Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Информатика |
Көрсетілім: 2453 |
|
|
|
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды ақпарат түрлерімен және оларды өңдеу тәсілдері арқылы жұмыс істеуге дағдырландыру.
Білімділік: Оқушыларға ақпараттың түрлері және оларды өңдеу тәсілдері туралы мағлұматтар беру арқылы білімдерін тереңдету бір жүйеге келтіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа ой-қабілетін дамыта отырып жұмыс істеуге үйрету,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау өрісін,компьютерлік сауаттылығын шығармашылығын,танымдық қабілетін дамыта отырып,олардың пәнге деген қызығушылығын ,белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы:физика,математика
Сабақтың көрнекілігі:оқулық,интерактивті тақтаны пайдалана отырып баяндау
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
а) оқушылармен сәлемдесу,түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
в)сұрақ-жауап
д)қорытындылау
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Көздеріңді шаршатпаудың жолдары қандай?
2.Компьютердің алдында көп отыруға болмайды?
3.Компьютерде жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі ережелерін қалай сақтаймыз?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты.Бірақ,компьютер-оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.
Информатика-ақпаратты алу,жинақтау,сақтау,түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты.Кез-келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет,сол сияқты компьютерлік сауаттылықты игеру үшін ақпараттық технологиямен жұмыс істеу дағдыларын білу керек.
Сендер қалай түсінесіңдер ,ақпарат деген не?
Ақпарат-сақтау.түрлендіру,жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәлімет.
Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар.ақпаратты ала отырып,оны қабылдайсыңдар,игересіңдер,қайта өңдейсіңдер.Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.Ғылымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын көру арқылы,10%
-ын- есту арқылы,4% -ын-иіскеу ,3%-ын-дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз.
Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты ,ол әртүрлі болады.Мысалы,таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі-құлақпен қабылдайды.
Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады.Ал ақпаратты қабылдаушы-адам.Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр.Ақпараттың мұндай түрін естілетін ақпарат деп атайды.
Сонымен ,адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін,естілетін,дәм сезу,иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.
Ақпарат қасиеттері
Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болу мүмкін.Мәселен,2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін1 мамырда өзекті болғанымен,
10 мамырда өзектілігін жояды.Сонымен,ақпарат өзектілік қасиетке ие.
Ақпарат толық немесе толық емес болу мүмкін.Мысалы,сендердің достарың «Ертең» десін.Егер сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз?»деген сұрақ қойған болсаңдар,онда бұл ақпарат түсінікті болады.Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады,себебі –ол толық емес.Ақпараттардың бұл қасиеті толықтық деп аталады.
ІҮ.Сабақты бекіту.
1.«Ақпарат» термині туралы жаңадан не білдіңдер?
2.Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?
3.Ақпараттың қасиеттерін атаңдар?
Ү.Үйге тапсырма:
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.
ҮІ.Оқушыларды бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |