқарады. Ол 1802ж Хиуада қайтыс болды.
Бұл кім және көтерілістің болған уақыты.(1783-1897)
Келесі тур. Шырқау
Яссы тобына.
1. Алматы облысы- Б.з.б. 3.мың жылдықта Қола дәуірі кезінде арғы ата-бабаларымыз дүние мен жаратушының түсінуінде қол жеткен рухани тәжірибелерін түрлі тастар мен қолаға бейнелеген. Бұлар тасқа салынған суреттер-петроглифтер.
Қосымша. Еліміздің «Мәдени мұра» бағдарламасында тарихи-мәдени қорықтың бірі болып отыр.
Мына бейнесюжетте қандай тарихи ескерткіш бейнеленген. (Тамғалы тас шатқалы)
Испиджаб тобына
1. Көне түріктердің негізгі жазуы руна деп аталды.
Руна жазуының айқын үлгілері Орхан-Енесей жазба ескерткіштерінде сақталған. Бұл жазулар Солтүстік Монголядан Орхон өзені маңынан табылған. Осы құлыптасты тапқан адамды атаңыз.
Жауабы: (Ядринцев)
Ойын қортындысын шығару.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |