Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөйлемнің бірыңғай мүшелері


Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

 

7-сынып

8-сынып

Жіктеу есімдігінің түрленуі

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (2 сабақ)

Сабақтың мақсаты:

7-сынып                                                                                    8-сынып

Білімділік:

өтілген материалдарды еске түсіріп, қайта жаңғырту, жаңа  тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре отырып, жаңа тақырыпқа сай мысалды оқушының өзіне талдату жолымен ережені өздеріне қорыттыру

өткен материалдарды пысықтай отыра, сөйлемнің бірыңғай мүшелердің ерекшеліктерін таныту мақсатында жаттығулар орындатқызу

Дамытушылық:                                                                         

оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алу қабілетін, ойлауы мен зейінін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.

оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алу қабілетін, ойлауы мен зейінін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру

өз ұлтының тілін, рухани байлығын құрметтеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың түрі:   аралас сабақ

 

Сабақтың әдісі: тренинг «Сен қайдасың?», тест жұмысы, рефлексия, тақтада жұмыс, шығармашылық жұмыс,  

 

Сабақтың көрнекілігі:кітаптар, тірек-сызба, сурет

Пәнаралық байланыс:  әдебиет, орыс тілі, бейнелеу

 

Сабақтың барысы:

 

Кіріспе  бөлім

 Ұйымдастыру

7-сынып

8-сынып

Тренинг

«Сен қайдасың?» тренинг өткізу

·        Сәлем достым (қол беріп амандасу)

·        Сен қайдасың? (иықтарын қағады)

·        Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

·        Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)

·        Сен келдің (қолдарын жаяды)

·        Жақсы болды (қатты құшақтайды)

 

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге 8-сынып «Мені толғандырған мәселе» деген тақырыпта ойтолғауы

          7-сынып кез-келген тақырыпта мақала жазып келуге берілген.

          (Әрбір оқушыға оқытқызып тексеру)

 

Жаңа сабақтың тұсаукесері       

Қызығушылықты ояту

7-сынып

8-сынып

Оқушыларға өлең шумағын ұсынылады, содан кейін жіктеу есімдіктерін табуын тапсырылады.

 

«Біз» деген сөз – кішіліктің белгісі,

«Мен» дегеннен қашар болар ер кісі.

«Сіз» - әдемі ілтипаттың бұлағы,

«Сіз, біз» дескен ұтар әркез, шырағым! (А.Асылханқызы)

 

Аз уақыт ішінде төменде берілген кесте бойынша оқушылар мысалдар келтіреді.

 

Бірыңғай мүшелер

Мысалдар

Бірыңғай баяндауыштар

 

Бірыңғай толықтауыштар

 

Бірыңғай анықтауыштар

 

Бірыңғай пысықтауыштар

 

 

ІІ.Негізгі бөлім   

Жаңа сабақты түсіндіру:

 

7-сынып

8-сынып

 

Тірек-сызбамен жұмыс жасау арқылы жаңа сабақты меңгереді

 

Жақ

Мен, біз

Сен, сіз, сендер, сіздер

Ол, олар

І

 

ІІ

 

ІІІ

Мен-мін,

біз-біз

 

 

Сен-сің, сіз-сіз, сендер-сіңдер, сіздер-сіздер

 

 

 

 

Ол, олар

 

Септіктер

мен

сен

ол

А.с.

І.с.

Б.с.

Т.с.

Ж.с.

Ш.с.

К.с.

Мен

Ме-нің

Ма-ған

Ме-ні

Мен-де

Ме-нен

Мені-мен

Сен

Се-нің

Са-ған

Се-ні

Сен-де

Се-нен

Сені-мен

Ол

О-ның

О-ған

О-ны

Он-да(о-да)

О-нан(о-дан)

Оны-мен

 

 

Жаттығумен жұмыс:

78-жаттығу

Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Мәтіннен ашық және жасырын қолданылып тұған есімдіктерді тауып, қандай тұлғада тұрғада тұрғанын талдаңдар. Кез-келген бір есімдікке сатылай кешенді фонетикалық талдау жасаңдар

 

79-жаттығу

Мәтінді оқып, мазмұнын сұрақ-жауап әдісімен әңгімелеңдер. Жітеу есімдіктерін табыңдар

 

 

Сабақтың қорытындысы.

Тақтада жұмыс

 «Ол сырнайды құлаштап тартып, отырғандарды тамсандырды» деген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау жасаңдар.

 

Жеке оқушымен жұмыс

Тест жұмысы

1. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді тап.

А) Оның бос сөзді сүймейтін,жақтырмайтын мінезі бар.

В) Шәкенді,Баймағамбетті,Ерболды бұл сөз күлдірді

С) Жиренше Абаймен көп сөйлесті,ұзақ ақылдасты.

Д) Көп сөз—көмір, аз сөз—алтын.

Е) Еріншектің ертеңі бітпес.

2.Бірыңғай анықтауышты тап.

А) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.

В) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.

С) Біз таудың ең биік шыңына шықтық.

Д) Оның әкесі—кең жауырынды,ұзын бойлы кісі.

Е) Мария Бәкенді де,оның ағасын да үйіне алып жүрді

3. Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?

А) та,не,немесе     В) және, мен,әрі     С) бен,я,яки          

Д) мен,бірақ,алайда       Е) ма,ме,ше

4. Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?

Ол....биік,....аласа,....қатал,.....жұмсақ мінезді еді.

А) бірақ     В) және   С) немесе      Д) да       Е) бірде

 

Жаттығумен жұмыс:

Тақтада жұмыс

Берілген сөйлемге морфологиялық, синтаксистік (сөйлем мүшелеріне және сөз тіркестеріне) сатылай кешенді фонетикалық талдау жасату

Ауылдан арнайы келген досым Ермек, әнші Әділ және әзілқой Арнұр – үшеуі жиынның көркі болды.

 

65-жаттығу

Мәтінді оқып шығыңдар. Автор қолданған бірыңғай сөйлем мүшелерін сақтап, мәтін бойынша Мақаш Бекмұхамбетовқа мінездеме беріңдер.

 

Сабақтың қорытындысы.

Шығармашылық жұмыс

 Сурет бойынша жұмыс: жылдың төрт мезгіліне байланысты табиғат көріністері /пейзаж: қыс, көктем, жаз, күз/ бейнеленген. Тапсырма шарты – бірыңғай мүшелерді қатыстырып, сөйлем құрау;

 

Үй тапсырмасы:

«Өмір сүру...» деген тақырыпта ойтолғау жазу

 

Бағалау      

 

Үйге тапсырма:

Әдеби шығармалардан бірыңғай мүшелері бар 5 сөйлем жазып келу

 

Бағалау

Рефлексия (Кері байланыс)
«Ым-ишара» арқылы сабақтан алған әсерлерін білдіреді

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Синтаксистік талдау
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Антонимдер. Сын есімнің жасалуы
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Бірыңғай мүшелер, байланысы, тыныс белгілері
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Сөйлем мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3186 | Қосты: Акипова Сания Казезтаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык