Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ТУБЕРКУЛЕЗ-ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ


ТУБЕРКУЛЕЗ-ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ
ТУБЕРКУЛЕЗ

Бұл aғзағa туберкулез бактериялары түсіп дамитын жұқпалы ауру. Ең алдымен өкпе залалданады, кейде ми мен оның қабықшалары, омыртқа, бүйрек, лимфа туйіндері, буын, жыныс мүшелері және басқалары залалды жұқтыру негізі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады.

ТУБЕРКУЛЕЗ НЕЛІКТЕН КАУІПТІ АУРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Жылсайын 8,8 миллион адам туберкулезбен аурады . Ем қабылдамайтын әp6ip наукас 10 адамнан 15 адамға дейін ауруын жұктырады. Туберкулезге шалдыққандардың 75% 20 - 40 жастағы адамдарды кұрайды . Жыл сайын 2 миллион адам қайтыс болады
Туберкулезді дуниежүзінде әр секундта 1 адам жұктырады . Жұқтырғандардың тек 5 -10%-ында ғaнa ауру дамуы мумкін

ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРУ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ

Егер ауру адам жөтеліп түшкірсе, туберкулез қоздырушысы ayaғa түседі. Залалданған ауамен айналадағы адамдар демалатын болса, бактериялар тыныс алу жолдарымен өкпеге түседі. Туберкулезді осылайша жүқтыруға болады.

ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯЛАРЫ ҰЗАҚ САКТАЛАДЫ

Қалыпты жағдайда күннің көзінің болмауы - бірнеше ай; - жарық тapaлғaн болса - 1-1,5 ай; - көше шаңында - 10 күн; - кiтan беттерінде - 3 ай; - суда - 5 ай; - сүт тағамдарында - 8 ай.

ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯЛАРЫ ӨЛЕТІН ЖАҒДАЙ

Күн сәулесіне шалдығу - 1,5 сағат; - ультракүлгін сәулесінің әcepi - 2-3 мин.;
- сүтті қайнатқанда; - күнсайын бөлмені желдеткенде; - ылғалды шүберекпен бөлмені сүрткенде.

АДАМ АҒЗАСЫНА ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯСЫНЫҢ ТҮСУ БАРЫСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МӘНДІ БОЛАТЫНЫ

Жұқпаның көптігі, мөлшері, адам ағзасына туберкулез бактериялары түcyiнің ұзақтығы. Иммунитет туберкулез бактерияларынан қорғануға қaншaлықты дaйын.

ӘРІ ҚАРАЙ НЕ БОЛАДЫ?

Туберкулез бактериялары кез келген мүшеде көбейеді, 6ipaқ. өкпенің жоғарғы бөлігінде жиі кездеседі. 2 - 10 аптада ағзаның иммундық жуйесі көбеюмен микробактериялардын әpi қарай таралуын тоқтатады.

АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

- Жүргізілетін фактор-иммунитеттің әлсізденуі. Жеткіліксіз тамақтану;
- Қосымша ауыр түрдегі ауру (АҚТҚ, қант диабеті, ойық жара ауруы және т.б.);
- Қатты тоңазу; - Зиянды әдеттер; Созылмалы күйзелу жағдайлар.

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР МЕН БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАР ТУРАЛЫ

Кез келген зиянды әдеттер-темекі шегу, ішімдік iшy, наша шегу, дені cay aғзaғa да әcepi нашар. Туберкулезге шалдыққандар аурудан айығып кетуі қиындыққа түседі.

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ДАМУ БАРЫСЫНДА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БЕЛГІЛЕРПАЙДА БОЛУЫ MYMKIH

Екі аптадан артық уақытқа созылған жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтepiлуi, тершендік, тәбеттің нашарлауы, жүдеу, шаршағыштық, кеуде тұсының ауыруы. Қан аралас қақырықтын түсуі, Ағзаның жаксы қорғану күші барысында туберкулез бактериялары салауатты ұлпалардан жекеленеді, айнала тығыз қабықша дамып, аурудың дамуы токтатылады.

АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІН БАЙҚАҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
1. Тексерілу үшін тұғылықты және оқу орны бойынша медицина мекемесіне бару.
2. Бұл қалалық емханалар

ТУБЕРКУЛЕЗ-ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ

Туберкулез қалай жұғады?
Туберкулездің негізгі жұғатын көзі туберкулез микробтарын тарататын науқас адам. Науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде, ән айтқанда түкірікпен, қақырықпен әлденеше миллиард туберкулез микробтарын бөліп шығарады және олар 1,5 метрден 5 метрге дейін шашырайды, ең қауптісі ол ауада таралып, бір сағаттан көп уақыт сақталады. Науқас адамның жерге немесе еденге түкірген қақырығы бірте-бірте кебеді де, ақырында шаңға араласады, шаң ауаға көтеріледі, дем алған кезде сау адамның өкпесіне енеді. Одан басқа аурудың ыдыс-аяғы, киім-кешегінен, кір қолынан және сүйіскен кезде жұғады. Сол сияқты туберкулезбен ауыратын үй жануарлары да: сиыр, түйе, доңыз туберкулез ауруын таратады. Туберкулезбен ауыратын малдың сүтін шикілей ішкенде немесе тауықтың жұмыртқасын пісірмей жегенде жұғады.
Туберкулез қандай ауру?
Туберкулез жұқпалы ауру. Ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана Манту реакциясын қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық байқаудан өткенде табылады.
Туберкулездің белгілері:
-әлсіздік, тез шаршау;
-асқа зауқы соқпау, жүдеу;
-3 аптадан аса жөтеліп жүру;
-түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу;
-дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі;
-түстен кейінгі мезгілде бейжай болуы.
Осындай белгілер білінсе міндетті түрде терапевт-дәрігерге көрініп қақырықты үш күн қатарынан үш рет “Кох таяқшасына” тексеру керек. Қақырықты жинау әр уақытта медицина қызметкерінің бақылауы арқылы терең тыныс жолдарынан алынғаны дұрыс. Егер тексерілген қақырықта туберкулез микробоактериясы табылмаса, онда ол науқас рентген арқылы тексерілуі тиіс. Әр нәрсенің алдын алған жөн, себебі туберкулездің жеңіл түрі болса, ол тез емделіп, тез жазылады. Қандай жағдайда болмасын, туберкулезге шалдыққан адам тез арада емделуі қажет. Қазіргі жағдайда туберкулезбен ауырған жанды емдеп жазуға болады.
Науқас адам туберкулезін жұқтырмау үшін не істеу керек?
Туберкулезді жұқтырмай жүру мүмкін емес! Алдын-ала тексерілу мүмкін нәрсе!
Науқас жөтелгенде, түшкіргенде жақын отырған адамдардан бетін бұрып, аузы мен мұрнын орамалмен жауып, қолын жиі-жиі жуып, орамалды күніне бірнеше рет алмастыруға тиіс. Өйткені оған туберкулез микробтары өте көп жиналады. Әсіресе балаларды сақтандырудың барлық шараларын мұқият қараған абзал. Оларды қолына алып сүюіне, бір ыдысты ортақ пайдалануына, бір бөлмеде ұйықтауына, бәрінен бұрын төсекте бірге жатуына болмайды. Науқас адамның меншікті ыдыстары, заттары, төсек орны болуы тиіс, олар жанұяның басқа мүшелерінен оқшау сақталады. Кірлеген төсекті жинау үшін бөлек жәшік немесе қап арналады. Науқасқа күн жақ беттен жеке бөлме берген дұрыс. Оған мүмкіндік болмаса, пайдаланатын орнын белгілеп, шымылдықпен бөлу керек. Науқас адамның төсегі үй қабырғасынан 0,5 метр, ал жанұя мүшелерінен кемінде 1,5 метр қашық салынғаны жөн. Кілем, киіздерді алып тастап, оңай жуылатын, ауру жұқтыруға әсер етпейтін заттарды ғана қалдырады. Кірлегенде бөлек жуады.
Науқас бөлмесінің еденін, қабырғаларды, ыдыс-аяқтарын жууға жеке-жеке шүберек, шелек бөлінуі тиіс. Науқас қақырықты қалта түкіргішіне түкіруі тиіс, ол екеу болғаны жөн, біреуін науқас пайдаланған кезде, екіншісі залалсыздандырылады.
Туберкулезді анықтау әдістері
Туберкулездің алдын алу үшін профилактикалық шаралар жүргізу, барынша туберкулезді ерте табу (енді басталғанда), жеңіл түр болса тез емделеді. Ол үшін:
1) Манту сынамасы қойылады. Бұл әдіспен туберкулездің жұққанын анықтаймыз, балалар үшін манту сынамасын қойғызу (алу) керек
2) Жасөспірімдермен ересектер жылына бір рет флюроографиялық тексеруден өтулері қажет, бұл әдіспен өкпенің ауруларын анықтаймыз, олар: туберкулез, пневмония, рак, т.с.с.
3) Бакскопия-қақырықты микроскоп арқылы тексеру, әртүрлі уақытта үш реттен Кох таяқшасына тексеру, егер де туберкулез құртын тапқан жағдайда, бірден туберкулездің ашық түрі деген диагноз сол сәтте (микроскоппен) қойылады.
4) Қаланың барлық емханаларында Манту сынамасымен, флюроография, бакскопия әдістерімен туберкулез науқастарын тауп, тубдиспансерге емге жіберуде.
5) Науқастар тубдиспансерде емделіп айығып кетуде.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден
Оба – қатерлі ауру және оның таралу аймақтары
Болезни органов дыхания
Туберкулез- қатерлі дерт
Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы
Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден
СПИД - ғасыр дерті
Денсаулығыңды жасыңнан сақта
Топ жарған интеллектуалдық сайысы
ХХІ ғасырдың денсаулық майталманы
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 3262 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз