Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сызықтардың түрлері


Сызықтардың түрлері

Сызықтардың түрлері

Тақырып: Сызықтардың түрлері

Білімділік мақсаты: сызықтардың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру;

Дамытушылық мақсаты:фигураларды салыстыруды жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.

Сабақтың түрі:  саяхат сабағы.

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар,жіп орамы.

Қолданылатын әдіс: ойын, өздік жұмыс, жүппен, топтық жұмыс.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

2. «Жұмылған көзбен тап» ойын арқылы құрал-жабдықтарын тексеру.

3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Қызығушылығын ояту.

-Бүгін біз «Геометрия» еліне саяхат жасаймыз. Мұнда ерекше тұрғындар өмір сүреді.

Кейбіреулерімен сендер даярлық топта оқығанда таныстыңдар.

  1. Логикалық тапсырма «Қандай  фигура артық?»
  2. Қорытынды: пішіні бойынша – дөңгелек артық, себебі қалғандары – үшбұрыш; түстері бойынша  – жасыл үшбұрыш, себебі қалғаны – сары түсті.
  1. Ойын «Сөйлемді аяқта!»  Тақтада:

Сары шаршы үлкен, ал  .........

Қызыл шаршы кішкентай, ал .......

3. Қорытынды:  Сонымен, «Геометрия» елінің тұрғындары кім екен?

Фигураларды атап беріңдерші.

ІІІ. Жаңа сабақ.

 1.. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен  таныстыру

            -    Бүгін біз осы елдің жаңа тұрғындарымен танысамыз, оларды салыстырамыз да ажыратуға үйренеміз.    

2. Практикалық жұмыс.  Жіппен жұмыс :

             -  Қатты тартсақ   -   жіп қандай болады? -  түзу сызық

             - Жіпті бос  ұстасақ   –  жіп не істейді? -    қисық сызық 

             -  Екі шетін байласақ   -  жіп неге ұқсайды?  - тұйықталған  сызық

             -  Байлағанды шешсек  -  жіппен не болады?  -  тұйықталмаған  сызық 

     Тақтада жұмыс: түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды оқушылардың  өздеріне салғызу.

3. Қорытынды: «Геометрия» елінің маңызды тұрғындар – сызықтармен таныстық.

              -  Сызықтар қандай болады?

              -  Қалай ойлайсыңдар, олардың керегі неде?

              - Олардың көмегімен не сызуға болады?

 Маркерлік тақтаға  фигураларды салғызу: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша.

ІҮ. Білімді тиянақтау.

1.Оқулық бойынша жұмыс

2. Дәптерде жұмыс.

Ү. Рефлексия.

  «Шаршы» әдісі.

Шарты: қатырма қағаздан жасалған шаршының әр жағына тапсырма жазылған. Оқушылар шаршыны лақтырып, түскен сұраққа жауап беруге тырысады.

Қандай фигура?

Ол туралы не білесің?

«Дұрыс әлде бұрыс»?

Мынау – шаршы.

 

     Шаршы

    туралы не       

      білесің?

 

  Сызықтардың  

    түрлерін атап   

          бер.

 «Геометрия» елінің қандай тұрғындарын білесің?

 

ҮІ. Бағалау. Оқушылардың  еңбегін мадақтау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш».
Шаршы
Сызықтар
Нүкте. Кесінді
Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру
Шаршы мен тік төртбұрыш
Математикалық фигуралар
Фигуралар
Геометриялық пішіндер
Геометриялық фигуралар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10396 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык