Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біздің Отанымыз-Қазақстан


Біздің Отанымыз-Қазақстан

Біздің Отанымыз-Қазақстан

Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы, Әуезов кенті

«Бақыршық орта мектебі» КММ

тарих пәні мұғалімі Солумбаева  Асель

Сыныбы: 5 «а»

Тақырыбы: Біздің Отанымыз-Казақстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан табиғаты ерекше ,жан-жануарлар дүниесі мен қазба байлықтары мол бірден-бір ірі мемлекет екендігі жөнінде баяндау.

Дамытушылық: Қазақстан туралы білімдерін одан әрі кеңейту,танымдық ой өрісін жетілдіру.

Тәрбиелік:Туған Отанымыздың дүние жүзіндегі байлығы мол бай мемлекеттің бірі ретінде сипаттай отырып,оның болашақ иелері өздері екендігін әрбір оқушыға сініріп,Отанға деген сүйіспеншілікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,таратпа материалмен жұмыс,баяндау

Көрнекіліктер:

1.Казақстанның физикалық картасы(слайд)

2.Казақстанның «Қызыл кітапқа » енген жануарлар дүниесінің суреттері

3.Қазақстанның табиғаты сұлу жерлерінің суретері(слайд)

4.Таратпа материалдар (тест тапсырмалары,терминдер)

Сабақтын барысы:

Ұйымдастыру кезені:

Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау:

1.«Кім жүйрік» ойыны

Оқушылар берілген сұрақтарға тез жауап берулерілері керек

Сұрақтар:

1.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

2 Қазақстанның астанасы қай қала?

3.Казақстанды « Еуразия кіндігі»  деп неліктен атайды?

4.Елімізді жан –жағынан қоршап тұрған ірі тауларды атаныздар

5.Қазақстанның батысынан шығысына дейінгі ара қашықтығы не шақырым

6.Анырақай,Қалмаққырылған деген жер атаулары немен байланысты қойылған?

7.Тарихи тұлғалардын аттарымен қандай жерлер аталған?

2.  Термин сөздерге анықтама беріңіздер:

Топонимика-

Нумизматика-

Геральдика-

Антропология-

Ономастика-

Этнография-

Хижра-

3.Тест жұмысы:

1.Мемлекеттін аумағы мен астанасы көрсетілген карта қалай аталады?

А) тарихи    б) физикалық    с) саяси         д) географиялық

2. Тарихи оқиғаларды суреттейтін карталар қалай аталады?

А) тарихи     б ) физикалық    с ) саяси          д) географиялық

3.Қазақстан республикасы қанша облыстан тұрады?

А )  14                  б) 15        с)16            д)18

4.Қазақстан Республикасы Каспий теңізі арқылы қай мемлекеттермен шектеседі?

А) Ресей    б)Қырғызстан    с) Әзірбайжан    д)Түркменстан

5.Еліміздін жер көлемі қанша шаршы шақырым?

А) 30000    б)2млн 727,9 мың      с)4млн 500мың    д)1млн 200мың 

 

   Терминдер мен тест әр оқушыға карточка түрінде беріледі. Тапсырманы орындап болған оқушылар парақтарын жанында отырған балалармен ауыстырып ,тақтада берілген дұрыс жауапқа қарап бір-бірінің жұмыстарын тексереді.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тақтаға Қазақстан республикасының картасы беріледі

-Балалар ,сіздер Қазақстанның табиғаты қаншалықты бай және керемет екенін білесіндер ме?

  Қазақстандағы ең биік жер Оңтүстік – шығыс Қазақстанда орналасқан Хантәнірі шыңы,оның биіктігі 6995 метр,Қырғызстан ,Қытай мемлекеттері шекараларының түйіскен жерінде орналасқан.

 Қазақстанның оңтүстік-батыс және оңтүстік аудандарында кең-байтақ Тұран жазығымен шектеседі.Ал шығысында үлкен Алтай таулары жүйесі жатыр.Алтай тауларының ең биік шыңы  4506 метр.Батысында биіктігі 1658 метр Қалба жотасыорналасса.оңтүстігінде Тарбағатай таулары созылып жатыр(2992).Алтай тауларының үлкендігі соншалықты,оны 4 мемлекет өзара бөліскен:Қытай,Ресей,Қазақстан және Монғолия.Бірқызығы- Алтай тауларын 4 жығынан да қазақтар мекендейді.Жалпы Қазақстан аумағының 10 пайызын таулар алып жатыр.Ең бір табиғаты сұлу курорты Бурабай Көкшетауда орналасқан.Ең биік шыңы Көкше ңбиіктігі 947 метр(сладпен көрсетіледі)

     Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендербар Бірақ олардың 90 пайызы он шақырымнан аспайды.Олар кіші өзендер мен көктемде қар суымен көректенетін уақытша ағатын сулар.тек 228-і ғана ұзындығы жүз шақырымнан асатын өзендер.

Қазақстанда 48 мыңнан асатын көл бар.Ірілері Балқаш,Зайсан ,Алакөл,Теңіз.Марқа көл.

Қазақстанның табиғаты әр алуан жануарлар дүниесіне бай.Қазақстанда жануарлардың -155,құстардың 480,бауырмен жорғалаушылардың -49,қосмекенділердің-11,балықтардын 150 түрі бар.

  -Балалар ,біз енді елімізде қандай аңдар мен құстардын мекендейтінін білу үшін жұмбақтар шешіп көрейік.

1.Сылдырдан қорқады,шошып жортады(қоян)

2.Кездесіп көкті бір жануар ,үстінде екі тауы бар (түйе)

3.Алыстан қыландап

Құйрығы бұландап

Аңдардың барлығын

Бір өзі жүр алдап  (түлкі)

4.Жақпар тастын өркешіне

Секіреді құламай

Қия құздын өр төсіне

Орғып шығар ол оңай (арқар)

5.Бейбіт өмір нышаны

Самғап көкке ұшады. (көгершін)

6.Орманда жоғары ағашқа қонады

Тұмсығын балға етіп соғады  (тоқылдақ)

7.Шарлап келіп даланы

Үйіне үй салады  (қарлығаш)

8.Мүйізінен таралған,

Жанға шипа дәрі алған  (марал)

Ақбөкен ,марал,тауешкі,арқар,қабан,елік,қасқыр,түлкі,борсық,қоныр аю,тиіндер т.б. мекендейді.Олардын көпшілігінің саны азайғандықтан «Қызыл кітапқа»  енгізілген. (слад шоу)Қазақстан сандай-ақ кең байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан жер шарының бай мемлекеттерінің бірі.Хромит,мыс,қалайы,күміс,қалайы,фосфор кеңдерінің барланған қоры жөнінде алдыңғылардың қатарында.

Сабақты бекіту: «Футбол» ойынын ойнаймыз. Сынып екі командаға бөлінеді, командалар бүгінгі тақырып бойынша бір біріне ссұрқақтар қояды.Дұрыс жауап берілмесе қақпаға доп кірді деп есептеледі,Қай топ қақпаға көп доп енгізсе,сол жеңімпаз болып есептеледі.

 Қорытындылау:Балалар,сіздер бүгінгі Қазақстанның болашағысындар.Сендер жақсы білім алып , жақсы оқысандар,ата-бабамыздан қалған ұлан-байтақ жеріміздін иесі өздерін  боласындар.

Үйге тапсырма :10 тақырыпты оқу,сұрақтарға жауап беру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Туған жерім - Қазақстан
Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайы
Қазақстан –әлемдігі ірі мемлекеттердің бірі
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Бүгінгі Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Сауыр - Тарбағатай таулары
Алтай таулары
Алтай таулары
Табиғатты қорғайық.
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2497 | Қосты: Солумбаева Асель | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык