Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Екі өрнектің квадраттарының айырымы көмегімен көбейткіштерге жіктеу.


Екі өрнектің квадраттарының айырымы көмегімен көбейткіштерге жіктеу.

Екі өрнектің квадраттарының айырымы көмегімен көбейткіштерге жіктеу.

Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымы көмегімен көбейткіштерге жіктеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: екі өрнектің квадраттарының айырымы көмегімен көбейткіштерге жіктеуді үйрету, біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, есептерді шешу кезінде тиімді пайдалана білуге үйрету.

Дамытушылық:  оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды шыдамдылыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа,  ұжымдастыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдар, үлестірме карточкалар, түрлі түсті жапсырма қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Жоқ оқушыларды белгілеу. Жұмыс орнын ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткенге шолу:

Сұрақтарға жауап беру, тақтаға формулаларын жазу.

1. Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі неге тең болады?

2. Екі өрнектің квадраттарының айырмасын көбейткіштерге жіктеу формуласы қалай жазылады және қалай оқылады?

3. Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласының маңызы қандай және ол не үшін қолданылады?

ІІІ. Есептер шығару.

    Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Екі өрнектің квадраттарының айырымы көмегімен көбейткіштерге жіктеу».

    Біздер бүгінгі сабағымызда екі өрнектің квадраттарының айырымы тақырыбын қайталап, еске түсіріп, осы формуланы пайдаланып көбейткіштерге жіктеу есептерін шығарып білімдеріңді жетілдіреміз.

     Қазір сіздермен бірнеше тапсырмалар орындаймыз. Әр тапсырмаға мен сіздерге түрлі түсті қағаздан жасалған фигураларды (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш) беріп отырамын. Сабақтың соңында барлық жинаған фигураларыңды санап қорытынды баға қоямын.

 

І. Ауызша есептер (интерактивті тақтадан оқып, ауызша жауаын айту керек):

 

(a-2b)(a+2b)

9a2-25b2

(3y+2)(3y-2)

x2-16y2

(m-5n)(m+5n)

4m2-n2

(x2-2y)( x2+2y)

y2-1

(6x-y)(6x+y)

a2-16

(6m-1)(6m+1)

b2-25

(c2-2d)( c2+2d)

25b2-81a2

(a-7)(a+7)

49x2-1

(3a+4b)(3a-4b)

x2-100

ІІ. Математикалық диктант(дәптерлеріне жазып, интерактивті тақтадағы жауаптарымен тексереді).

  1. а мен b-ның айырмасын олардың қосындысына көбейту.
  2. m-нің екі дәрежесі мен 25-тің айырмасы.
  3. х-тің екі дәрежесі мен 9 көбейтілген у-тің екі дәрежесінің айырмасы.
  4. 2ху пен 1-дің айырмасын олардың қосындысына көбейту.
  5. 3х пен 5у-тің айырмасын олардың қосындысына көбейту.
  6. 16 мен к-ның екі дәрежесінің айырмасы.
  7. а-ның екі дәрежесі мен в-ның үш дәрежесінің айырмасын олардың қосындысына көбейту.

ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар (оқушылардың пән бойынша білім деңгейлеріне қарай жеке үлестірме карточкалар беріледі).

А деңгей

Тепе-теңдік шығатындай етіп * таңбасының орнына қандай да бір бірмүшені жаз:

1) (*+2)(*-2)= 9x2-4

2) (5a-*)(5a+*)= 25a2-16b2

3) а2-*=(а-5)(а+5)                                    

4) (*+m)(10-m)=100-*                 

5) 9k2-*=(3*-4)(3*+4)

Тепе-теңдік шығатындай етіп * таңбасының орнына қандай да бір бірмүшені жаз:

1) (3m + *)( 3m - * )=9m2-4n2

2) ( 5а -4x)( 5а +4x)=*-16x2
3) ( * -b4)(b4+ * )=a10-b8
4) (144a2-25b4)=(12a- * )(12a+ * )

Кестені толтыр

1

2

Екі өрнектің

айырмасын оның

қосындысына көбейту

Екі өрнектің квадраттарының

айырмасын жазу

х

5

а

у

в

1

 

 

   

Кестені толтыр

1

2

Екі өрнектің

айырмасын оның

қосындысына көбейту

Екі өрнектің квадраттарының

айырмасын жазу

2a

x

3m

1

4b

5y

4n

k

 

 

                  

В деңгей

Көбейткіштерге жікте:

1) 16a8-9b2

2) 0,64b2-25a2

3) 25x2-y3

Көбейтуді көпмүше түріне келтіріп жаз:

1) (a2+5)(a2-5)

2) (0,5+b2)(0,5-b2)

3) (3-x3)(3+x3)

С деңгей

Өрнекті ықшамда:

1) (0,8x+15)(0,8x-15)+0,36x2

2) 5b2+(3-2b)(3+2b)

Теңдеудің түбірін тап:

(6x-1)(6x+1)-4x(9x+2)=-1

Теңдеудің түбірін тап:

(8-9p)p=-40+(6-3p)(6+3p)

ІV. Оқулықпен жұмыс(сынып оқушылары тақтаға оқулықтағы есептерді шығарады).

№ 370

1) 9a2-25b2= (3a-5b)( 3a+5b)                          2) 4c2-49d2= (2c-7d)( 2c+7d)

3) -81+25m2= (5m-9)(5m+9)                          4) x4y2-0,04= (x2y-0,2)( x2y+0,2)

5) 0,16-x8= (0,4-x4)( 0,4+x4)                           6) 144-49n2= (12-7n)(12+7n)  

7) a2b2-c2= (ab-c)(ab+c)                                   8) p2q2-4k2= (pq-2k)(pq+2k)

№ 385

  1. (5a+6)2-81= (5a+6-9)(5a+6+9)= (5a-3)(5a+15)
  2. 25-(a+7)2= (5-a-7)(5+a+7)= (-a-7)(a+12)
  3. 9m2-(1+2m)2= (3m-1-2m)(3m+1+2m)=(m-1)(5m+1)
  4. (5x-3y)2-16x2= (5x-3y-4x)(5x-3y+4x)=(x-3y)(9x-3y)
  5. (5c-3d)2-9d2= (5c-3d-3d)(5c-3d+3d)= 5c(5c-6d)
  6. 49m2-(n+8m)2= (7m-n-8m)(7m+n+8m)= (-m-n)(15m+n)

Қосымша есеп:

№ 387

Жауаптары: 1) 1,5   2) 4,8     3) 14     4)

V. Қорытындылау, бағалау: оқушылардың жинаған түрлі түсті фигураларын санап, қорытынды баға қойылады. Сабақтың ең соңында «Табыс ағашы» отырғызылады. Тақтада ілініп тұрған ағаштың суретіне әр оқушы алма іледі. Тақырыпты жақсы түсіндім, меңгердім деген оқушы қызыл алма, әлі де көмек керек, түсінбеген жерлерім бар деген оқушылар жасыл алма ілу керек.

 

VІ. Үйге тапсырма беру: 86-87 беттер тақырып 2.1-2.2 оқу, №369, 384

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымының кубының формулалары.
Проценттер.Бұрыштар . Дөңгелек диаграмма
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы
Қысқаша көбейту формулалары
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екі өрнектің квадраттарының айырымының формуласын қолдану
Бүтін өрнектерді түрлендіру
Қысқаша көбейту формулалары
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 7029 | Қосты: Досанова Биганым Бериккалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык