Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 13127 |
|
|
|
Екпінмен ұзындыққа секіру
Сабақтың тақырыбы: Екпінмен ұзындыққа секіру
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Оқушыларға ұзындыққа секірерде екпін алуды, аяқ алысты дұрыс орындауға үйрету.
• Дамытушылық: Оқушыларға жылдамдықты, шапшаңдықты, қимыл – қозғалыс дағдыларын кеңейту, дамыту.
• Тәрбиелік: Жігерлікке , қайсарлыққа ,батылдыққа, төзімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Ұзындыққа алысқа секіруді жетілдіру, үйрету.
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету
Құрал жабдықтар: Ұзындық өлшегіш, ысқырғыш, мәре және сөре сызығы.
Сабақтың мазмұны Орындалу уақыты Әдістемелік нұсқаулар
I.Ұйымдастыру бөлімі:
А) Оқушылардың сапқа тұруы,
Ә) Жүру, баяу жүгіру
Б) Жалпы дамыту және арнайы жүгіру жаттығулары. (Оқушылар өздері орындайды)
Жалпы дене даярлық жаттығулары:
• Оңға бұрылып саппен алаңды айналып жүру.
• Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру.
• Қол белде табанның іші-мен,сыртымен жүру.
• Қол белде жартылай, қол желкеде толық отырып жүру.
• Жеңіл, бірқалыпты жүгіру.
• Оң иықпен, сол иықпен жүгіру.
• Тізені жоғары көтере жүгіру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, жаттығуларды толық әрі ретімен орындауын қадағалау.
Жылпы дамыту жаттығулары:
• 1,2,3,4 реттік санмен саналу арқылы қатарға тұру
• Дене жаттығулары:( бас, иық, қол, бел, аяқ т.б)
5-мин
I. Негізгі бөлім:
Екпінмен ұзындыққа секіруді жетілдіру. Ұзындыққа секірерде екпін алуды, аяқ алысты дұрыс орындауды қайталау.
• Итерілуге арналған белгіленген ағаштан 20-25 м қашықтықтан оқушылар жүгіріп келіп секіреді.
• Оқушылар адымдай жүгіру арқылы шапшаңдықты үдете жүгіру.
• Әр оқушы екпін алып жүгіруді жетілдіру және екпін алып итерілуге үйрету.
•
Жеңіл атлетиканың бір түрі-секіру. Екпінмен келіп ұзындыққа секіру. екпін алып келіп алысқа секірудің техникаларын қайталап, кейін толық екпін алудың техникасын меңгеруге көшу қажет.
Ескерту:
Секіру кезінде жіберілуі мүмкін негізгі қателер: бастапқы қалыптың дұрыс болмауы: аяқ қолды шамадан тыс бүгуге болмайды: дененің салмағын алда тұрған аяққа ауыстырмау.
3-мин
Екпін алу қашық-тықтағы әр оқу-шының шапшаң-дығына, ұзын-дыққа секіру әзір-лігіне байланысты.
III. Қорытынды бөлім:
• Оқушыларды сапқа тұрғызу
• Қателіктерін ескерту.
• Бағалау
• Ұйымдастырылған түрде спорт алаңынан шығару.
5-мин
Ескерту жасау, қателіктерді айту, түзету.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |