Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 7941 |
|
|
|
Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы
Сабақтың тақырыбы: сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың тақырыпты жан жақты қаншалықты толық меңгергенің анықтауСөйлем ішінен сұрақ қою арқылы дұрыс табуды меңгерту.
2. Оқушылардың сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеу дағдаларын, шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу.
3. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында әдемі,көркем,таза ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қималар, үлестірме қағаздары,
Түрі: бекіту сабақ
Әдісі: деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, қызығушылықтарын ояту,
Сабақтың барысы: І. Бағдарлау мотивациялық кезең.
1. Қызығушылықтарын ояту
тақтада ненің суреті тұр?
күн,ашық аспан, ту, елтаңба, Президентіміз.
ал осы суреттер қандай мағына береді деп ойлайсыңдар?
(оқушылар ойы)
Көк туымызды көкке самғататын сендерсіңдер. Сондықтан сабақты мұқият тыңдап,білімдеріңді шыңдай беріңдер.
2. Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
(оқушылардың көңіл-күйін бақылау, сабаққа дайындықтарын тексеру)
3. Үй жұмысын тексеру.
Үш оқушыға оқыту. Қалған оқушылардыңкін тексеру
4. Мағынаны ашу.
-Балалар бүгінгі сабақта біз сендермен негізгі және туынды сын есімдерді айра білуге қатысты жаттығулар орындаймыз.,салысырмалы шырайды қаншалықты меңгергендеріңді көрсетесіңдер.
Көркем жазу. «Отан сүю отбасынан басталады»
Терме диктант
Ен салу
Көк саулықтың қозысы,
Ақ саулықтың қозысы,
Қара саулықтың қозысы,
Ала саулықтың қозысы,
Бір біренен аумайды,
Ескердім де сол жайды,
Басөбасына ен салдым,
Ен салғанда мол салдым:
Біреуіне ойық ен,
Біреуіне қиық ен,
Біреуіне тұйық ен,
Біреуіне тілік ен
• Сын есімдерді теріп жаз.
ІІ. Операциялық –орындаушылық кезең
бүгінгі сабақта сендер тапсырмалар орындайсыңдар. Үш деңгейлік тапсырмалар болады. Әр деңгейлік тапсырмалардың ішінде екі үш тапсырмадан. Әр тапсырманы орындау барысында «бағалау парағына» белгі қоясыңдар. Сабақ соңында өздеріңді бағалайсыңдар.
1- Деңгейлік тапсырмаларды орындау
Деңгейлік тапсырма
60 жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып,сын есімнің астын сыз.
Осы біздің Оңтүстік
Қауашағын қақ жарған
Ақ мақтасы –ақ маржан.
Алмасы аппақ ақықтай,
Жүзімі бар жақұттай.
Түні салқын,күні ыстық,
Осы біздің Оңтүстік.
1) Араб грамотасы.
....т.к..р с..лқ...н т...тт...
Т...з... б...лд...й ж....ң....
2.Деңгейлік тапсырма
А) Картография Қарсы сын есімдерді жаз.
Семіз
Жаңа
Қараңғы
Арзан
Жуас
Қою
61 жаттығу. Сын есімдерді кестеге орналастыру
Заттың
түсі көлемі сыны дәмі пішіні
Қызыл
Шұбар
сұр Ұзын
Таза
Аласа
Қызық
Суық
Жүйрік
Өткір
Үшкір
сүйір Дәмді
Тәтті
Тұщы
ащы Қалың
Тегіс
Жалпақ
Дөңгелек
доғал
Сергіту сәті
«Қара жорға » әуенімен би қимылдарын орындау.
3.Деңгейлік тапсырма
1. 64 жаттығу.
Жұмбақты оқуып шешуін тап. Сын есімдерді өзіне қатысты зат есімдермен қоса көшіріп жаз.
Күннің көзі, қой, көмір,балмұздақ.
Ақ сандық, қабат қабат тоны,кішкене бойы, қара үңгір,қара тас, аппақ қар,тәтті бал.
2. жұмбақ жасыру. Алма, қалам,бал шешуі болатын жұмбақ құрастыру.
Қорытынды:
сонымен бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
қандай тапсырмаларды орындадық?
V. Үй тапсырмасы
63- жаттығу 201 бет
Рефлексия
Аты жөні І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей Баға
60 жаттығу Араб грамотасы картография 61 жаттығу 64 жаттығу. Жұмбақ құру
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |