Ұлы бабамыз Абай Құнанбаев «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға » - деген өлең жолдарын білмейтін ұстаз кемде кем. Бала тәрбиесінде ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін жалғастырып, оқытып, үйретіп, өнеге беріп, өнерге баулып, жас ұрпаққа білім беру мен ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу – бар ұстаздың алдында тұрған ең басты міндетіміз. Осы тұста білім мен тәрбие – егіз екенін де естен шығармағанымыз абзал. Себебі, болашағымыздың тірегі жас ұрпаққа тәрбие беріп қана қоймай, оларды оқытып, оқыту барысында Отан үшін жауап беретін жас ұрпақтың заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, патриоттық сезімдері берік қалыптастқан азамат болып шығуы үшін ұстаздар қауымының алдында үлкен жауапкершілік тұр. Әрине бұл орынды да, себебі әрбір ұстаз-болашақты тәрбиелеушілер.