Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК


ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК
Рахиш Қарылғаш
№3 Балалар және жасөспірімдер орталығының «Көркем әдебиет» үйірмесіне қатысатын Мамбет Смағұлов атындағы №34 орта мектебінің 10 сынып оқушысы. Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға ауылы

ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК

Адамзат тарихында ұмытылмайтын ауыр да қасіретті Ұлы Отан Соғысы ең сұрапыл, жойқын соғыс ретінде есімізде қалды. Әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де, ешқашанда ұмытпақ емес. 9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл - сан мыңдаған ұрпақ үшін, ұлты мен тілі бөлек, діні мен мәдениеті бөлек халықтар үшін ортақ мереке. Бұл мереке әлемді тыныштықта тербететін бейбітшілік пен қайырымдылықтың әрқашан жеңетінін дәлелдеді. Бұл мереке Отанын қорғаған қаһарман жауынгерлердің айбыны мен тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалды.
Біз соғысты көрген жоқпыз. Фашистердің жантүршігерлік қатыгездігін кинодан көрдік, қан майданның отқа оранған күндерін әдеби шығармалардан оқыдық. Менің үлкен атамның соғыс жайлы айтқан әңгімелері, майдангер достары туралы еске алған кездегі жасқа толы жанары есімнен кетпейді.
Александр Бектің халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының ерлігін баяндайтын «Арпалыс» романын оқып отырғанда мен фашистердің қатыгездігіне жаным түршікті. Бейбіт уақытта өмір сүрген жас жауынгерлердің қанды майдан ортасына түскен кездегі үрей мен намыс сезімдерінің арпалысына куә болдым. Бауыржандай батырдың өз батальонын бес рет жау қоршауынан алып шыққан сәттегі ерлігі мен ақылдылығына тәнті болдым.
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Тарихта Гитлер сияқты қатыгез, әлемді билеуге ұмтылған жауыздардың арқасында қаншама қарапайым адамдар көз жұмды?50 миллионнан астам өмірді жалмаған ІІ дүниежүзілік соғыс әр қазақ отбасы үшін орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қаншама елімізді көркейтер жас қыздар мен жігіттер кете барды.
Ұлы Отан соғысында жеңіс сағатын жақындатуға Қазақстанның қосқан үлесі телегей теңіз.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары қонақжай халқымыз миллиондаған босқындарды бауырына басты. Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты повесінен оқығанымыздай, Ахмет ақсақал соғыс ашып отырған немістің баласын бауырына басу арқылы кеңпейілділік танытты. Ахмет қария қазақ халқының жиынтық бейнесі іспеттес.
Ұлы Отан Соғысы жылдары жауға қарсы атылған әрбір он оқтың тоғызы қазақ жерінде жасалды. Өз бала-шағасының аузынан жырып майданға аттандырған азық-түлік, жылы киім де вагон-вагон болып соғыс даласына аттанып жатты. Ұлы Жеңіске ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс - он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Ұлы Отан Соғысында аталарымыз мен апаларымыз өшпес ерліктері арқасында Отанымызды жаудан қорғап қалды. Аталарымыздыңерліктері, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері - Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Қанішер фашисті талқандаған аталарымыздың ерлігі мен Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері тарихта мәңгілік қала бермек. Өз кеудесімен Отанын қорғап қалған қазақ даласынан шыққан Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сынды батырларымыздың есімі тарихымызда алтын әріптермен жазылуға міндетті.
Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,
Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Майдангерлер азайып барасыңдар.
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Уақыт көші алдыға жылжыған сайын Ұлы Отан Соғысының ардагерлерінің қатары сиреп барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ерлігімен келген Жеңіс күніне келесі жылы жетпіс жыл толғалы отыр. «Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Келешек ұрпақ Ұлы Жеңістің қалай келгенін, бейбіт өмірге қалай қол жеткізгенімізді білуі керек. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт өмірімізге мәңгі шуағын шашпақ. Жеңістің туы мәңгілік желбірей берсін.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Соғыс жайлы не білеміз? Шамалы..
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ер есімі- ел есінде
Ерлік ұрпаққа ұран
9 мамыр Жеңіс күні!
Ұлы Жеңіске қосылған үлес
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран
Отан үшін от кешкендер!
«Ұмытылмас ерлік» телекөпірі
Ұлы жеңіс тарихы
Бөлім: Статьи / Оқушыларға | Көрсетілім: 11827 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз