Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ


БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ

БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Болгария Республикасының географиялық орны, мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары, экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ:                       Болгария Республи¬касы
БОЛГАРИЯ (България), Болгария Республи¬касы - Балкан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет. 
Жер аумағы - 110 мың км2.
Халқы – 7,8 млн адам (2005-ж) 
Халқының орналасу тығыздығы 1км2-ге 70, 3 адамнан келеді.
Негізгі халқы болгарлар (85%), буған қоса түрік, сыған, ар¬мян, грек, т.б. ұлттар өкіл¬дері тұрады. 
Астанасы - Со¬фия қ. (1,5 млн.). 
Мемл. тілі - болгар тілі. 
Халқының көп¬шілігі православие дінін ұс¬танады, 13%-ы мұсылмандар (1995).
   Болгария - парламенттік республика. Мемлекет бас¬шысы - президент. 
Жоғар¬ғы заң шығару органы - бір палаталы Халық жиналысы. 
Атқарушы билікті Министр¬лер Кеңесінің төрағасы жүр¬гізеді. 
   Табиғаты. Жерінің солт-н Дунай жазығы, шығысын Добруд¬жа үстірті және оңт-н Ста¬ра-Планина тауы (Балкан) алып жатыр. Климаты көп жерінде қоңыржай конти¬ненттік, тек оңт-нде ғана ¬жерортатеңіздік. Жауын - ша-шынның жылдық мөлш.: жа¬зықта 450 - 600 мм, тауда 850 - 1300 мм. Болгария жерінде өзен көп. Басты өзендері: Дунай, Искыр, Марица, Струма,т.б. Көлдердің ба¬сым көпшілігі Рила, Пирин тауларында. Жерінің 30%-ы орманды. Қара теңіз жағалауында көптеген демалыс орындары орналасқан.
    Тарихы.  Болгария жерін адамдар палеолит дәуі¬рінде қоныстана бастаған. Б.з.б. 8 - 6 ғасырлардағы грек ті¬ліндегі деректерге қарағанда, бұл жерлерді фракийлер қоныстанған. 1 ғ-да фракий¬лерді Рим империясы бағын-дырып, мұнда Мезия мен Фракия провинцияларын құрады. 395 ж. Болгария жері Ви¬зантия империясының құра¬мына кірді. 7 ғ-дың 70-жыл¬дарында Аспарух (Исперих) хан бастаған бұлғарлар (түр¬кі тайпалары) Азов т. маңы мен Солт. Кавказ өңірінен көшіп келіп, 680 ж. Балкан таулары мен Дунайдың төм. ағысында славян-бұлғар тайпалары мемлекетінің негізін қалады. 9 ғ-да Сердиканы, Адрианопольді және т.б. аймақтарды қосып алу нәти¬жесінде бұл мемлекет шека¬расы кеңейді. Бірінші Бол¬гар патшалығы (1018 - 1186) Византияға бағынған. 1187 - 1396 жылдардағы Екінші Болгар патшалығы алғашқы¬да Батуға салық төлесе, 13 ғ-дың аяғы мен 14 ғ-дың басында Ноғай ордасына тә¬уелді болды. Бытыраңқылық¬тағы Болгария жерлерін 14 ғ-дың аяғында Осман сұлтандығы өзінде бағындырады. 15 ғ-¬дан бастап қалалар көркейіп, елдің әл-ауқаты артты, бол¬гар шонжарларының бір бөлігі ислам дінін қабылдады. Өндірістік қатынастар, сауда дамып, ірі жәрмеңкелерде тауар айналымы артты. Орыс¬-түрік соғыстары (18 - 19 ғ-¬лар) болгарларды тәуелсіздік үшін күреске жұмылдырды. "Ізгілікті жасақ" (1862), "Ор¬талық астыртын болгар коми¬теті" (1866), "Болғар қоға¬мы" (1868) секілді Бухаресте құрылған ұлттық ұйымдар Осман сұлтандығы шеңбе¬рінде Болгарияға автономия беруді талап етті. 1877 - 78 жыл¬дардағы орыс-түрік соғысы¬на болгар жасақтары Ресей жағында соғысады. Сан-Сте¬фан бітім шарты (1878) бойынша, Болгария дербес мемлекет құруға қол жеткізді. Бірақ, Берлин конгресінің шешімі¬мен (1878) солт. бөлігінде Түркияға тәуелді Болгария князьдігі (1879 жылдан аста¬насы София), оңт. бөлігінде Осман сұлтандығы құрамын¬да автономиялық Шығыс Румелия (басты қ-сы Плов-див) провинциясы құрыла¬ды. 1885 ж. 6 қыркүйекте болған көтеріліс нәтижесін¬де Шығыс Румелия Болгария князь¬дігіне қосылды да 1908 ж. 22 қыркүйекте Болгария өзін толық тәуелсіз ел деп жариялады. 1-¬Балкан соғысында (1912 ¬13) Болгария Түркияның біраз бөлігін өзіне қаратқанмен, 2¬-Балкан соғысында (1913) қай¬та айырылып қалды. Болгария l-дү¬ние жүз. соғыс кезінде Герма¬ния мен Австрия-Венгрия жағында болды. 
2-дүние жүз. соғыс қарсаңында Болгария бейтарап саясат ұстанғанмен, 1941 ж. наурызда Германия, Италия және Жапония арасындағы үштік одақ пактісіне қосыл¬ды. 1944 ж. 9 қыркүйекте Болгария жеріне Кеңес Армиясы кір¬ген соң, мемлекеттік монар¬хиялық құрылымы жойылды. 1946 ж. 15 қыркүйектен 1989 жылға дейін Болгария социалистік даму жолын тандаған елдер қатарында Варшава шарты¬на, экономикалық өзара кө¬мек кеңесіне мүше болды. 1989 жылдан елде саяси өз¬герістер, демократиялық жаң¬ғыру, экон. нарықтық қатынастарға көшу басталды. 1991 жылға дейін үкіметті басқа¬рып келген Болгария ком¬партиясы биліктен кетті. 1996 ж. қарашада Демократиялық күштер одағының өкілі П.Стоянов президент болып сайланды. Болгария БҰҰ-на, Еуро¬па Кеңесіне, т.б. халықар. ұйымдарға мүше. 1992 ж. Қазақстанмен дипломатия¬лық қарым-қатынас орнатты. Екі ел арасында сауда және достық туралы келісімдер жа¬салынды. 
   Экономикасы. Болгария 1947 жыл¬ға дейін аграрлы ел болатын. 1947 - 90 ж. индустриялды¬-аграрлы мемлекетке айналды. 1996 ж. жан басына шаққандағы орташа жылдық табыс 1160 АҚШ долларын құра¬ды. Экономикасының негізі машина жасау, тамақ өнер¬кәсібі, қара және түсті метал¬лургия, химия және мұнай¬-химия өнімдерін шығару, ағаш өңдеу салаларынан тұ¬рады. Ауыл шаруашылығында дәнді дақыл¬дар (бидай, жүгері), темекі, көкөніс, жеміс өсіріледі. Рай¬хан майын экспортқа шыға¬руда дүние жүзінде 1- ші орын алады. Экспортқа ма¬шина, пластмасса өнімдерін, темекі, шарап шығарылады. Қара теңіз жағалауында ту¬ризм дамыған. 1994 ж. елдің ішкі жиынтық өнімі 10 млрд. долларды құрады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИРАК
БРУНЕЙ
ВЬЕТНАМ
КАМБОДЖА
АВСТРИЯ
БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ
ИСЛАНДИЯ
АЛБАНИЯ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 2979 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык