Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 6421 |
|
|
|
Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тіл ерекшелігі
Сабақтың тақырыбы Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тіл ерекшелігі
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;
ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ; б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика нақыл сөздер
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1.Эвфемизм дегеніміз не 2.Дисфемизм дегеніміз не?
3.Табу дегеніміз не? 4.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
5.Антоним дегеніміз не? 6.Синоним дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Перифразаның ерекше бір түрі-эвфемизм.Өтірікші - аузының желі бар;ұры – қолының жымқырмасы бар;
Ұрлық қылмайды – біреуің ала жібін аттамайды;ұрлану – қолды болду;өлді – қайтып кету,жан тәсілім қылу .
Эвфемизмдер осылайша әр-түрлі себептермен астарланып айтылады.Яғни жағымсыз қылықтарды сыпайылап жұмсартып айтуды көздейді.
Жалпы тілдік эвфемизмдердің негізінен анайы,тұрпайы сөйлеуден сақтандырып,сыпайы болуға баулитыны байқалады.
Ал дисфемизмді мәдениетті адамдар сөйлемейді.
Тақтамен жұмыс: Эвфемизм мен дисфемизмге бірнеше сөйлемдер құрап жазады.
Бүкіл оқушылармен жұмыс :
Үріп ауызға салғандай,жүрек жұтқан,жұмыртқадан жүн қырыққан,қу бстан қуырдақтық ет алған т.б.
Осы берілген тұрақты тіркестедің қайсысы жағымды,қайсысы жағымсыз екенін айтып мағынасын түсіндіріп сөйлем құрайды.
Үйге тапсырма : іске сәт,ұтты болсын,оң сапар,қырық жілік болғыр,сеспей қат,жер жастанғыр,мұратқа жет.
Осы тіркесті сөздерді қайсысы дисфемизм екенін ажыратып жазып келуге беремін.
Бағалау: Оқушылардың білімдері бағаланады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |