|
|
Денсаулық тексерістері
Тренингке қатысушы: мұғалімдер
Қолданылатын құралдар: адамдың, көбелектің суреті мен түрлі-түсті бояулар және ватмандар. Тренингтің мақсаты: ұстаздардың өздерін жеке тұлға екендігін сезіндіру және қиын проблемалық жағдаяттар кезінде өз денсаулығын сақтауларын қадағалауға үйрету.
( мысалға аттестациядан өту кезеңі)
1. Мұғалімдермен амандасу рәсімі мен тренингке деген көңіл – күйін реттеу. (психолог өзі аудиторияның жағдайына байланысты жаттығулар алуға болады)
Тренингтің тақырыбы: «аттестация және денсаулық»
Бүгін сіздермен біз аттестация немесе қандайда бір тексерістердің адам ағзаларына тигізетін әсерін қарастырамыз. Және де өз ағзамызға көмек көрсетуді үйренеміз.
2. Негізгі бөлім:
1.жаттығу «ассоциация» деп аталады.
Сіздер жүргізушінің айтқан сөзіне еш ойланбастан, көп кідірмей айтқан сөзіне ассоциациялар ойлап тауып айтасыздар. Сонымен кім айтады?. Немесе бұл жатығу топ бойынша қағазға түсіріліп топ өз проектлерін қорғайды.
Бастадық «аттестация» .......(мысалға: шаршау, күйзеліс, ренжіс, еш қандайда құанышты жағдай ойымға келмейді деген ассоциациялар айтылуы мүмкін) жалғастыру.
Иә, аттестация жағдайы шынымен мазасыздандыру, қорқыныш, қобалжу, үрей деген сияқты ойлар келеді. Осы сезімдер шынымен біздің ағзамызға өз әсерін тигізеді.
Мына сұраққа ойланып жауап беріп көріңізші. «Аттестациядан өту кезінде немесе аттестацияға кірер алдында қандай сезімде боласыздар? Физикалық тұрғыдан сіздер нені сезінесіздер?»
Қатысушылардың жауаптары:( тахтаға жазылып турады)
Шынымен бұл физикалық ауыр ауыртпалықтар адам ағзасына өз әсерін тигізеді. Олардың бірі фобия немесе невроз (психолог фобя немесе невроз тұралы қысқаша 2-3 минуттық анықтама айтып өтседе болады)
Топпен жұмыс.
Ұжымды 3 топқа бөлу. (жүргізуші өз тәжрибесіне байланыста бөлуге болады)
Әрбір топқа адамның қиылған суреттері мен қызыл «маркер» беріледі. Әрбір топ, топ ішінде аттестациядан өту кезінде немесе қандай да бір бақылаудан өту кезінде осы жағдайлардың әсері адам ағзасына қаншалықта әсер ететінін, сонымен қатар, ол жағдаяттар қандай ішкі ағзаларымызға өз зиянын тигізетінін талдау керек.
Содан соң суреттен сол ағзаларды тауып, қызыл маркермен бояңыздар.
Ал енді, өз адамдарымызды көрсетіп, қандай ағзаларды белгіледіңіздер. Басқа топтармен өз ойларыңызды бөлісіңіздер.
Қортынды рефлексия: сонымен аттестацияға дайындалу кезінде немесе тексерістің алдында біздің ағзамыз да әлсіреп, шаршап әр түрлі күйзелістен кейін қандай да бір мүшеміздің ауыратынын білдік.
Аттестация әсер етеді;
- Көз
- Омыртқаға
- Бас ауру
- Асқазан
- Жүрек
- Жүйке жүйесі
- Бауыр
- Қан қысымы
Қараңыздаршы, бәрі қызылға боялған. Олай болса, біз өзімізге-өзіміз қалай көмек көрсетуіміз керек? Бұл жағдайдан өзімізді қалай құтқара аламыз?
Ол үшін не істеу керек, қалай көмектесуге болады?
Топ кіші 2 топқа бөлінеді. Әрбір топ өздерінің жағдаяттан шығу ұсынысын (рекомендация) жазу керек.
1- Топ аттестация дайындалу барысындағы жағдайдан шығу ұсынысы. (рекомендациясы)
2- Аттестациядан өту кезіндегі жағдайға рекомендация .
Әрбір топ бір-бірден жаттығу көрсету керек.
Жүргізуші: Сабақ-тренингті қорыта келе мынадай аңызды айтқым келеді.
Бірде жолда кетіп бара жатқан бір адам кездейсоқ көбелектің дернәсілін көреді. Ол кісі көбелектің кішкентай тесіктен қинала шығып келе жатқанын ұзақ уақыт бақылап тұрыпты. Қанша уақыт өтсе де, көбелек әлгі кішкентай тесіктен шыға алмапты. Көбелек әлгі адамның көзіне көп қиналып, әлсізденіп, бар күшінен айрылған әлсіз жәндік болып көрініпті. Ол көбелекке көмектеспек болып, кішкентай тесікті пышағымен кесіп тастайды. Ақыры ол жерден көбелек шығыпты, бірақ әрі қарай ұшып кете алмапты. Көбелектің жетілмеген қанаттарының жайылмағанын, әлсіз аяқтарымен әзер қозғалып жүргенін көрген адам оны түсіне алмапты. Адам бақылауын жалғасытыра береді. Өйткені көбелек қанаттарының ашылып, ұшуын күткен еді. Күткен жағдай олай болмай шықты. Көбелек өзінің соңғы күндерін ұша алмаған күйде жерде өткізеді. Оның себебі адам көбелекті аяп көмектескендігінде. Адам оның кішкентай тесік арқылы қиналып шығу, ол көбелек үшін аса маңызды іс екендігін түсінбеген. Кішкене тесіктен көбелектің қиналып шығу кезінде денесіндегі сұйықтық оның қанаттарына беріліп қанаттарының қатаюна жайылып ұшуына көмектесетіні маңызды. Көбелектің өмірі оны кішкентай тесіктен қиналып шығуына мүмкіндік жаратқан. Ол - оның өмірі.сол жол арқылы қийналып шығу көбелекті өз өміріне дайындығы. Сол сияқты кейде бізде жеңілдің үстінен өтетін болсақ өмірдін үйренетін көп жағдайларды алып тастаймыз. Өмір сынақтарынан өту үшін бізге де осындай жігерлік керек. Егер бізде өмірде ешқандай қиындықтарды жеңуге мүмкіндігіміз жоқ, әлсіз болып жаратылсақ, онда бүгінгі күнде осылай жігерлі батыл бола алмас едік. Біз ешқашан өз армандарымыз бен ұша алмас едік.
Мен құдайдан сұрадым...
Мен күш сұрадым.... ал ол маған қиындақ берді, мені батыр ету үшін.
Мен ақыл сұрады .... ал ол маған мәселе ( проблемы) берді, шешу үшін.
Мен байлық сұрадым.... ал ол маған ақыл мен дене берді, жұмыс істеу үшін.
Мен ұшу үшін мүмкіндік сұрадым... ал ол маған тосқауылдар берді, менің оны жеңуім үшін.
Мен махаббат сурадым.... ал ол маған адамдарды берді, олардың проблемаларын шешуге көмектесу үшін.
Мен береке сұрадым .... ал ол маған мүмкіндік берді.
Сонымен мен сұрағандарымнан ештеңе ала алмадым:
Бірақ мен өз өміріме керектінің бәрін алдым.
3. Рефликсия:
Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіздерші
Сіздер үшін тренингте қандай жаңалықтар болды?
Өміріңізде осы тренинг сіздерге сабақ бола ала ма?
Қандай тілектеріңіз бар?
Жаттығу « мен – бұл мен» ал «Сен - бұл сен»
Мақсаты: арттеропия элементтерін пайдаланып, әрбір қатысушының өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін және олардың жеке-дара екендігін ұғындыру.
Сіздер жоғарыда берілген тексеріс аттестациялардың жағдаяттарынан шығу үшін әркім әр түрлі тәсілдерді қолданады. Оған адамдардың өздерінің тұлғалық ерекшеліктері көмектеседі.Әрбір адам ол бір қайталанбайтын индивит екендігін анықтау мақсатында берілген жаттығу. Осы мақсатты айқындау үшін төменде берілген көбелектің суреттерін алып, оны өздеріңізге ұнаған бояулармен әшекейлеп бояу керек. Боялған көбелектеріңізді фатман қағазға орналастырыңыздар.
Жүргізуші психолог бояуларды ол көбелектерді ватман қағаздарға орналастыру барысын бәрін қадағалап, жатығудың соңында әр мұғалімді өздерінң қайталанбайтын индивит екендігін ұғындыру керек.
Рефликсия: бояу кезінде алдымен сізді бояуды таңдау мәселесі қинады ма?
Не себептен осы бояуларды қолдандыңыз?
Бояу барысында қандай әсер алдыңыз?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |