Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Стандарттық емес есептерді шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.


Стандарттық емес есептерді шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Мақсаты: Стандарттық емес есептерді шешу тәсілдерін үйрету арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қазіргі күні еліміз экономикалық өрлеу үстінде. Еліміздегі жастарға білім берудің де сапасы қарқынды көтерілуде. Бірнеше дарынды балаларға арналған, бағыттар бойынша оқытуға негізделген мектептер ашылды. Дегенмен де, соңғы онжылдықтарда еліміздің басынан өткен дағдарыс кезеңдері өз әсерлерін көрсетуде. Қазіргі күнде еліміздегі мектеп оқушыларының өз ойларын дұрыс жеткізе алу қабілеттерінің төмендігі, білім алуға деген ұмтылыстарының төмендеуі, мектептерде қиын оқушылардың көбеюі байқалады. Бұл проблемаға себептер – сол жылдардағы экологиялық ахуалдың төмендеуі, халықтың денсаулығының нашарлауы, рухани-танымдық тәрбиенің нашарлауы, экономикалық қиындықтар. Бұл бүгінгі күндегі математика пәнін оқытуға да теріс әсерін беруде. Бұл проблеманы шешу көп шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Осы шаралардың бірі – стандарттық емес есептерді шығару тәсілдерін үйрету арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту деп ойлаймын. Бұл шара оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын да көтеруге көмек береді.
Математикада қандай есептерді стандарттық емес атайды? Бұл сұрақтың жақсы жауабы Л.М. Фридман мен Е.Н. Турецкийдің «Как научиться решать задачи» атты кітабында берілген:
- Стандарттық емес есептер дегеніміз – математика курсында бұл есепті шешуді анықтап көрсететін дәл бағдарламасы, яғни шешудің жалпы ережелері мен тәртіптері жоқ есептер. Оларды қиындығы жоғары есептермен шатыстырмау керек. Қиындығы жоғары есептің шарты бойынша оқушы бұл есепті шығаруға қажетті математикалық аппараттың дәл өзін оңай тауып бере алады. Ал, мұғалім алынған білімдердің бекітілу процесінің жүруін бақылап отырады. Ал, стандарттық емес есептерде зерттеу сипаты бар. Сонда бір оқушы үшін бір есеп стандарттық емес болып табылса, ал, басқа оқушы бұл есепті өзі білетін таныс стандарттық тәсілдер арқылы шығара алады. Өйткені ол мұндай есептерден көбісін алдында шығарған. Белгілі бір есеп 5 сынып оқушысы үшін стандарттық емес болса, ал бұл есеп 6 сынып оқушылары үшін таныс есеп болуы мүмкін.
Стандарттық емес есептерді шешуге үйретудің бүгінгі күнде дәл тура әдістері көрсетілмеген. Бұл мұндай есептердің даралығынан себепті.
Егер де мұғалім стандарттық емес есептерге деген оқушылардың қызығушылықтарын тудыра алса, онда оқушыларға бұл есептердің шешу тәсілдерін жеңіл үйрете алады.
Бірақ та ертеден қалған «Математикаға көршіңнің қалай жасайтындығын көріп тұрып үйренуге болмайды» деген сөз бекер айтылмаған.
Стандарттық емес есептерді шешу біліктіліктері практикамен игеріледі. Білім дәрежесі көп еңбекпен келеді, көп уақыт талап етеді.
Жалпы математиканы қай оқушы есепті шешуді білсе, сол оқушы жақсы көретіндігі бақылаулардан анықталыпты. Яғни біз оқушыларға есептерді шығару тәсілдерін үйрету арқылы олардың пәнге деген қызығушылықтарына, логикаық ойлау қабілеттерінің дамуына әсер ете аламыз.
Ал, стандарттық емес есептерді шешуге үйрету логикалық ойлау қабілеттерін тіпті жоғары дәрежеде дамытуға көмектеседі. Сонымен бірге, мұндай есептер оқушылардың танымдық шығармашылықтарын белсенділендіреді.
Стандарттық емес есептерді шешу тәсілдерін үйрету үшін мұғалімге мына істерді орындау қажет:
- стандарттық емес есептерді шешу тәсілдерін үйретудің педагогикалық тәжірибелерін меңгеру;
- стандарттық емес есептерді әр сыныптар бойынша жинақтау;
- материалды дәл, дұрыс түсіндіруге машықтану;
- өзінің және өзгелердің қателіктерін анықтау және оларды талдау.
Оқушылардың арасынан өзеннен қайықпен ешкіні, қырыққабатты, қасқырды өткізу есебін шығармағанын табу қиын болар. Сол сияқты көбіміз жұмбақ есептерді шешуге, сіріңке талшықтарымен берілетін есептерді шешуге уақытымызды бөлгенбіз. Мұндай есептер көп ойлануды қажет етеді және математикадан елеулі орын алады.
Өйткені, біріншіден, мұндай есептерді шешу үшін белгілі математикалық білімдер ғана емес ой біліктілігі де қажет болады;
Екіншіден, мұндай есептерді шешу жекелеген ғылыми мәселені шешуге ұқсайды. Ғылыми мәселені зерттеуші адам белгілі бір анық фактілер бойынша түрлі мүмкін гипотезаларды қарастырады. Соңында фактілерге сәйкесті бір шешімге келеді және ол шешімнің жалғыз ба екендігін анықтайды.
Дәл осылайша стандарттық емес есептерді шешуде де есептің шешімін логикалық іздестіруді орындаймыз. Сондықтан да стандарттық емес есептерді шешу тәсілдерін үйрету әрбір оқушы үшін пайдалы және болашақта оның қай мамандықты таңдайтынына тәуелсіз.
Оқушының пәнді оқуға деген қызығушылығын туғызуда қызықты тарихи деректер мен аңыздар, әңгімелер көп көмектеседі.
Мәселен, 5 сынып оқушыларына математика пәнінен «Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі» тақырыбын түсіндіру кезінде араб сандарының шығу тарихы туралы аңыздармен таныстырып кеткен дұрыс. Араб цифрларының әрқайсысының жазылуында өзі қанша болса, сонша бұрыш бар екен. Яғни ертедегі адамдар цифр мен бұрыштың арасындағы белгілі бір байланысты меңзеген болса керек.

Цифрлардың бастапқы формаларынан біз 0 цифрында бұрыштың жоқтығын, 1- цифрында бір бұрыштың, 2-цифрында екі бұрыштың және т.с.с. байқай аламыз.

Енді көп таралған стандарттық емес есептердің кей түрлерін шешу тәсілдерін қарастырайық.
1) Сәйкес нұсқаны табу есептері.
5 сынып оқушыларына мұндай есептерді кесте тәсілімен шешіп үйреткен дұрысырақ.

1-есеп: Қарақшы үңгірге өз қазынасын үш әр түрлі түсті сандықтарға салып бір қатарға тізбектей қойды. Біреуіне – бағалы тастарын, екіншісіне – алтын тиындарын, үшіншісіне – Қару-жарақтарын салды. Бірақ ол:
- қызыл сандық бағалы тастар салынған сандықтың оң жағында тұрғанын;
- қару-жарақ салынған сандық қызыл сандықтың оң жағында тұрғанын;
- жасыл сандық көк сандықтың сол жағында тұрғанын ғана есінде сақтап қалыпты.
Қару-жарақ қандай түсті сандыққа салынды?

Бағалы тастар Алтын тиындар Қару-жарақтар
Қызыл сандық - + -
Жасыл сандық + - -
Көк сандық - - +

2-Есеп: Үш адам сөйесіп тұр: Ақбаев, Қарабаев, Сарыбаев. Олардың қара шаштысы Ақбаевқа айтады. «Біреуіміздің шашымыз ақ, екіншінің шашы қара, үшіншісінің шашы сары, бірақ ешкімнің шашының түсі фамилиясына сәйкес келмейді». Олардың әрқайсысының шаштарының түстері қандай?

Шешуі:
1-тәсіл (логикалық пайымдау арқылы)
Қара шашты адам Ақбаевпен сөйлескендіктен, Ақбаев қара шашты да болмайды, ақ шашты да болмайды (себебі шашының түсі фамилясына сәйкес келмеу керек). Олай болса Ақбаев – сары шашты. Онда Қарабаев – ақ шашты, ал Сарыбаев – қара шашты болады.
2-тәсіл. (кестенің көмегімен )
алдымен есептің шарты бойынша, кестені салайық

Тегі Сары Қара Ақ
Ақбаев + - -
Сарыбаев - + -
Қарабаев - - +

Жауабы: Ақбаев – сары шашты
Қарабаев – ақ шашты
Сарыбаев – қара шашты

2) Серілер мен өтірікшілер туралы есептер

«Серілер мен өтірікшілерге» берілетін есептер өте көп кездесетін қызықты есептердің түріне жатады. Сері тек қана ақиқат, яғни шын сөйлейтін адам, ал өтірікші ұдайы тек қана жалған, яғни өтірік сөйлейтін адам. Мұндай есептерді шешу кезінде есеп шартында берілетін адамдар арасындағы диалогтан кімнің сері, кімнің өтірікші екендігін анықтау талап етіледі.

3-Есеп: Аралда тұратын үш тұрғын бақ ішінде өзара сөйлесіп тұрыпты: (А, В және С). Жандарынан өтіп бара жатқан бөгде жерлік адам А-дан: "Сіз өтірікшісіз бе, әлде серісіз бе?"-деп сұрапты. Ол естілер-естілмес міңгірлеп анықтап жауабын бермепті де, бөгде жерлік адам оның жауабын түсіне алмапты. Сонда бөгде жерлік адам В-дан:: "А не деп жауап берді?" –деп сұрапты. В оған: "A мен өтірікшімін ", - деп айтты депті. Сол кезде аралдың үшінші тұрғыны С сөзге араласып: "В-ға сенбеңіз! Ол өтірік айтып тұр!"-депті. Арал тұрғындары В мен С-ның қайсысы сері, қайсысы өтірікші?

Шешуі: Сері де, өтірікші де "Мен өтірікшімін" деп айта алмайды (мұндай сөзді сері айтса, ол алдаған болар еді, ал өтірікші шын сөйлеген болар еді). Сондықтан да, А кім болса да өзі туралы «мен өтірікшімін» дей алмас еді. Яғни, В "A мен өтірікшімін ", - деді деп өтірік айтып тұр. Бұдан В-ның өтірікші екендігін білеміз. Ал, С болса "В-ға сенбеңіз! Ол өтірік айтып тұр!"-дей отырып шындықты айтып тұрғандықтан ол – сері. Сонымен, В – өтірікші, С – сері. (Біз А-ның кім екендігін айта алмаймыз, өйткені оның сөздерін ести алмады.)
Жауабы: В – өтірікші, С – сері.


Бұл есептерден де басқа
- комбинаторикалық есептерді шешу;
- құюға берілетін есептерді шешу;
- салмақ өлшеуге берілетін есептерді және т.б. түрлі есептерді шешу тәсілдерін меңгерту оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға өте көп көмек береді.
Сөзімді қорытындылай келе айтқым келетіні, қазіргі күнде жалпы білім беретін мектептердегі математикалық білімді дамыту шараларын қазірден бастау қажет. Бұл шараны жүзеге асырудың бастапқы шарттарының бірі ретінде ұсынатыным мектептерде «Логикалық математика» курсын енгізу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
география пәнінен есептер шығарудың жолдары
Екі жақты бұрыш
Математикалық логика негіздері
Математикалық логика негіздері
Қызықты математика
Олимпиада есептерін шығару
Жобаны талдау
Ағаштан бұйымдар жасаудың шығармашылық жобасы
ЭЕМ да есеп шығару кезеңдері: есептің берілуі, алгоритмі, тәсілі.
Химия пәнінен ҰБТ-ге дайындау
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 4979 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз