Аннотация
Мақалада кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіби құзыретті маман даярлау мәселелері қаралады. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтереді. Студенттердің жалпы кәсіптік құзыреттілігін дамыту мақсатында қаржы-экономикалық пәндерді проблемалық әдіс арқылы оқытудың кейбір ерекшелігі қарастырылады.
Кілттік сөздер: құзыреттілік, ақпараттық құзырет, әлеуметтік-құқықтық құзырет, коммуникативтік құзырет, проблемалық әдіс, әдіс, оқытушы, оқыту.