Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тарих және кеңістік


Тарих және кеңістік

Сабақтың тақырыбы Тарих және кеңістік

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Ертеден дүниенің шексіздігі туралы ұғымның қалыптасқандығы және оны белгілеу үшін кеңістік ұғымының пайда болғаны, Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен қазақ халқының кеңістік туралы өзіндік өлшемі мен түсінігі болғандығы жайында білім беру.
• Дамытушылық: Кеңістік туралы алғашқы ғылыми түсініктері мен білімдерін қалыптастыру.
• Тәрбиелік: Ертеден қазақ арасына кең тараған және бізге жеткен дүниенің шексіздігі туралы аңыздар негізінде әлемнің, жаратылыстың ұлылығын ұғыну және соның негізінде Отанды сүюге, Жеріміздің бүтіндігі үшін күресуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдісі: баяндау
Пән аралық байланыс: география, бейнелеу.
Көрнекілік:
1. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы.
2. Плакатқа жазылған тірек кестелер.
3. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың кеңістік туралы түсініктерін бейнелейтін тасқа салған суреттері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын ауызша бірнеше баладан мына төмендегі сұрақтар бойынша сұрап шығамын.
1. Уақытты жылмен есептеген кімдер және олар неге арқа сүйеді?
2. Қазақтарда уақытты өлшеудің қандай түрлері болды?
3. Қиклдік есеп дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Бір түзулік уақыт өлшемі дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Кім қазақша жыл атауларын жатқа айтып береді?
6. Хижра сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Үйге берілген «Жұмыс дәптері» бойынша тапсырмаларды жаппай тексеріп шығып, 1-2 оқушыға дауыстатып оқытамын, қалған оқушылар «Жұмыс дәптерінде» орындап келген үй тапсырмасының қатесін тексеріп, түзетіп отырады.  Оқушыларға біз осы уақытты ұтымды пайдаланып жүрміз бе деген сұрақ қойып үй тапсырмасын қорытындылаймын.
Жаңа тақырыпты жоспары:
1. Кеңістік ұғымы.
2. Қазақстанның көршілес елдері.
3. Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары. 
Жаңа сабақ 5-сынып оқушыларының деңгейіне біршама қиындық туғызады. Бұл кеңістік туралы ұғымды  барынша жеңіл түсіндіруге тырысамын. Ең алдымен оқушылардың назарын терезеге қарап біз жердің, аспан әлемінің шегін көре алмаймыз. Сондықтан ерте кезден адамдар өздеріне мәлім емес кеңістікті мифтік өлшемдермен өлшеген. Мысалы, жеті қат жер, жеті қат көк немесе жер асты әлемі т.б. Кеңістік ғылымның түрлі салаларында қолданылады. Ол: саяси кеңістік, философиялық кеңістік, тарихи кеңістік, географиялық кеңістік т.б. Тарих ғылымы үшін кеңістік жиі қолданылатын ұғым. Мысалы, қандай да бір оқиға қай жерде болды, оның сипаты, ерекшелігі қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз. Бұл кеңістікті анықтау болып табылады. Жер кеңістігінде орналасқан Қазақстан өзінің жан-жағында шектескен кершілес елдері арқылы өзінің аумағын айқындайды.
Картадан Қазақстанмен шектескен көршілес мемлекеттерді көрсетеді.
Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдарын төмендегі сызбаларды пайдалану арқылы түсіндірген қолайлы болады.
Қола дәуірінде өмір сүрген арий, тур тайпаларының кеңістік туралы түсінігі.
сол АЛДЫҢҒЫ оң

ӘЛЕМ


АРТҚЫ


Сақтардың әлем туралы түсінігі.
ЖОҒАРҒЫ - АСПАН ӘЛЕМІ
ОРТАҢҒЫ - ЖЕР ӘЛЕМІ
ТӨМЕНГІ-ЖЕРАСТЫ - ӘЛЕМІ
Сабақтың жалғасын оқушыларға қызықтырақ болу үшін «Ер Төстік» ертегісінен үзінділер оқып беремін. Түріктердің Күнді неліктен ерекше құрметтегенін айта келіп, оның мысалы ретінде ежелгі дәуірде тас бетіне салынған күн суреті бейнеленген көрнекіліктерді оқушылардың назарына ұсынамын.  Одан әрі оқушыларға қызықты болуы үшін  ертедегі адамдардың жер, аспан құбылыстары туралы түрлі түсініктерін қазақ ертегілері мен аңыздарын пайдаланып әңгімелеп беремін.
Бекіту сұрақтары:
1. Кеңістік ұғымын қалай түсіндіңдер?
2. Ертедегі көшпелі тайпалардың кеңістік туралы қандай түсініктерімен таныс болдыңдар?
3. «Ер Төстік» ертегісінің мазмұнынан ертеде кеңістік туралы қандай түсінік болғандығын әңгімелеп беріңдер.
4. Ертедегі көшпелі тайпалардың Күнді ерекше құрмет тұтып, қастерлегенін неден көруге болады?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §7 оқу. «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындап келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Инерция. Кеңістік және уақыт
Тарих және кеңістік
Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде. Ертедегі темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Қазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуы
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Тарих әлемі
Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейін даму
Тарих және уақыт
Тарихи карталар
Қайталау
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3480 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык