Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күз ханшайымы


Күз ханшайымы
ОҚО Ордабасы ауданы Шұбарсу – 2 бастауыш мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Нахмедова Жанар
Сабақтың тақырыбы: «Күз ханшайымы» байқауынын жүрісі
Оқушылар ортаға келіп, жайғасады
Ортада әнұран орындалады
Маржан: Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Акерке: Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Насиба: Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Ирода: Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.
Құрметті ата-аналар,мектеп узтаздары және қонақтар!
Сіздерге Шубарсу-2 мектебінің 4ә сынып окушыларының қатысуымен өтетін
«Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.
Бірінші орында әділқазы алқасымен таныстырып өтейік
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп 1ші әділ баға беруші Шойғараева Ақтолкын, Асилбекова Гүлжамал, Жуматаева Мейрамкул апайларға құрмет көрсетейік.
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, мектептегі бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз мектебіміздегі оқып жаткан ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың мектебімізде қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Сахнада Заманауй Реп биі
Ортада Абдуллаев Нурдәулет, Бабажанова Айжан,Ворошилов Никита
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз.
Уа, халайық,халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысын біз бастайық.
Бірінші кезеңіміз «Менің ата тегім»
Ортаға қатысушы қыздарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы қыздар шақырылады)
1кезең 1-ші қатысушымыз Махмудқызы Ақерке
Тең түсіп өзгелермен терезесі,
Дарыған ата-баба өнегесі.
Акерке атым Махмудтың қызымын мен,
Абдумутал тегі, Салима немересі.
Ұстазым - Жанар апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Ал Акерке сурак
Кандай пәнді ұнатып оқисын?
Бос уақытыңда не істегенді ұнатасын?
2-ші қатысушымыз Санжарқызы Ирода
Руым шанышкыл, мен қазақ,
Бабажанның немересі .
Тақпақ-өлең айтамын
Апайдың берген өнегесі.
Алғаш аштым мектебімнің есігін,
Санжарқызы Ирода менің есімім,
Туып өстім Шым калада,
Алтын ұя –бесігім .
Саған да сұрақ Кандай пәнді ұнатып оқисын?
Бос уақытыңда не істегенді ұнатасын?
3-ші Шүкірханқызы Маржан
Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің,
Жастайымнан жалындап жана білдім.
Өнерменен білімге жаны құштар,
Шүкірханқызы Маржан мен боламын.
Құрбыммен бұл сайыста тең боламын,
Қызымын өсіп- өнген кең даланың.
Бүгінгі ханшайымдар сайысында,
Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын.
Сурак Кандай пәнді ұнатып оқисын?
Бос уақытыңда не істегенді ұнатасын?
4-ші Аруымыз Санжарқызы Айжан
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Ару болу мақсатым инабатты!
Санжарқызы Айжан атым менің,
Мақтан етер жанұя еркесімін.
Әкем Санжар, анам бар Айман атты,
Үлгі тұтар әпкем бар Индира деген
Сурак Кандай пәнді ұнатып оқисын?
Бос уақытыңда не істегенді ұнатасын?
Сайыс десе жайнаймыз,
Намысымызды қайраймыз.
Тоты құстай құлпырып,
Сандуғаштай сайраймыз. Дей келе
Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын.
2 Сайысымыздын келесі кезеңі Би өнері
Әр сайыскер кезек кезек шығып өз өнерін көрсетеді
1Махмудқызы Ақерке тау тау
2 Санжарқызы Ирода көк жөтел
3 Шукірханқызы Маржан Зуби
4Санжарқызы Айжан Испан биі
Әділ-қазылардың берген бағасы.
Би Насиба Айваз Расмина Махсут «Лизгинка»
3 Келесі кезеңіміз «Әсем біздің арулар» кезеңі
Яғни аруларымыз Сән үлгісін көрсетеді(Сән үлгісін көрсету )
«Әсем біздің арулар» кезеңіне берілген бағаларыныз
Ән Қаншама
3 сынып Арайлым Шығыс биі
Сайысымыздын 4ші кезеңіне де келіп жеттік
4 Бұл кезең «Көңілді аспазшы» кезеңі
Оқушылар үйден дайындап келген тағамдарын әділқазылар алдына әкеліп койыпғ тағамының ішіне кандай заттар салынғанын калай дайындалғанын айтып тусиндиреди
5 – кезең «Папури»
Шарты оқушылар ортаға шығып қойылған әр ұлттын өлеңіне сай билейді
Соңында тек көзбен тек қаспен тек қолмен тек аякпен тек баспен билейді
Дәл осы көңілді нотада біз де сайысымызды аяқтаймыз
Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп «Күз ханшайымы - 2014» сайысын аяқтаймыз.Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға Вальс биі кезегіне береміз. 1. «Күз ханшайымы» - Әріпбай Маржан
2. «Биші ару» - Бабажанова Ирода
3. «Сүйкімді ару» - Бабажанова Айжан
4. «Шебер ару» - Абдумуталова Ақерке
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Күз сарайы» кеші.
«Күз ханшайымы»
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
«Күз ханшайымы»
Алтын күз
Сүйкімді арулар
Алтын күз
Арайлы алтын күз
Толағай отбасылық сайыс

Автор Нахмедова Жанар

ОҚо Ордабасы ауданы Шұбарсу - 2 бастауыш мектебі

Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Көрсетілім: 4191 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар