Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауданды өлшеу


Ауданды өлшеу

Ауданды өлшеу

Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу

Мақсаты: 1. Фигураның ауданы туралы түсінік беру, фигуралардың ауданын

                       салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру.

                    2. Квадрат сантиметрді пайдаланы отырып, фигуралардың ауданын табу,

                        есеп шығару, амалдарды орындау дағдыларын бекіту.

                   3. Оқушыларды жауапкершілікке, тапқырлыққа, білімділікке  тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: сыни тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, топтау, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: слайд, топшама, геометриялық фигуралар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық

Бізге есеп үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Сандарды тура табатын

Математика болатын.

І. Қызығушылығын ояту

1. Математикалық диктант.

1) 3 пен 4-тің көбейтіндісін тап.

2) 15 пен 5-тің бөліндісін тап

3) 0 мен 20-ның көбейтіндісін тап

4) 90 мен 90-ның бөліндісін тап

5) 1 мен 36-ның көбейтіндісін тап.

6) 0 мен 15-тің бөліндісін тап

7) 1 мен 4-тің қосындысын 5 есе арттыр

Жауабы: 1) 12; 2) 3; 3) 0; 4) 1; 5) 36; 6) 0; 7) 25

Бағалау: «5»- қате жоқ

                 «4»- 1-2 қате

                 «3»- 3-4 қате

 2. Қайталау қосу, азайту                                      өрнек құру 

Көбейту, бөлу                 Математика                               теңдеу шешу

                                             сабағында

                                              не үйрендік?

Шығармашылық тапсырма      геометриялық       периметрді табу

                                                    фигуралар

- Балалар, сендер қандай фигураларды білесіңдер?           

- Ал, балалар, периметр дегеніміз не?

- Периметрді табудың неше тәсілі бар?

- Біз тік төртбұрыштың периметрін тапқанда көбіне қай тәсілді қолданамыз?

- Біз математикадан көп нәрсені біледі екенбіз, бірақ әлі білеріміз көп.

 

ІІ. Мағынаны тану.

Фигуралар:     

Әр заттың орны бар. Мысалы сынып бөлмесіндегі кітап, дәптер,  т. б.

Мына фигуралардың да алатын орны бар

Оның қалай аталатынын білесіңдер ме?

Ендеше, оны аудан деп атайды. Біз бүгін аудан, ауданның өлшем бірлігі  туралы үйренеміз.

І Слайд

-         Қандай фигура үстелден көбірек орын алып жатыр?

-         Оқушылардың пікірін тыңдау.

ІІ слайд .  Салыстыру

-         Ережені айтамыз.

-         Ауданды S әрпімен белгілейміз.

-         Енді осы ауданды табу үшінбірнеше өлшем бірліктерін пайдаланамыз.

-          Бүгін біздер ауданның   кішкене өлшем бірлігімен танысамыз.

                   1 см2 Дәптерге сыздыру.

-         Бүгін біздер геометриялық фигуралардың ауданын тапқанда осы өлшем бірлігін пайдаланамыз.

 

ІІІ. Слайд.

  1. Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста,

Оң қолыңды соз алға.

Оң қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап зырласын.

Сол қол босқа тұрмасын,

Бойды сергек тік ұста.

Сол қолыңды соз алға

Үшбұрыш жасап зырласын.

 

IV.   Слайд. №4

Сен дүкенге келдің. Сенде 1000 теңге бар. Кез келген үш түрлі затты таңда. Қанша төлейтініңді, қанша ақша қайтаратынын есепте.

 

№5

«Үндемес» ойыны. Берілген жауаптарымен көбейту амалына үш мысалдан жазады.

Жауаптарын Рефлекция парағына орындайды.

 

VI.  Слайд. Есеп шығару

8 бала 40 табан балық ұстады да, өзара тең бөліп алды. Әр бала неше табан балық алды?

8 бала – 40 балық

1 бала - ? балық

Шешуі: 40:8=5

Жауабы: әр бала 5 балықтан алды.

 

 

VI І слайд «Бәйге» ойыны. Шығармашылық жұмыс.

1)    Екі қолыңдағы саусақ саны

2)    Аптадағы күн саны

3)    Бір жылдағы күн саны

4)    Төрт үстелдің аяғының саны

5)    Жеті сиырдың мүйізінің саны

6)    Периметрді қалай табамыз?

7)    Ауданды қандай әріппен белгілейміз?

 

Практикалық жұмыс

Геометриялық фигуралардың ауданын табу. (Жеке жұмыс)

VIІІ слайд Логикалық есептер

а)11 түйе, 5 жылқы,

2 сиыр, 4 ешкі.

2 қоян, 3 түлкі,

Болды сонда нешеуі?

ә) Түйе, бота маң басқан,

4 аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ 5 ешкі,

Төрт қозылы 2 қой,

Бәрі нешеу айта ғой?

 

ІІІ. Толғаныс.

Не үйрендік? Не білдік?

Бағалау

Үйге тапсырма №8. 131 бет


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бірдей сандарды азайту
«Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш».
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы
Қайталау
Қосу және азайту
Теңдеу, оны шешу. Жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шығару.
Тең бөлу
Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері
10-ға, 100-ге көбейту және бөлу
Тіктөртбұрыштың ауданы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 8502 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык