Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 24231 |
|
|
|
Хабарлы сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
а)Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың хабарлы сөйлем және
оның тыныс белгісі жайындағы білімдерін қалыптастыру.
ә) Оқушылардың тілін,шығармашылық қабілетін дамыту,ой-өрістерін,
өз ойын ашық әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру .
б)оқушыларды жақсы мінез-құлыққа, берілген тапсырмалар арқылы,
тілін, елін сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, шығармашылық.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру.
б) Сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. 13-жаттығуды тексеру
2. Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.
а) Сөйлем дегеніміз не?
ә) Айтылу мақсаты мен сазына
қарай сөйлем қалай бөлінеді?
б) Сөйлемнің грамматикалық негізіне
қандай мүшелер жатады?
Топтастыру:
ІІІ. Жаңа сабақ
Хабарлау, суреттеу, баяндау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің болғанын, белгілі бір шақта (өткен, осы, келер шақта) жүзеге асқандығын білдіреді. Хабарлы сөйлем бір нәрсе жайында хабарлап қана қоймайды, айтушының іс-әрекетке деген көзқарасын, ой-пікірлерін білдіреді. Хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, сөйлемнің соңына қарай бәсеңдейді.
Хабарлы сөйлемнен соң нүкте (.) қойылады.
Мысалы, Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. Демалыс күні еді.
Хабарлы сөйлемнің интонациялық сызығы Мысалы Мақсаты
Бәйшешектер-көктем хабаршысы суреттеу
Табиғат апатынан зардап шеккендерге бүкіл қазақстандықтар қол ұшын беруде хабарлау
Елбасымыздың сындарлы саясаты мен ақыл-ойы дем беріп, Қазақстан қарыштап дамып келеді. баяндау
Келер шақ Осы шақ Өткен шақ
Біз келешекте ел қамын ойлайтын азаматтар боламыз. Оқушылар мектеп айналасына ағаш отырғызып жатыр. Абай үйге келген қонақтарға жыр айтқызды.
баяндау хабарлы хабарлы
16-жаттығу
1. Мәтінде қанша азатжол және әр азатжолда қанша
сөйлем бар екендігін анықтаңдар.
2. Мәтін қандай тәсілмен жазылғанын?
(баяндау,хабарлау,әңгімелеу)
3. Қызға мінездеме беру.
Оны «Топтастыру» стратегиясына салу.
Тапсырма: Интервью әдісі
Кейіпкер Бойындағы қасиеттер
Менің пікірім
Кішкентай
көрші қыз
Мәтінді қорыту үшін
«Бес жолды өлең»
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
17 – жаттығу
1.Қажетті тыныс белгіні қойып,мәтінді оқыңдар.
2. Мәтінде аталған жер атауларын картадан көрсетіңдер.
3. Мәтіннің алғашқы үш сөйлеміне морфологиялық талдау жасаңдар.
Сабақты бекіту:
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Оның түрлері?
3. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
4. Хабарлы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Үйге тапсырма:
17 – жаттығу (2)
А) Жаттығуды талдау.
Ә) Қазақ жері – ежелгі адамдар мекені (эссе)
Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |