Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үстеуден өткенді қайталау


Үстеуден өткенді қайталау

Сабақ тақырыбы: Үстеуден өткенді қайталау

Мақсаты :   А) Үстеу туралы түсініктерін пысықтау
                     Ә)  Есте сақтау қабілетін  дамыту, шығармашылық ізденіске    
                          баулу
                     Б) Тіл мәдениетін қалыптастыру,  адамгершілікке тәрбиелеу
Әдісі: Сұрақ – жауап, жаттығу жұмысы,  талдау, деңгейлік тапсырмаларды орындау
Сабақ түрі:қалыпты
Көрнекілігі:  интербелсенді тақта, кеспе қағаздар
Сабақ барысы        
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. - Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
 
3. Үстеу туралы түсініктерін сұрау
-  Үстеу дегеніміз не?
-  Үстеулер  мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Үстеулердің  мағыналық  түрлеріне байланысты мысалдар жаз. ( Кеспе қағаздар таратылады) деңгейлік тапсырмаларды орындау
Мезгіл үстеуі:    қазір, әлгінде
Мекен үстеуі:
Сын – қимыл (бейне) үстеуі:
Мөлшер үстеуі:
Күшейткіш үстеуі:
Мақсат үстеуі:
Себеп – салдар үстеуі 
 
4.  Пысықтау жаттығулары
  Сөйлем  ішінен  үстеулерді теріп жаз.
295 – жаттығу
     Мариямды тауып алған соң, Раушан  мүлде  көңілденіп  кетті. Кешке қарай күн аспанда ақырын жылжиды, оқтын  - оқтын соғып тұрған  жел қоңыр самалға айналады.  Ол байырғы кетпеншілерше қимылдады.  Тұрысы да мығым.  Кетпенді де бірқалыпты  сілтейді.  Қазыбек атын тебініп, төмен түсе  бастады. Үнсіз қозғалған серіктері  де тез қозғалады. Памирден 
күндіз – түні ыстық жел соғады. 
 
5.  Бір сөйлемді сөз табына,  құрамына талдау
 
   Ұлжан да қазір баласының сөзін ойлана тыңдап қалыпты.
Қасен  менің басыма бұрын келмеген ойды әкеп салды.
 
6. Берілген сөздерді құрастырып сөйлем құрап жаз
Жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні, ендігәрі, әлдекімдерше,  лезде, ақырын, әлсін – әлсін, бей – берекет.
Мектеп  оқушылары  жаздыгүні  егіс басына барып, ата – аналарына көмектесті. 
  «Біздің  сынып» тақырыбында  үстеулерді қатыстыра отырып мәтін құра. 
7.  Сәйкестендіру тестін орындау
Бұрын                                    мекен үстеу                            
Сонша                                  күшейткіш үстеу
Жорта                                      мақсат үстеу                         
Осында                           мезгіл  үстеу
Әбден себеп салдар үстеу
Әрең сын қимыл үстеу
Бекерге                            мөлшер үстеу
Сабақты қорыту
- Үстеу құрамына қарай нешеге   бөлінеді?
Үйге тапсырма  
Көркем шығармадан үстеуге байланысты мысалдар теріп жаз

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ашық сабақ: Қылмыс. Қылмыскер.
Үстеуден өткенді қайталау
Үстеу туралы жалпы түсінік
Модульді оқыту ​технологиясы
Мекен үстеу
«Үстеу» тақырыбы бойынша
Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл үстеу
Күшейткіш үстеу
Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл үстеу
Үстеу туралы білімді қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6919 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык