Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ертегілер не деген ғаламат!


Ертегілер не деген ғаламат!

Ертегілер не деген ғаламат!

Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ертегі елінің кейіпкерлері арқылы балаларды адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге үйрету, «Мәдени мұра» бағдарламасын қолдау, жүзеге асыру және насихаттау шараның мақсаты болып табылады.
Түрі: сахналық көрініс.   ПУШКИН ҚАТЫП  ТҰРАДЫ
Рольдегілер:
Қыз бала –Альмира
Ұл бала – Думан
Кітар ханшайымы – Дариға
Пушкин – Қуаныш
Саққұлақ – Райымбек
Тышқан – Әли
Мақта қыз – Зарина
Мысық – Ерғанат
Шал – Мағжан
Мыстан кемпір - Мадина
Компьютердің алдында отырған ұл баланың қасынан кітап ұстаған қыз бала өтіп бара жатып, тоқтайды. 
Қыз бала:/Альмира/ Сен әлі компьютердің алдында отырсың ба?
Ұл бала: А тебе какая разница? А ты, небось собралась в библиотеку?
Қыз бала: Дәл солай! Сен білсең ғой ол жақта қандай қызықтар барын. Мына компьютерде отыруды мен де жақсы көрем, бірақ кітап оқығанда өзгеше әсер аласың.
Ұл бала: Скажешь тоже.
Қыз бала: Сенбесең менімен бірге жүр. Айтпақшы, бүгін кітап патшалығында қызықты кездесулерге толы саяхат болады. Сонда бәрін өз көзіңмен көресің.
Ұл бала: (ойланып): А что, можно посмотреть. Чудесные путешествие мне по душе.
Қыз бала: Онда тездетейік, әйтпесе бәрінен құр қаламыз.
Екеуі қоштасып шығып кетеді. Сахнаға Кітап ханшайымы  шығады.
Кітап ханшайымы:
Армысыз, қайырымды аспан Ата!
Армысыз, мейірімді Жер-ана!
Армысыз , шұғылалы Алтын Күн!
Бүгін мейрам, қуан, шаттан, алақай,
Қане, қане, біргеміз біз балақай!
Қайырлы таң, бәріңізге жарқын күн!
Бестөбе атты елінен,
Барлыбай, Балташ жерінен
Әсем жырмен тербеткен,
Елдігімді әндеткен,
Біліктілікке шақырған,
Балалар кітап патшалығынан
Жалынды сәлем баршаға!
Тербетейік ән сала!
Сиқырлы саяхатымызды бастар алдында, мен  айтып өтейін дегенім Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланып өтсе, көршілес Ресей-Қазақстан аралығындағы достық көпірі жалғасуда. Біздің кездесуіміз сиқырлы болғасын көптеген қызықтар күтіп тұр. Ортамызға орыс халқының ақыны Александр Сергеевич Пушкин қонаққа келіп отыр. Қарсы алайық. 
«Кітап ханшайымы сиқырлы таяқшасымен ортада тұрған Пушкин мүсінін толық сипап өтеді) .
Пушкин:  
Я памятник себе воздвиг нерукотворный,
К нему не зарастет народная тропа,
Вознесся выше он главою непокорной
Александрийского столпа.
Нет, весь я не умру – душа в заветной лире
Мой прах переживет и тленья, убежит – 
И славен буду я, доколь в полдлунном мире!
Жив будет хоть один пиит.
Кітап ханшайымы: Сәлеметсіз бе!
Пушкин: Здравствуйте! Вижу я попал в прекрасный мир книг. Только интересно какой страны это богатство?
Кітап ханшайымы: Балалар қонағымызға  ол қай елге тап болғанын айтайық  (Қазақстан).
Пушкин: Керемет, балақайлар. Бұл ұлы Абай елі екен ғой. Ал сіздер менің ертегілерімді білесіңдер ме?
Кітап ханшайымы: Әрине! Ну ка, ребята, какие  сказки Александра Сергеевича мы знаем? (Пушкин ертегілері аталады).
Пушкин: Жарайсыңдар. Я ведь тоже очень люблю сказки.
Кітап ханшайымы:Ал қазір  қазақ  елінің ертегілеріне әлеміне саяхатқа шығуды қалай көресіз?Біз осы сиқырлы елге аттанғалы жатырмыз.
Пушкин:А мне можно? 
Кітап ханшайымы: Әрине! Балалар қонағымызды өзімізбен бірге аламыз ғой ? (ия).
Кітап ханшайымы, Пушкин: Ендеше, сапарымыз сәтті болсын! Всем вперед на встречу к чудесам!
«Ертегілер елінде» әні орындалады.АРЕНОВА ВЕНЕРАНЫҢ ОРЫНДАУЫНДА.
Кітап ханшайымы, Пушкин қол ұстасып сахнаны айналып өтеді.
Әуен  жай басылады,сахнаның бір шетінен оң және сол құлақтарын алма кезек жерге тосып жатқан Саққұлақ кездеседі.
Пушкин: Міне, ғажап! Кто ты такой?
Саққұлақ:Мана, оң құлағымды тосып жатып керемет бір жаңалықты естіп қалдым. Кітап ханшайымы, балғын бөбектер еліміздің қонағы орыс халқының ұлы ертекшісі Пушкинмен бірге ертегілер еліне саяхатқа шығыпты. Мен де олармен бірге саяхат жасағым келеді. Менен пайда болмаса, зияндық көрмейсіздер.
Кітап ханшайымы: Күткенің алдыңда түр.
Саққұлақ: Міне, керемет. Ал менің кім екенімді, балалардан сұрайық. Ребята, угадайте кто я? («Ертөстік»  ертегісінен  Саққұлақ). Дұрыс, балалар, жарайсыңдар! Жер астының атақты тыңшысымын; қандай жасырын әңгіме болса да тыңдап, біліп аламын; менде жасырын сыр болмайды. Алыстағаны, жақындағыны түгел естимын, Саққұлақ деген ер мен боламын. Я хочу быть вашим товарищем . (Кітап ханшайымына,  Пушкинге қарайды). Мен балаларға ертегі туралы сұрақтар алып-келдім?
 Кітап ханшайымы: Балалар, Саққұлақтың сұрақтарына дұрыс жауап берсеңдер бізбен бірге саяхатқа апарамыз. Ал сұрақтарын бізге ДЫМБІЛМЕС оқып берсін. /Сұрақтарға дұрыс жауап бергесін/  Саққұлақты бірге аламыз ғой? Бізге серік болады (Ия!).
Пушкин: Ну тогда, продолжим путь.
Үшеуі сахнаны айналып өтеді. Алдарынан Тышқан жүгіріп шығады.
Тышқан: Алақай, алақай! Күн сәулесін бірінші көрдім. Алақай! Менің тапқырлығымда  шек жоқ.
Пушкин: Құттықтаймыз! Қуанышыңа ортақпыз. Бірақ мен Тышқанның қуанышын түсінбедім.
Тышқан: Сонда мені қай ертегіден екенімді білмей тұрсыз ба?  Мен бар әлемдегі айлакер Тышқанмын. Өз бойына сеніп «күнді менен бұрын ешкім көрмейді» деген түйенің өркешіне мініп алып, күн  сәулесін бұрын көріп қалған Тышқанмын. Ал аңқау түйе бәрінен де құр қалған. Балалар, мені таныдыңдар ма? Мен қай ертегіденмін? Жыл басы). Дұрыс таптыңдар. Қазақтың есептеуінде жылдан үлкен мүшел деген бар. Мүшел 12 жыл болады. Сол жылдар  12 жануардың атымен аталады.Қане, балалар . Енді, осы жылдарды кім атап береді?  (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлы, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз). Жарайсыңдар! Менің кім екенімді  жақсы біледі екенсіңдер, мені өздеріңмен ала кетіңдерші. Мен де саяхатқа шыққанды өте жақсы көрем. Бірақ та менде  де «Не?Қайда?Қашан?» деген  сұрақтарым бар.
Кітап ханшайымы: Пусть ребята ответят на твои вопросы и мы подумаем брать тебя с собой или нет? ДЫМБІЛМЕС ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОҚЫП БЕРШІ.   
Молодцы ребята, наше путешествие полно волшебных приключений и всяких препятствий. Аты готов к приключениям? Если готов, мы от настоящего товарища не откажемся. Вы со мной согласны, ребята (Да).
Тышқан: Конечно готов! Ведь я самый находчивый Мышонок!
Сапар жалғасады. Төртеуі сахнаны айналады. Балалардың арасынан Мақта қыз бен мысық шығады.
Пушкин: Ребята, смотрите кто к нам идет!
Мақта Қыз:
Мен, Мақта Қыз, үйді тазаладым,
Сен, мысық қайта-қайта мазаны алдың.
Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,
Құйрығыңды жұлып ап жазаладым.    МЕН ДЕ ӨЗ ТАПСЫРМАЛАРЫМДЫ БАЛАЛАРҒА  АРНАП  АЛЫП КЕЛДІМ  ДЫМБІЛМЕС ОҚИ ҒОЙ СҰРАҚТАРДЫ   
Мысық:
Көзіме көрінбей тышқан,
Мен мысықпын іші пысқан
Қатығыңды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.  МЕН ДЕ ҚЫЗЫҚ БОЛСЫН ДЕП ҚҰРАСТЫРУ ДАЙЫНДАП ӘКЕЛДІМ  ДЫМБІЛМЕС ОҚИЫП БЕРШІ             
Кітап ханшайымы: Ребята, вы узнали? (Да, «мақта қыз бен мысық».  Ал сендер бұл ертегінің авторын білесіңдер ме? (Ы.Алтынсарин).                                                                                                                                        Кітап ханшайымы: Жарайсыңдар балалар.  Олардың да сұрақтарына дұрыс жауап бердіңдер.   Сынақтан сүрінбей өттіңдер. Саяхатымызды жалғастырамыз. Барлық кейіпкерлер сахнаны айналып өтеді. Алдарынан есек жетектеген шал шығады. Есекке сиқырлы қазан мен тоқпақ артып алған.
Пушкин: Здравствуйте, ата!
Шал: Амансың ба, қарағым! Жолдарың болсын!
Кітап ханшайымы:Ата, біз сонау орыс елінің ұлы ақыны А.С.Пушкинді біздің халқымыздың ертегілер елімен таныстырып саяхатта жүрміз.
Шал: Жарайсыңдар. Мен де осы ертегі елінің кейіпкерінің бірімін. Қазбайдың өмірін сақтап қалып, мына сиқырлы заттарға ие болдым. Олар қазан, есек, тоқпақ. Балалар, мені таныдыңдар ма? Ертегінің атын білесіңдер ме?  ( «Ұр, Тоқпақ!»).                                                                                                                                                Мен да тапсырма дайындадым балаларға. ДЫМБІЛМЕС ОҚЫП БЕРШІ                                                                                                     Ой жарайсыңдар! Молодцы, ребята он  тоже присоединяется к нам, приукрасив путешествие своими чудесными вещами: волшебным котлом, чудесным ослом и заговоренной дубинкой.                                                                        Кейіпкерлер сахнаны айналып өтеді.                                                                                                                                          Саққұлақ құлағын алма кезек тосып тұрады.                                                                                                                          Саққұлақ: Бір жағымсыз дауыс естіп тұрмын. Біздерді бір кедргі күтіп тұр. (Кенеттен сахнаға Мыстан кемпір шығады).                                                                                                                                                                                       Пушкин: Чувствую, что начинаются наши препятствия.                                                                                                              Мыстан:
Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Жамандыққа құштармын,
Су астынан шыға кеп,
Алқымыңнан қысқанмын.
Тісімді жұлып, лақтырып,
Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.
Жас емеспін, кәпрімін,
Ертегінің сәнімін.
Көркейтуге келгенмін,
Ертегілер ауылын.
Кітап ханшайымы: Мыстан кемпір ақылға кел, бізге кедергі жасама.
Мыстан: Сен қай ертегіден көрдің, Мыстаннан бостан бос құтылғанын? Кедергі жасамасам мыстан болам ба? Мен қазір сендерге өзімнің үш талабымды қоямын. Сол талаптарымды орындасаңдар кедергі жасамаймын. Байқаймын, көрші орыс  елінің өкілі бар екен қастарыңда. Бірінші талабымды тыңдаңдар. Осы көршілеріміздің ертегі елінде менің серігім бар, ол кім? (Баба-Яга). Ладно, с этой задачей вы справились легко.  Келесі  тапсырма, жұмбақ шешу ертегілер кейіпкерлерін атау.
Аптап ыстық кең даланы қуратқан
Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан.
Сол кезде
Тау көтеріп ел үшін,
Жаңбыр әкеп, отанын қуантқан.
Ол кім? (Толағай)
Кіп-кішкентай ғана бойы бар,
Қысылғанда сөз тапқан
Қырық өтірік пе, керегі?
Жаңылмай айтып береді. (Тазша бала)
Кедергі еткен масаға,
Адамдармен дос болып,
Тек жақсылық  жасаған
Айыр еткен құйрығын,
Зұлым жылан тасада
Білесің бе, қандай құс? (Қарлығыш)
Мыстан: Жарайды , бұны да шештіңдер. 
Оңай құтылып кеттіңдер. Бірақ өз сөзіне тұрған қай Мыстанды көріп едіңдер? Я вас обманула.
Шал: Бұл сұмдықты өзім тоқтатпасам болмайды. Балалар осы қай ертегі болмасын, жақсылықпен аяқталады. Біздің халық ертегілері қандай сөздермен аяқталады? («Сөйтіп өз мұратына жетеді»,  «Одан кейін ұзақ жылдар өмір сүріп  мақсаттарына жетеді», «Еліне қайтып, мұрат-мақсаттарына жетіпті»).
Кітап ханшайымы:Дұрыс, балалар. Біз де өз мақсатымызға жетуіміз керек. Қане, бәріміз сиқырлы Тоқпақты көмекке шақырайық.
Барлығы: «ұр, тоқпағым, ұр!»
Осы жерде шал тоқпағымен Мыстанды ұрып қуады.
Пушкин: Шынымен де, қай халықтың ертегісі болмасын, жамандықты жақсылық пен достық, ақыл мен еңбек, батылдық пен батырлық жеңеді. Поэтому, ребята, давайте жить дружно.
Шал: (Пушкинге қарап) Біздің халқымыздың біршама  ертегілерінің кейіпкерлерімен таныс болдыңыз. Вы все прекрасно знаете, что казахи гостеприймный народ. И сейчас я хочу всех гостей нашего сказочного царства угостить сладкими угощениями. Қайдасың, сиқырлы қазаным? Қазанын алып «Піс, қазаным, піс» -
деп, қазанынан тәтті алып, барлығына таратады.
Құрметті Кітап ханшайымы, ертегілер еліне келген қонақтар өкінішке орай сіздермен қоштасатын уақыт тажетті. Қайда жүрсеңдер де аман болып, тәуелсіз елдерінің мақтанышы мен қорғаны болыңдар!
Бәрі: Қош болыңдар! «Кейіпкерлер сахнаны айналып, шығып кетеді. (Ортада Кітап ханшайымы мен Пушкин қалады).
Пушкин: құрметті Кітап әлемінің иесі, қадірлі балалар, сіздермен бірге жүріп, бірталай ғажайыптар көріп, ұлы Абайдың ұрпағы білім мен біліктілікке құштар екеніне көзім жетті. Өлең Абайдың . Көп рахмет!
Кітап ханшайымы: орынды айттыңыз. Біздің балалардың кітапқұмарлығы зор. 
Пушкин:Тамаша! Друзья, прекрасен наш союз. Но к сожаленью, мне тоже пора с вами прощаться.
До свиданья! И до новых прекрасных встреч!
 (Орнына барып қайта тұрады).
Кітап  ханшайымы Пушкинді сиқырлы таяқшамен басынан аяғына дейін сипап өтеді. Пушкин қайтадан мүсінге айналады.
Кітап ханшайымы:Менің де сіздермен қоштасатын  уақытым жетті.
«Өлең болсын,
Ән болсын,
Жаңылмастан жаттаймын.
Жақсы болып,
Жан досым,
Сеніміңді ақтаймын»,- деп ақын Рақымжан ағамыз жырлағандай, кітаппен дос болайық, ата-бабамыздың үмітін ақтайық!
«Ертегілер елінде» ән қосылады , Кітап ханшайымы баршамен қоштасып, сахнадан шығып кетеді.
Сахна ортасына қыз бала мен ұл бала шығады.
Қыз бала: Енді түсіндің бе, кітап оқығанның пайдасын?
Ұл бала: Рахмет саған. Расында да сенің айтқаның дұрыс екен. Компьютермен ойнаған  әрине, қызық. Бірақ кітаппен әлдеқайда қызығырақ.
 
Қорытынды: Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді екен, ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға , адалдыққа үйретеді екен.
Ендеше мына жерде сендерге арнап ертегілер кітаптарынан көрме ұйымдастырып қойдым. Сендер осы ертегілердің  өздеріңе ұнағанын алып   үйде оқуларыңа болады.
Ертегілер сенің арманыңды асқақтатады, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан ертегілерді сүйе біліңдер, сүйсіне оқыңдар. Сау болыңдар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жомарт күз
Ертегілер еліндегі шалқан
Жомарт күз
Ертегілер әлемі
Кітап – рухани байлық, Кітап оқи білесің бе?
Мақта қыз бен мысық
Үй жануарлары Domestic animals
Аққала балаларда қонақта
Ертегі еліне саяхат
Менің сүйікті кейіпкерім
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2580 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык