Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ортағасырлық Қазақстан қалалары


Ортағасырлық Қазақстан қалалары

Ортағасырлық Қазақстан қалалары

Сабақтың мақсаты:
 А)білімділік:    
Орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси-әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.  
Б)дамытушылық: 
Салыстыра  отырып, қала мәдениеті туралы түсініктің қалыптасуы, көпшілік және отырықшылық арасындағы айырмашылықтарын таба білуге дағдыландыру
С)тәрбиелік:
          Мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.  
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Ой-толғау, деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап, тірек сызбалармен жұмыс, ғылыми зерттеу орталықтарымен жұмыс,  талдау.
Көрнекілігі:  Сызбалар, «Қала бөліктерінің қызметі»  кестесі, ҚР картасы, технологиялық карта
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2-3 мин.)
-оқушыларды түгендеу,
- сабаққа бағыттау,
              1. Сабақтың барысымен таныстыру.  
   Ендеше үй жұмысын бастамас бұрын тақтаға көз жіберейік.
Тақтада: Қазақстан -2030. « Елім дейтін ер болмаса, Жерім дейтін батыр қайдан тусын...» (Осы биіктікке қарай жылжып бара жатқан ұшақ, машина, ат, тасбақа)
• Балалар, осы «Қазақстан -2030» деген бағдарламаны еске түсіріп, Қазақстанның болашағын  көз-алдыларыңа елестетіп көріңдерші. Ол үшін бізге не қажет?
• Осы бағдарлама іске асқан жағдайда біз Азия барысына айналамыз дедік, Қазақстанның болашағы жарқын дейміз, ендеше білім беру жүйесінде білімнің деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру керек, ал ол үшін әркім өз әлінше үлес қосу керек. Бұған жетер жолда әркім әр түрлі деңгейде үлес қосады. Бүгінгі сабағамызда біз, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып, сабақтың мазмұнын ашамыз және сабақ соңында технологиялық картадағы әр оқушының ұпайын есептеу арқылы, әр оқушының  қандай ұтқырлықпен, қандай біліммен баратынындығын көретін боламыз. (оқушыларды ынталандыру үшін)
 
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей. Оқушылық деңгей. (үй тапсырмасын жинақтауға арналған тапсырмалар)
ІІ деңгей. Алгоритмдік деңгей.  (Жаңа тақырыпты ашуға арналған, түрлі тапсырмалар)
ІІІ деңгей. Эвристикалық деңгей. (ғылыми-зерттеу орталықтармен жұмыс)
ІҮ деңгей.  Шығармашылық деңгей. 
 
1.  Ой –ашар. 
• Шығыстың ортағасырлық қандай ойшыл ғалымдарын білесіңдер?
• Өткен сабақта осы ғалымдардың ішіндегі қай ғалыммен таныс болып едік?
(Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы)
2. І деңгей. Үй тапсырмасын бекітуге арналған  тапсырмалар. 
1.Әл-Фараби кім?
2. Әл-Фарабидің толық аты.
3. Әл-Фарабидің қандай еңбектері бар?
4. Әл-Фараби қандай тілдерді меңгерген?
5. Әл-Фараби ғылымның қай салаларына қандай жаңалық қосты?
6. Әл-Фараби өмірінің соңғы сәттерін қай аймақта өткізді?
7. Неліктен Әл-Фарабиді екінші ұстаз деп атаймыз?
8. Араб және түрік мәдениетінің тоғысуы дегенді қалай түсінесің?
9. Әл-Фарабидің қандай замандастарын білесің?
10. Кестені толтыр.
Өмір сүрген жылы Туған жері Еңбегінің аты Не туралы айтылған?
Жүсіп Баласағұн
 
11. Кестені толтыр.
Өмір сүрген жылы Туған жері Еңбегінің аты Не туралы айтылған?
Махмұт Қашқари
12. Кестені толтыр.
Өмір сүрген жылы Туған жері Еңбегінің аты Не туралы айтылған?
Ахмет Йасауи
13. Кестені толтыр.
Өмір сүрген жылы Туған жері Еңбегінің аты Не туралы айтылған?
Әбу  Райхан Бируни
 
3. Үй жұмысын қорытындалау.  (Ауызша нақты, жауап беру)
(Оқушылардың жауаптарын технологиялық картаға белгілеу)
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жаңа тақырыпты хабарлау, жоспарымен, мақсатымен таныстыру. (Тақырыпты, жоспарды дәптерлеріне жаздыру)
Жоспары:
1. Қалалардың пайда болуы
2. Қала бөліктері мен олардың қызметі
3. Қазақстан қалаларының орналасуы
2. Ауызша баяндау: Археологиялық зерттеулер ҮІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жақсы дамып,   өркендегенін көрсетеді Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу өңірлерінде қолөнер мен сауда және мәдениеттің шоғырланған орталықтары-қалалар қалыптасты. Бұл қалалар басында кіші елді мекен ретінде салынып, кейіннен ұлғайды. 
Қазақстан аумағында қалалар осыдан екі жарым мың жыл бұрын салынған екен.
Ортағасырлық қалалар негізінен үш бөліктен тұрған. Оларды цидатель (орда) шахристан, рабат деп атаған.
      Ортағасырлық Қазақстан қалалары халқының саны мен көлемі әр түрлі болды. Олар Қарашоқы, Қойлық, Екіоғыз, Сауран, Тараз, т.б Бұл қалалар хандар мен сұлтандардың меншігінде болып, оның өз билеушісі болған. Сондықтан олар қалада сауда орындары мен моншалар салуға мүдделі, себебі бұл олардың табыс көзі еді. Мысалы Отырарды көпшілікке арналған монша болған. Моншаның едені кірпіш тақталармен төселген, моншаны жылыту үшін еденнің астынан жылу өткізгіш каналдар жүйесі жүргізілген.
Иассы- қазіргі Түркістан қаласы. Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан.  Түркістан –«түріктер мекені» деген  мағынаны білдіреді. Мұнда Қожа Ахмет Иасауи кесенесі орналасқан.
Сығанақ- Сырдария өзенінің бойында орналасқан қала.
 
3. ІІ деңгейлі тапсырмалар. (Алгаритмдік деңгей). Өзіндік жұмыс
(барлық оқушыларға тапсырмалар таратылады)
 
№1 тапсырма.
Оқулықтың мәтінін, картаны  пайдаланып, ортағасырлық қалалардың аттарын жаз.
№ Қалалар Қай өңірлерде орналасқан
№2 тапсырма.
Кестені толтыр. Ортағасырлық қалаларың негізгі үш бөлігі.
Қала Орда (цидател) – патша сарайы мен әкімшілік басқару органдары орналасқан орталық бөлік
Шахристан – қызметкерлер, яғни кіші билеуші топ өкілдері, саудагерлер мекен ететін қаланың ішкі бөлігі.
Рабат – еңбекші халық мекен ететін қаланың сыртқы бөлігі
 
№3 тапсырма (Картамен жұмыс)
 
4. ІІІ деңгейлі тапсырмалар. «Эвристикалық». 
Ғылыми зерттеу орталығымен жұмыс.
1-тапсырма. Тарихшы ғалымға.
 Алғашқы қалалардың пайда болу тарихына тоқтал.
 
2-тапсырма. Демогроф ғалымға.
Орта ғасырлардағы қалаларда  халықтың қоныстануы қалай болған?   т.б 
5.    ІҮ деңгейлі тапсырмалар. «Эвристикалық»
(Шығармашылық тапсырмалар беру)
   
ІҮ.  Қорытындылау:
Қалалар санының өсуі сауда экономикалық байланыстардың артуына және жартылай көшпелі тайпалардың отырықшылаққа көшуінің басты себебі болды. Қала гүлденген мәдениеттің, мемлекеттің көрсеткіші.
Ү. Бағалау:    (технологиялық картадағы белгілер арқылы бағалау)
ҮІ.Үйге тапсырма:
• §25- параграфты оқып келу, 
• тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.
• Қосымша материалдармен жұмыс жүргізу
 
Технологиялық карта. 
Сабақтың тақырыбы_________________________________       Мерзімі ________       Сыныбы  ___
 
№ Аты -жөні І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей ІҮ деңгей Баға
1 Айдосов Елдар Бейбітұлы + + 3
2 Айтқазин Аслан Мартбекұлы + + + 5
3 Алмазов Дарын Абзалұлы + + + 5
4 Абдиева Ванесса Исатаевна + 3
5 Амантаев Аян Дулатұлы + + + + 5
6 Аббасова Меруерт Болатқызы + + + + 5
7 Бакиев Адильбек Амангельдинович + + + 5
8 Даулетбеков Ансаган Тилекович + + 4
9 Жумбаев Данияр Мадиярұлы + + + + 5
10 Жаманкешова Акбота Муратовна + 3
11 Жапсарбаев Мейржан Талғатұлы + + 4
12 Каликова Анеля Маратқызы + 3
13 Қылышбаев Бексұлтан Тайтолеуұлы + + + 5
14 Маданьят  Мерей Берекеұлы + + + + 5
15 Молдаш Мадина Әдуғалиқызы + 3
16 Мусабекова Арайлым Жаскайратовна + + 4
17 Меңдыбай Хайдар Қанатұлы + 3
18 Рахымжанова Әсем Өнержанқызы + + 4
19 Рысбеков Аслан Қуанышұлы + + + + 5
20 Сағындық Айгерім Аханқызы + + 4
21 Садыков Нұрбол Өмірәліұлы + + + 5
22 Татан Аяулым Құралқызы + + + 5
23 Төлегенов Аслан Мерекеұлы + + + 5
24 Тойғанбекова Айдана Асхатқызы + + + 5
25 Шалғынбай Мағжан Хамзеұлы + + + 5
26 Эргашева Аяулым Досымбековна + + + + 5
Ұпай сандары 5 10 15 20
Бағалау:     «3» 5 ұпай,  «4»-15 ұпай,  «5»- 30-50 ұпа

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Қазақстанның көне қалалары
Орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары, Отырар
Орта Азия қалалары
Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік тарихының зерттелуі
Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы
Ортағасырлық Қазақстан қалалары
Отырар-қаһарман қала
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4540 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык