Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас


Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
А.Ермеков атындағы жалпы орта білім беру мектебі
Ғылыми жұмыс авторы: Мустаяпова Сания Жаныбекқызы
Ата - ана мен жеткіншек арасындағы қарым – қатынас.

«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықтарды меңгере бастайды. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғұрлым жақсы тұрады. Жалпы адамзат баласын толық қанды адам ететін қоршаған орта және тәлім тәрбие десек жеткіншектердің тұлғалық коммуникативтілік қабілеттерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым - қатынас, отбасының психологиялық ахуалы мен тәрбиелеу стилінің маңызы зор екені даусыз.
Жеткіншек кезеңде ер балаларда да, қыз балаларда да, бір проблемамен кездеседі: ол ата-анамен, құрдастарымен, мұғалімдермен өзара қатынасы, сонымен қатар, алғашқы махаббат, мамандық таңдау т.б.
Жеткіншектерде кездесетін негізгі проблема- бұл «ата-аналармен» өзара қатынасы болып келеді. Жеткіншек жаста бала «балалық шақта» (детской) арылады, яғни олар өзара сенімді, сыйлауды және өзіне ата-анамен тепе-тең қарым – қатынасқа түсуді қажет етеді.
Жеткіншектік жас- отбас мүшелерін әлеуметтік, тұлғалық жағынан тексеретін уақыт болып келеді. Бұл жас дағдарыс және конфликтті болып өтеді. Осылай жеткіншек балалар өз ата-аналарынан бөлінеді, тіпті оларға қарсы да тұрады. Бала осы жаста дөрекі, қатыгез, өз ата-аналарын және басқа да үлкендерді сынайтын да болып кетеді.
Жеткіншек балаларды, ата-аналары кей кездері түсінбей де қалады, өйткені ата-аналар бұл балағанеге тиым салып, неге рұқсат ету керек екенін білмей қалады. Мұның бәрі оңай жағдай тудырмайды.
Осындай жағдайлардан кейін отбасы түрлерін бес топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Ата-аналар мен балалар арасында өте жылы, достық қатынас бар отбасы. Бұл атмосфера барлық отбасы мүшелері үшін жағымды, өйткені бұл отбасының ата-аналары балаларын түсінеді, қолдайды, сенедіБұл отбасындағы жеткіншектер белсенді, тәуелсіз, достық қатынаста болады.
2. Тілектестік отбасы. Бұл отбасы ата - аналары өз балаларының дамып жатқанын бақылайды, олардың өмірлеріне қызығушы аналары өз балаларының дамып жатқанын бақылайды, олардың өмірлеріне қызығушылық танытады. Бұл отбасында да конфликттер болып тұрады, бірақ бұлар ашық түрде өтіп, тез шешіледі. Бұл отбасындағы жеткіншектер ата-аналарынан ештеңені жасырмайды, оларға сенеді. Мұндай отбасында үлкендер мен кіші арасында белгілі арақашықтық сақталады.
3. Көптеген отбасында ата-аналар балаларының оқуына, күнделікті өміріне көбірек зейін аударады. Тек осылармен ғана шектеледі. Мұндай отбасындағы балаларға өмірде керекті барлық заттары бар: киім, аудио-видео, құрал жабдықтар т.б. Және өздерінің бөлек бөлмелері, қымбат жиһаздары бар. Бұл отбасындағы бөлмеде кір жатпау керек. Мұндай отбасы ата-аналарының ұрандары мынадай: «басқалардан кем емеспіз». Мұнда анық ата-аналар мен жеткіншек арасында конфликт көрінеді. Мұндай отбасында балаларды материалдық қамту жеткіліксіз, оларды қанағаттандырмайды. Балаларға ең керегі өздеріне деген «үлкен зейін» аудару болып келеді.
4. Балаларының соңынан аңдитын, оған сенбейтін, балаларына қол көтеретін отбасыларда бар. Мұндай отбасыларында өсіп келе жатқан жеткіншек пен ата-ана арасында конфликт болады. Кейде ол жасырын түрде де болып өтеді. Мұндай отбасындағы жеткіншектер ата-анасына деген өшпенділікті, үлкен адамдарға деген сенімділікті жоғалтады, сонымен қатар өз құрдастарына, қоршаған ортаға сенімсіз болады.
5. Бұл отбасындағы атмосфера өте тығыз (критический). Үйде қысым өте көп, әлеуметтікке қарсы, мұндай отбасы ата-аналарының бірі ішкіш болып кетеді. Мұндай отбасының күйі, көбінесе жеткіншектердің қылмыс жасауына себеп болады.
Сонымен жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, көбінесе жеткіншектердің жүріс-тұрыстары отбасындағы атмосфераға байланысты екен. Егер жеткіншек ата-ананың өзіне деген махаббатын сезінсе, оған деген зейін аударуды да сезінсе, онда бұл жеткіншектік кезең оңай өтпек. Егер жеткіншек үйде ешкімге керек емес сезімін, зейіннің жетіспеушілігін сезінсе, онда бала, өзімшіл, дұшпаншыл, балаларға деген агрессияны сезініп өседі екен.
Жеткіншек жастағы балалар мен олардың ата - анасының арасындағы конфликт қиындықтың болуы, яғни жеткіншектер өз бетімен әрекет еткісі келеді, ал ата-аналар бұрынғы кішкентай кездегідей біздің айтқанымызды бұлжытпай орындаса екен дейді. Міне осыдан барып қиын конфликттер пайда болады.
Жеткіншектер үшін болған проблемалар, олардың ата-аналары үшін түк емес, өйткені олар бұл проблемаларды кезінде бастан кешіріп, тіпті ұмытып та кеткен болатын. Жеткіншектер үшін жастық шақ, проблемасыз сияқты, яғни «идеалды уақыт» сияқты, бәрі оңай секілді болады. Ал, ата-аналар үшін маңыздысы, яғни балаларына алдын-алу, ескерулерін айтқысы келеді, ал балалар үшін бұл маңызды емес болады. Жеткіншектер мұндай 35-45 жастық жауапкершіліктен, тәжірибеден, үміттен әлі алыста еді.
Үлкендер мен жеткіншектер арасында, кіммен дос болу керек екендігін, қандай мамандықты таңдау керек екендігін, заманға сай әндер, кино, сән үлгілеріне келгенде пікірлері сай келмейді. Балалар өздерін шамданып ұстайды. Ата-аналарының заманға сай емес талғамдары, жеткіншектерді тітіркендіреді.
Нәтижесінде қатынас пен сыйластық жоғалады. Бәріне бұл жағдай жағымсыз тиеді. Кім болса да, бірінші болып қадам жасау керек. Көптеген жағдайда ата-аналар қарым-қатынасты жақсарту үшін бірінші болып қадам жасайды. Өйткені олар данышпан, сонымен қатар қарым-қатынаста да тәжірибелі болып келеді. Және де проблемаларын шешуге өзіндік сананың көмектесетінін ұғынуы олып келеді.
Көбінесе жеткіншек жастағы ер бала үшін де, қыз бала үшінде өз проблемаларын үлкендердің көмегімен шешкенді ұнатады. Ата-аналардың алдында өзінің әлсіз, қорғаусыз екенін жасырмайды, егерде отбасында эмоционалды қысым жоқ болса. Егер де қысым бар болса, онда конфликтіден бас тарта алмай қалады.
Барлық нәрсе бірге болу керек: қуаныш, күлкі, қайғы. Үміт күту, арманымыз қобалжуларымызды бірге бастан кешірсек, онда отбасын оданда жақсы тығыз қарым-қатынас болады. Жеткіншек отбасында шешім қабылданатын барлық кеңестерге тең құқылы қатысуы керек. Сонымен қатар, оның яғни, баланың да жүріс-тұрысы талқыланады.
Ата-аналар шешім қабылдағанда тек өзінің көз-қарастарын ғана ескермеу керек, яғни балалары үшін тиімді жағын қарастыру керек.
Ата - ананың міндеті - ескі өмірлік таптауырындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптауырындар жасау. «Жекеше» қаралатын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең маңыздысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының әсерін бәрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың әлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едәуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тәрбиеден басқа балаға отбасы ішілік атмосфера да әсер етеді. Бұл әсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі.
Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасуына маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудыратын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесіндежеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік дастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталады, ол өз кезегінде рсы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті. Мәдениеттің нақты әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буынында оқумен сәйкес келеді.
Жеткіншек үлкендерден өзінің есейгенімен, өзбеттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде немесе өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен, орындағысы келеді. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенімбілдіргісі келмегеннен емес, оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр», -дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік болып, бала ызаланып, ерегісуге, не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады.
Жеткіншектің үлкендерді түсінбеуі, кейін оны жан-жалға, не сергелдеңге апарып соғады. Мұндай оқиғалар, әсіресе қалалық жерлердегі отбасыларда жиі кездеседі. Көпшілік жұрттың мақсаты үлкендердің абыройын төкпей, тіпті осылардың өзі жауапты болғанда да, қайткенде де арашалау болып табылады.
Жалпы алғанда жеткіншектің үлкендерге қоятын талабын түгел қате деуге болмайды: біріншіден, үлкендер өзінің өмірбаянын мысал ретінде келтіріп, «біз жас кезімізде мынадай болып едік» деп, өзі сол кезде қандай болса, баласы да сондай болуы тиіс десе, қателескен болар еді. Себебі үлкендердің жас кезі мен жеткіншектің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес. Екіншіден, бір кісінің үйренген, не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдерді өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе бермейді.
Отандық педагогтар ата-аналық тәрбие стилінің келесідей классификациясын ұсынады: босаң (либералдық), авторитарлық және демократиялық. Біріншісі қандайда бір қарым - қатынастың жоқтығымен сипатталады: отбасы мүшелерінің бір-бірінен алшақтығы, бөлектенуі, бір - бірінің сезімдеріне немқұрайды болуы. Авторитарлық стиль қатынас түрлеріне: Әрқашанда дұрыс. Отбасында ата-ананың бірі билік етеді. Тәкәппар, өрескел, үстірт, ресми, кейде дөрекі сөзбен де қатынасады. Отбасылық тәрбие стратегиясына: Қатаң қадағалау, жазалау, «бастық бағынушы» стратегиясы қолданылады.
Демократиялық стилдегі қатынас, ол отбасында баланың дербестігі дамиды. Мейірімді, сыпайы, әдепті, баланың қабілеті, мүддесі ескеріледі. Отбасылық тәрбиесә стратегиясы: Достық. Кейде өзара қамқорлық. Назарбалаға аударылған: бала отбасының құндылығы ғана емес, отбасын сақтау құралы, әйел мен еркетің түйісетін ортақ нүктесін табу құралы.
Либералдық стилде бейтарап қатынас, индефференттілік тән. Отбасылық тәрбие стратегиясына: Немқұрайдылық. Кейбір көп балалы отбасында, ата-ана ішкіш, немесе жұбайлар отбасынан тыс құндылықтарға көңіл аударады, қайталама неке болып келеді. 9-11сынып оқушыларына ата – аналарымен қарым қатынасын анықтауға байланысты «Мен және менің ата-анам» сауалнамасын жүргіздім.
«Мен және менің ата-анам» тест алу арқылы балалардың ата-анамен қарым-қатынасын нығайту жолдарын құрастыруға болады. Сауалнама барлығы 15 сұрақтан тұрды. Тесттің сұрақтарына «Иә», «Жоқ», «Кейде» жауап беру қажет. Сұрақтар мәтіні төмендегідей:
1. Ата-анаңыз сіздің достарыңызды біледі ме?
2. Сіз ата-анаңызбен ашық сырласып сөйлесесіз бе?, жеке сұрақтар бойынша кеңес аласыз ба?
3. Сізді ата-анаңыздың жұмысы қызықтыра ма?
4. Достарыңыз үйіңізде жиі болады ма?
5. Үйдегі өз міндеттеріңізді орындайсыз ба?
6. Үйде жалығасыз ба?, үйден тыс жерден дем алуды жақыс көресіз бе?
7. Ата –анаңызбен ортақ қызығушылықтарыңыз немесе істеріңіз бар ма?
8. Сіз отбасылық мерекелердің дайындығына қатысасыз ба?
9. Туған күніңізде ата-анаңыздың үйде болуын қалайсыз ба?
10. Оқыған кітаптарыңызды ат-анаңызбен талқылайсыз ба?
11. Ата – анаңызбен телехабарларды және фильмдерді талқылауды ұнатасыз ба?
12. Ата-анаңызбен театрға, көрмелерге, музейлерге барасыз ба?
13. Өміріңізде ата-анаңызбен серуендеу саяхатқа шығу сәттері жиі болады ма?
14. Демалыстарда ата-анаңызбен өткізгенді қалайсыз ба?
15. Қалай ойлайсыз? Ата-анаңызбен аралықта өзара түсінбеушілік бар ма?
Ұпайларды санау «Иә» — 2 ұпай «Кейде» — 1 ұпай «Жоқ» — 0 ұпай
Сауалнаманың нәтижесін өңдей келе, сауалнамаға барлығы 94 оқушы қатысты. 9 – сыныптарда 37 оқушы, 10 – сыныптарда 22 оқушы, 11 – сыныптарда 35 оқушы қатысты. Алынған сауалнаманың қорытындысы бойынша
 16 оқушы - 10 және одан да аз ұпай жинады. Сенде ата-анаңыз да өзара түсінбеушілікте айтарлықтай қиыншылықтары бар. Сіз ата-анаңызбен бірге тұрғанымен, бір-бірлеріңізбен бөтен адамдар сияқтысыз. Мүмкін сіздердің араларыңызда жиі ұрыс-керістер болып тұратын шығар.
 57 оқушы - 11-20 ұпай жинады. Жаман емес! Сіз ата-анаңызбен қарым-қатынастасыз деп айтуға болады. Бірақ ол керемет бірлестік емес. Ал егер сәл ғана тырысып көрсеңіз, онда сізге достарыңызбен ғана емес ата-анаңызбен де қызықты болатынын түсініңіз.
 21 оқушы - 20 ұпайдан жоғары жинады. Құттықтаймыз! Сіз көп нәрсеге қол жеткіздіңіз деп айтуға болады: Сізде өз ата-анаңызбен өзара толық түсінісушілік бар. Сіз ата-анаңыз үшін-олардың нағыз жақсы көретін, сыйлайтын адамсыз: ашық және шыншыл, әрқашан да көмектесуге және отбасы үшін ортақ проблемаларды бөлісуге дайынсыз. Отбасыдағы мұндай қатынас – нағыз бақыт.


Қорытындылай келе, ғылыми жұмысымның нәтижесіне сәйкес тұлғааралық қарым - қатынасты психологиялық нормалары бұзылған отбасына психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы және ата – аналар мен балалар қарым – қатынасына келесідей ұсыныстар жасасаймыз.
1. Жеткіншек пен ата-анасы арасындағы қарым-қатынаста тұлғааралық қатынасты үлкендер достық қатынасты орната отырып жетуге болады.
2. Отбасының психологиялық жағдайын диагностикалауға арналған әдістемелердің басым көпшілігінің психокоррекциялық әсері мол
3. Психокоррекциялық іс-шараларға ата-аналармен қатар балалары да қатысуымен жүргізілсе отбасында орын алған келіспеушілік, шағымдану, басқа да қақтығыс жағдайларды талдау және оны шешу жолдарын анықтау, тіл табысу мәселерін шешу тиімділігі арта түседі.
4. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
5. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
6. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
7. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
8. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10 Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.
Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады.

Қолданылғын әдебиеттер тізімі:
1. Күнсләмова Т.К Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтан өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу . Автореф. канд. дис. Алматы, 2002. 156 б.
2. Колокина Р.С. Қазақстан балалары мен жасөспірімдерінің адамгершілігі қалыптасуына және денсаулығының сақталуына отбасылық қарым-қатынасының ықпал етуі Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар.2009. Б 21-22 .
3. Баймуканова М.Т. Отбасымен және балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бойынша практикум: оқу-әдіст. құрал Карағанды: КарМУ баспасы, 2006. 104 б.
4. Кон И.С.Психология юнешского возраста М: Просвещение, 1979.176с.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қиын балалар және оның отбасымен жұмысты ұйымдастыру
«Отбасы-тәрбие бастауы»
Отбасындағы бала тәрбиесі
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың дәстүрден тыс түрі
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
Менің туған үйім
Отбасы және мектеп (ата-аналармен тренинг)
Тәрбие көзі-отбасы мен балабақша біртұтастығы
Бала тәрбиесі баршаға ортақ.
«Әке – алтын діңгек» (Отбасы мен бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі)
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 23328 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз