|
|
Сабақтың тақырыбы Орфография
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;
ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;
б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Үндестік заңы дегеніміз не? 2:Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
3.Дыбыс үндестігі дегеніміз не? 4.Буын үндестігі дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді.Орфография-сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді,сөздерді,оның бөлшектерін бірге,бөлек немесе дефис арқылы жазуды,бас әріптің қолданылуын,тасымал тәртібін белгілейді.
Жаттығумен жұмыс : 339-жаттығу. Төмендегі сөздердің тұсына олардың орфографиялық нормасын сақтап жазыңдар.
Жылан гөз - жыланғұрт –
қайқаяқ – қайран ғалу –
қайрақ тас – қайыр ғош –
қақ пөлу – қағ алды –
саптаяқ – сарауыз –
сегіз ғанат –
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 340-жаттығу. Мәтіндегі қате жазылған сөздерді тауып,оларды дұрыс жазып шығыңдар.Хатты қалпына келтіріңдер,ол үшін көп нүктенің орнына тиісті сөзді,сөз бөлшегін немесе қосымшаны қойып жазыңдар.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |