Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ұлт ұстазы» деуге де лайықты жан...


«Ұлт ұстазы» деуге де лайықты жан...
Өзгерген ұстаздың жан сыры
«Ұлт ұстазы» деуге де лайықты жан...
Мен 2014 жылы Алматы қаласына ҚР жалпы білім беретін мектептердегі педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру курсы ІІ деңгей 5-топ тыңдаушысы ретінде курстан өттім.
Курстан өткенге дейін өзімді (І санаттымын,22 еңбек өтілім бар дегендей) шығармашыл ұстаздар қатарына жатқызатынмын. «Үш ай бойы не үйрете қояр дейсің» - деген ойдың болғанын да жасырмаймын.Мен әлі күнге дейін осы курсқа,әрі Жаксылыкова Кенжегүл Зарылхановна апайымызға тап келгеніме шүкіршілік етемін.
Өмірдің өзі тұнып тұрған үйрену, алға ұмтылу,бір нәрсеге қол жеткізу емес пе?
Шыр етіп жерге түскеннен сәттен бастап көзін ашқалы адам баласы тек қадамдап бір нәрсені үйренумен ғана өсіп- жетіледі емес пе!? Алдымен анасын таниды, одан соң әкесін, бауырларын т.с.с. дегендей. Келесі кезеңде тамақтану алғы шарттарын, одан соң қимылдау әрекеттерін, еңбектеу, жүру, сөйлеу т.б. сәби бір күнде игеретін дағдылар емес.
Сәл ғана ойға шомалық, тек адам баласы ғана емес, жаратылыстың басқа да тіршілік иелері құрт-құмырсқадан бастап, пілге дейін өз балаларына өмір сүру қағидатын- өмір заңын үйретпей ме?!
Адам болмысын ашу, санасын зерделеу, жетілдіру - ешқашан өз мәнін жоймайтын табиғат заңы- өмір заңы.
Бір үдерісті жақтаушы тараптар болса, міндетті түрде даттаушы тараптардың да табылатыны анық. Курс кезінде қалыптасқан өмірлік тәжірибемдегі көп жаңсақ түсініктер мен пайымдауларымнан арылып, соншалық тамаша зерттеулер мен ой-тұжырымдар тереңіне сүңгігендей, ұстаздық еңбегімде басқаша,өзгеше бір арна тапқандай болдым. Сан алуан шетелдік ғалымдар еңбегін екшеп,зерделедік.Білгеніміз- бір тоғыз,білмегенім -тоқсан тоғыз екенін түсіндім. «Михай Чиксентмихайи-әлем таныған тұлға» деген тақырыпта жазылған мақаламды «Келешекке кемел біліммен» әдістемелік жинағына жариялап,ғалым шығармашылығын қазақшаға ауда -рып барынша ізденіп,тыңғылықты жұмыстар атқардық.
Тренеріміз басында бізге қаталдау, мінезі ауыр адам сипатында көрінді. Сәл нәрсеге бізді қуырып,астан-кестенімізді шығаратын. Әр кез біздің алдымызда тұрған асқаралы асу барын, елге абыроймен оралу сәтін есімізге салып отыратын.Ол кісінің өзіне ғана үйлесетін арындаған асау мінезі бар болатын, «Жақсының ашуы жібек көйлек кепкенше» дегендей,бұлт артынан жадырап күн шыққандай,жаймашуақ бар ренішті шайып жіберетіндейі ойнақылығы , әзілқойлығы тағы бар тамаша жан еді.
5-топта әр қиырдан жиналған әрі түрлі пәннен сабақ беретін 25 ұстаз болды.Әр күнгі сабағымызда бір белестен асқандай боп, келесі күнде апайдың қабағына жаутаңдай қарап жүргенде ,уақыт шіркін зу-у ете түсті. (Бізден әр күн сайын тест алатын әрі оның 10 ұпайын, -Ертең қобалжисыңдар да шатасасыңдар-деп, шегеріп тастайтын, кем алсақ ренжіп қалатын.Шыны керек, бұған ренжитіндер де көп болды)
Маусым айының алғашқы жұлдызы біз үшін сынақ күні болатын.Сондағы апаймыздың біз үшін жанұшырып, балапанын қорғағандай, әрқайсысымызға үміт шуағын себелеп, айтқан әр сөзі әлі күнге құлағымда. Ол кісі үнемі «Бір кісі алға кетіп 100 қадам жасағанша, жүз кісі бірмезетте бірдей 1 қадам жасасын» -деп,жігерімізді жанып, құлағымызға құйып отыратын. Осындай қадағалаудың арқасында, топтың алды болып өзім- 44 ұпай жинап, 25 ұстаз- дың бәрі де тестілеуден құламай, аман- есен өттік. Өмірде бір-бірімізді бұрыннан танитындай, санаулы күнде соншалықты бауыр басып қалғанымызды түсініп, қимай көз жасымызды «нөсерлетіп» қоштастық.
Мен өзіме қадала, сынай,бағдарлай қараған Кенжегүл апай бейнесін ұмыта алмайтын шығармын.Мен үшін алаңдайтын абзал досым - Динашым және бізді аяғынан тік тұрып құрметтеген оның жанұясы: жары Қанат,қызы Арай мен қос ұлын да туғандарымды аңсағандай сағынамын.
Алайда уақыт өте келе Кенжегүл апайымыздың қаттылығының қаттыгездік емес екендігін,тіпті,керісінше жаны жайсан,қолы ашық кеңпейіл,адамдарда кездесе бермейтін қарапайым да,ешкімді алаламайтын, білімдар әрі турашыл адам екендігіне көз жеткіздім. Осыншалық жанашырлықты өмірде анамнан басқа ешкімнен сезініп көрмегенімді қалай жасырайын. Алматылық Дина Елдесбаева, Кульмира, Ғалия,Жанар, Ақмарал, Омарова Гүлнұр сынды апайымдай адал да, жанашыр нағыз достар таптым.
Мен өзгердім,өйткені курсқа келместен бұрын мені үнемі ХХІ ғасыр техниканың қарыштап өскен заманында оқушылардың сөзге шорқақ, өз ойын бейнелі сөздерді қолданып айта алмауы қынжылтатын. Мені үнемі..
[- Неге оқушылар дәрменсіз, жалтақ?
- Олар неге көркем әдебиетті оқымайды?
- Олар сөз құдіретін сезінетіндей шабыттарын неге көрсетпейді?
- Неге бірін–бірі қайталай береді?
- Қалайша өзіндік ой–тұжырым жасай алмайды?
- Олардың зейінін қалай білімге аудара аламын?
- Әлде, ұстаздар қауымы балаларды тым шектеп, балаларға үстірт қараймыз ба?
- Оқушы әлеуетін қалай көтеруге болады?] т.с.с сауалдар жиі мазалайтын. Осы тақылеттес сауалыма жауаптың бәрін мен бірінші Бетпе-бет кезеңінде орындалған іс- әрекет, топтық жұмыстар барысында біздің бірсарынды дәстүрлі оқытуымыздың кемшіліктерін анық сезіндім.Қазір әр оқушым - өз алдына бір дүние.
Мен бақыттымын,өйткені осындай кемеңгер тренеріміздің алдынан өттім, мен бақыттымын,өйткені мен адал достар таптым,бәрінен де бақыттымын апайымның сенімін ақтадым, мен бақыттымын - деңгейлік оқудың мән- мазмұнын ұғындым.Менің жаман болуға еш құқым жоқ (бұрыннан жамандығым жоқ болса да), өйткені мен тренерімнен көрегендікті, болашақты болжауды, шындықты ажырата алуды үйрендім.
Абай атамыздың қарасөзіндегідей, қазір «батысым-шығыс,шығысым-батысқа» айналып кеткендей күй кешіп жүрмін...
Иә , елімді аңсап , аулыма қанаттанып оралдым. Бар өзгерістерімді сарқып беруге , өзгелерге үйретуге құмарттым. Сөйтсем, апырай бұрын қалай байқамағанмын, көрсоқыр болыппын–ау, жанымдағылардың бәрі «адал дос» емес, «амал дос» боп жүргенін. Кейбірінің алдындағы шәкірттеріне шынайы оқушы тұрпатында емес, «бұл-кімнің баласы» тұрғысындағы көзқарас шеңберінде қарайтындарын көріп, қатты қынжылдым. Көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен оларға келелі ой салып, алға сүйрейін десем,кекесінмен қарап,мінеп,мысқылдап, адамсынған ұстаздарды көргенде, тағы да Абай атамыз айтқандай : «Адам бір боқ көтерген боқтың қабы..» демеске лажым қалмады. -Мен өзгердім,сен де өзгерші..- дейін десем, сенбей қарап, мені жарбаңдап жүргендей қабылдайтынындарын да байқадым.
Үстіндегі киімін сәндеп,маңғазданып,әдейі мені елемей,байқамайтындай кейіп танытып, сырты бүтін болғанмен ,іші түтін ұстаздардың шынайы бет- бейнесін көріп,жаратқанға «көзімді ертерек ашып, олардан аулақ болуға жол көрсеткеніне мың да бір шүкір» -деп ,дұға етемін.Мәңгілік өмір сүретіндей қысқа ғұмырда қашанға дейін жасырынбақ ойнап жүрмекші екен, «білгендеріңізді істеп қалыңыз, бұл дәурен сізден де өтер,бізден де өтер» -дегім келді. Сәтін салып,бұлар да Жаксылыкова Кенжегүл Зарылхановна апайымызға тап келсе екен,екі-ақ күнде кісімсінгендерді тәубәсіне түсіретін. Апайымыздың АКТ сауаттылығы зор,көптеген ғылыми еңбектер мен кітаптардың авторы бола тұра сондай қарапайым да, көзінен шапағат нұры төгіліп тұратын жаны ізгі адам-ғой ,шіркін!
Сол апайдың қолына су құюға жарамайтындардың тарпаңына менің күлкім келеді.Қайтерсің,бірі артық,бірі кем жалған дүниеде осындай кереғар адамдар болғаны қызық та шығар?!
14 жыл бойы істеген әріптестерімнен зерігіп,екі ай ғана бірге болған әріптестеріме неге көңілім ауа береді. Мен сіздерді ет жүрегім езіле , шынайы бір жақын, асыл адамын іздегендей қатты сағындым , Кенжегүл Зарылхановна, аяулы достарым! Кенжегүл Зарылхановна - «Ұлт ұстазы» деуге де лайықты жан десем, асыра айтқандық болмас.Еңбегіңіз еселеніп қайтып, алдыңыздан өткен әр ұстазға білім нәрін,өмір мәнін ұғындыра беріңіз аяулы ұстаз...
Кабыкешова Шынар Қабдығалиқызы
БҚО Зеленов ауданы
Рубежин ЖОББМ- балабақшасы
Қазақ тілі пәні мұғалімі
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өмір қымбат адамға
Мен және менің мамандығым
Алғашқы ұстазым
Еске алам, сағынышпен
Анамдай болған асыл жан.
Еске алам, сағынышпен
Ұстаз- мектептің жүрегі
Ұстаз-мектептің жүрегі
Ұстаздың ұлы келбеті
Ұстаз-ұлы тұлға
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 2940 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз