Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру


Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру

 Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру

Тақырып: Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру

Білімділік мақсаты: фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруға үйрету

заттарды түрі, түсі, пішіні бойынша салыстыруға үйрету, ұқсастықтары мен  ерекшеліктерін ажырата білуге төселдіру.

Дамытушылық мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту ойын толық жеткізуге  дамыту оқушылардың бойында салыстыру, көздеп  ажырату  қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: тез ойланып, қорытынды жасауға,байқағыштыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: суреттер,геометриялық фигуралар..

Қолданылатын әдіс: әңгімелеу, көрнекілік, бекіту,ойын, өздік жұмыс.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. Құрал-жабдықтарын тексеру.

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

1.Сандар қатарын 1-10 дейін тура және кері атап шығу.

2.Ойын «Мен саған, сен  маған»

   Мақсаты: оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өз ойын жеткілікті жеткізе білу 

                     дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту.

   Шарты: тақтаның алдына шыққан 2 оқушы бір-біріне сұрақтар қояды.  Мысалы: - сыныпта неше

                  қыз бар? Сне нешінші партада отырсың? Т.с.с.

Орындарында жұппен де жұмыс ұйымдастыруға да болады.

Соңында: қандай қызықты сұрақтар қойылды, деп тексеріп шығуға болады.

  1. «Мен не туралы айттым?» ойыны.

   Мақсаты: оқушылар геометриялық фигуралардың сипаттамасын қаншалықты білетіңдерін, мұғалім сөздерін мұқият тыңдағандарын, ойлау қабілеттері дамыту, шапшаң болуға жетелеу.

   Шарты: Көрнекілік плакатта көрсетілген фигуралардың біреуін мұғалім сипаттайды, оқушылар тану тиіс.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Практикалық кезең:  а) оқушылар алдарында жатқан шаршы фигураны талдайды:

 түсі қандай?

түрі қандай?

пішіні қандай?

Мұғалімнің нұсқауы бойынша фигураны бүктейді.

 - қандай фигура пайда болды?

- неше үшбұрыш пайда болды?

ә) Дәл осындай жұмысты алдарында жатқан үшбұрышпен өткізеді.

 Бүктегеннен кейін: - неше және қандай фигуралар пайда болды?

 2.Жұппен жұмыс: а)  екі үшбұрыштан төртбұрыш құрастыру;

 ә) бір үшбұрыш пен бір төртбұрыштан үй салғызу;

 б) бір дөңгелек пен бір үшбұрыштан қыз баланы мүсіндеу;

в) бір дөңгелек пен бір төртбұрыштан робот құрастыру;

3. Шығарашылық жұмыс: геометриялық фигуралардан өздері қалаған затты құрастыру.

 Тексеру: - қандай затты құрастырдыңдар?

 - Ол үшін қандай және қанша фигуралар керек болды?

ІҮ. Білімді тиянақтау.

1. Оқулықпен жұмыс.

Топпен жұмыс: І топ- адам бейнесі

ІІ топ- зымыран

ІІІ топ- кран

2. Дәптерде жұмыс.

Графикалық диктант:                  

-          Дөңгелектің оң жағына үшбұрыш сал;

-          Үшбұрыштың оң жағына шаршыны сал;

 Ү. Рефлексия.

Суреттен қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар?

  1. Қазір үй оң жаққа "қарап" түр.

 Бір сіріңкенің орнын ауыстырып, үйді басқа жаққа  "қаратып" қой.  

3. - Сабақ үстінде немен айналыстық?

    - Қандай жұмыс түрі сендер үшін қызықты болды?

ҮІ. Бағалау.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш».
Интеллектуалды сабақ "Тапқырлар"
Геометриялық фигуралар.
0-ден 20-ға дейінгі сандар.Қосу және азайту.
Сызықтардың түрлері
Нүкте. Кесінді
Математикалық фигуралар
Фигуралар
Үшбұрыштан тұратын фигура құрастыр
Геометриялық фигуралар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12029 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык