Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білім көкпары атты тренинг сабағы


Білім көкпары атты тренинг сабағы

Білім көкпары атты тренинг сабағы

Мақсаты:
1. Білімділік: Қазақстан тарихы бойынша қалыптасқан білімдерін жинақтап-қорытындылау;
2. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін, Отанын  сүюге тәрбиелеу 
Көрнекі-құрал:  Интерактивті тақта, қосымша материалдар
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. Тренинг сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікіралысу, ой қозғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
  Жүргізуші: Қымбатты оқушылар! Білімнің көкпарына қош келдіңіздер! 
 
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын білуге
Көкірегіңде болсын көз!
                          (Абай)
 
1. Оқушылар топқа бөлініп, өз топтарын таныстырады, қорғайды.
2. Әділ-қазылар алқасын сайлау.
 
          ІІ. Сайыс шарттарымен таныстыру.
1. Хронологиялық жорық
2. «Әріптер сөйлейді». Глоссарий
3. «Портреттер сөйлейді»
4. Тарихи домино
 
ІІІ. «Білекті бірді жығады, 
Білімді мыңды жығады»
 
Ал, кәне, сайысымызды бастайық.
 
1. Хронологиялық жорық. Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихын баяндайтын әр топқа 10 сұрақтан беріледі. 
 
І-топ сұрақтары:
1. 552 жыл (Түрік қағанаты құрылды)
2. 751 жыл (Атлах шайқасы)
3. 1465-1466 жылдар (Қазақ хандығы құрылды)
4. 1511-1518 жылдар (Қасым хан ел биледі)
5. 1643 жыл (Орбұлақ шайқасы)
6. 1731 жыл (Кіші Жүз Ресей құрамына кірді)
7. 1822 жыл (Орта жүзде хандық билік жойылды)
8. 1837-1847 жылдар (Кенесары Қасымұлы көтерілісі)
9. 1854 жыл (Верный бекінісі салынды)
10. 1920 жылы (Қазақ АКСР-і құрылды)
 
ІІ-топ сұрақтары:
1. Б.з.б. 530 жыл (Кир мен Томиристің шайқасы)
2. Б.з.б. 55 жыл (Чжи-Чжи бастаған ғұндардың қазақ жеріне қоныс аударуы)
3. 542 жыл («Түрік» этнонимінің алғаш аталуы)
4. 704-756 жылдар (Түргеш қағанаты өмір сүрді)
5. 1206-1227 жылдар (Шыңғысханның ел билеуі)
6. 1348 жыл (Моғолстан мемлекетінде Тоғылық Темір хан болып сайланды)
7. 1680-1715 жылдар (Тәуке ханның ел билеуі)
8. 1726 (1728) жыл (Бұланты шайқасы «Қалмаққырылған»)
9. 1729 (1730) жыл (Аңырақай шайқасы)
10. 1836-1838 жылдар (Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі)
2. «Әріптер сөйлейді».
І-топ сұрақтары:
А – Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған (Абай)
Ә – Жоңғар тағының мұрагері (Әмірсана)
Б – Еділ мен Жайық аралығында құрылған хандық (Бөкей)
В – Рим Папасының мемлекеті (Ватикан)
Г – Тарихтың атасы (Геродот)
Ғ – 100 жыл – ол? (ғасыр)
Д – алаш қайраткерлері Халел, Жаһаншаның фамилиясы (Досмұхамедов)
Е – Қазақ ханы (Есім хан)
Ё – Қазақтың бұлбұл әншісі (Күләш Байсейітова)
Ж – Қазақтың тұңғыш ханы (Жәнібек)
З – Қазақстанның Шығысында орналасқан көл  (Зайсан)
И – Үнділердің діні (Индуизм)
Й – АҚШ мемлекетіндегі қала (Нью-Йорк)
К – Абылай ханның немересі (Кенесары)
Қ – Ерасыл қай батырдың шын есімі (Қабанбай)
Л – Мөде шаньюйдің мұрагері (Лаушан)
М – Ислам діни мектебі (медресе)
Н – Қазақстан Республикасы Туының авторы (Ш.Ниязбеков)
Ң – 
О - Қазақ АКСР-дің астанасы (Орынбор)
Ө – Қазақстанға көрші мемлекет (Өзбекстан)
П – Тасқа шекіліп салынған суреттер (Петроглифтер)
 
ІІ-топ сұрақтары
Р – Сталиндік қуғын-сүргін (Репрессия)
С – Алаш автономиясының орталығы болып белгіленген қала (Семей)
Т – Н.Назарбаев Еңбек жолын бастаған қала (Теміртау)
У – Округтан кейінгі басқару буыны (уезд)
Ұ
Ү – Атқарушы билік органы (Үкімет)
Ф – Ірі кәсіпорын (фабрика)
Х – Сақтар дайындаған сусын (хаома) 
Һ - Қасым хан шығарған Заңдар жинағы («Қасым ханның қасқа жолы»)
Ц – 1644 жылы Қытайды жаулап алған әулет  (Цинь)
Ч – Солтүстік Ғұн билеушісі (Чжи-Чжи)
Ш – Моңғол ханы (Шыңғысхан)
Щ – Қазақстандық жазушы Иван (Щеголихин)
Ъ – Астанамыздың символы (Бәйтерек)
Ы – Ағартушы педагог Алтынсариннің есімі (Ыбырай)
І – Қазақ тіліндегі септік түрі (Ілік)
Ь – Ежелгі тас дәуірі (Палеолит)
Э – Санкт- Петербургтегі көркемсурет мұражайы (Эрмитаж)
Ю – Германия буржуазиясы (юнкер)
Я – Грек мифологиясының кейіпкері (Ясон)
3. Портреттер сөйлейді.  Әр топқа белгілі тұлғалар суреті көрсетіледі, оқушылар дәл тауып, кім екенін, тарихтағы алатын орнын қысқаша баяндап беруі тиіс.
І топқа көрсетілетін суреттер:
1) Сырым Датұлы
2) Дина Нұрпейісова
3) Мұхтар Шаханов
ІІ топқа көрсетілетін суреттер:
1) Махамбет Өтемісұлы
2) Қаныш Сәтбаев
3) Д.А.Қонаев
4. Тарихи домино.  Сөйлем құрау керек
ІV. Сабақты бекіту. Қорытындылау. Оқушы білімін бағалау
Әділ-қазылар сөз алады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
ХІХ ғ. І жартысы ұлт- азаттық көтерілістер
Атажұрт интеллектуалдық – тарихи танымдық ойын
Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ жері
Қазақ хандығының 16-17ғ дамуы
Абылай – Тәуелсіздік үшін күрескен тұлға
Қазақ хандығынан Кеңестер билігіне дейінгі Қазақстан
Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейін даму
Қасым хан
Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2849 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык