Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәтінмен жұмыс


Мәтінмен жұмыс

Сабақтың тақырыбы Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты :
                                  а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру;
                                  ә)  Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
                                 б)   Сөйлеу  тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,суреттер
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих
Сабақтың барысы : 
                                            а)  Ұйымдастыру кезеңі :
                            Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                             ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
                  Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Кеспе қағаздар таратып,үй тапсырмасын сұраймын.
1. Заттың қозғалысын білдіретін сөздер жаз.
2. Заттың түр түсін білдіретін сөздер жаз.  
3. Мағынасы жоқ сөздерді теріп жаз.
4.Берілген сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем жаз ( түс көрдім,аттан түс ).
5. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды ата.
                                 б)  Жаңа сабақты түсіндіру.
                   Мәтін деп айтылған ой-пікірдің,белгілі бір шығармашылық жұмыстың,біреудің шығармасының не оның үзіндісінің қағазға түскен немесе ауызша айтылған түрін айтады.Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да,олардағы жинақталып келіп, автордың белгілі бір пікірін,көзқарасын білдіреді.
Мәтінмен  жұмыс:
  Мәтін туралы түсінік берген соң,суреттер қойып соған қарап мәтін құратқызамын.
Шығармашылық жұмыс:
  Оқушыларға мынадай тапсырма беремін.
1. Жолдасына хат жазуды тапсыру.
   2. Өзінің бір нәрсеге қуанған кезіндегі көңіл күйін баяндап жаздыру.
   3. Бір нәрседен шошынып,қорыққан жай-күйін жаздыру
   4. Табиғат көрінісін суреттеу.
   5. Әжесінің,атасының,әке-шешесінің айтқан жақсы әңгіме,тілектерін баяндап жаздыру.
Білімді бекіту :  1. Мәтін дегеніміз не?  2. Мәтіндегі ой бөліктері дегенді қалай түсінесің ?
                             3. Мәтін мен мазмұнның байланысы дегенді қалай түсінесің ?
Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма :  Үйге кез-келген тақырыпқа мәтін құрап келуге беремін

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл ұстарту
Диалект сөздер
Синонимнің жасалу жолдары
Мәтіннен өткенді қайталау
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс
Ой екпіні
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7440 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык