Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қысқаша көбейту формулалары


Қысқаша көбейту формулалары

Қысқаша көбейту формулалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді ықшамдауда және көпмүшелерді көбейткіштерге әртүрлі тәсілдермен жіктеуде қолдану біліктіліктерін тексеру, жалпылау; есептеу дағдыларын тереңдету.

Дамытушылық: өтәлген тақырыптары бойынша  құрылған тестік тапсырмалармен жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуларына жағдай жасау.

Тәрбиелік:  алған білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:  Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:  Слайд,карточкалар

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындықтарын тексеру)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ. Жаңа тақырыпқа түсінік беру;

1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.

Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ басталмастан бұрын үй жұмысын  тексеріп алу.

2. Сабақтың тақырыбын,  жүргізу формасын  және мақсатын хабарлау. 

Кіріспе

   Мұғалім бүгін алгебра курсының негізгі тарауларының бірі - «Қысқаша көбейту формулалары»  тарауын қайталайтынын хабарлайды.

 7 сынып курсы бойынша көптеген маңызды тақырып қарастырылғанын және де оларды білмей алгебра курсын  әрі қарай оқу мүмкін еместігін ескертеді. Сабақ ойын түрінде өтетінін және ойынның жүргізілу тәртібімен таныстырады. Сабақ соңында әр оқушының  «Білім» қаласына қай вагонмен келгенімен бағаланатынын ескертеді. Ол үшін алдымен билетке «тапсырыс береді»: формулаларды бекіту мақсатымен оқушылар компьютермен MyTest бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмаларын орындайды. Білімдерін компьютер бағалайды. Алған бағалары бойынша математикалық поездың сәйкес вагонына орналасып, «Білім» қаласына аттанады.

 

1. Бекет– «Деңгейлік тапсырма»

2. Бекет – «Олимпиадаға дайындық»

3. Бекет – «Ауызша сұрақтар»

Билетке тапсырыс беру үшін, алдымен «Тестік тапсырма»  орындау қажет.

«5»-тік  баға алған оқушы купе вагонымен;

«4» -тік  баға алған оқушы плацкарт вагонымен;

«3» -тік  баға алған оқушы жалпы вагонмен аттанады,

ал «2» -лік  баға алған оқушы «Білім» қаласына сапарға аттана алмайды.

Сонымен  қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады. Мысалы деңгейлік тапсырмалардың үшеуі  дұрыс орындалса, жалпыдан→ плацкартқа; плацкарттан→купеге; екеуі дұрыс орындалса, өз вагонында қалады, ал егер  біреуі дұрыс орындалса, керісінше 

купеден→ плацкартқа; плацкарттан→жалпыға ауысады. Басқа бекеттердегі тапсырмаларды өз сұраулары бойынша орындайды және вагондарға ауысу тәртібі тапсырмалары дұрыс орындалса ғана жүзеге асады.

Сәт сапар тілейміз!

 

Бекеттер бойынша тапсырмалар орындау

  1. Бекет– «Деңгейлік тапсырма»

А деңгей-

 жалпы вагондағы оқушыларға

1. Тепе-теңдікті дәлелдеңдер: (х – 1)(х+1)(х2+1)(х4+1)=х8-1.

Дәлелдеуі: (х2 – 1)(х2+1)(х4+1)= (х4 – 1)(х4+1)= х8-1.

х8-1=х8-1∎

2. Амалдарды орындаңдар: 

Шешуі:

Жауабы: 80

3.  Теңдеуді шешіңдер:  4х2-9=0

Шешуі: 4х2-9=0

(2х-3)(2х+3)=0

2х-3=0    2х+3=0

2х=3       2х=-3

x=1,5     х=-1,5

Жауабы: x1=1,5,  х2=-1,5

 

 В деңгей

Плацкарттағы  оқушыларға

1.Санды өрнектің мәнін табыңдар: (2 – 1)(2+1)(22+1)(24+1)(28+1)–216

 Шешуі: (2 – 1)(2+1)(22+1)(24+1)(28+1)–216=(22–1)(22+1)(24+1)(28+1)–216=

=(24-1)(24+1)(28+1)–216=(28-1)(28+1)–216=216-1–216= –1

Жауабы: -1

2. Бос орындарды толтырыңдар:

 (*+*)2=*+84x2y3+49y6

Жауабы:

(6х2+7у3)2=36х4+84x2y3+49y6

3.Көбейткіштерге жіктеңдер: 64a6-125b9

Жауабы:

64a6-125b9=(4a2-5b3)(16a4+20a2b3+25b6)

 

С деңгей

Купедегі оқушыларға

1. Тиімді тәсілмен есептеңдер: 29612- 2953∙2969

Шешуі: 29612- 2953∙2969= 29612- (2961-8)∙(2961+8)= 29612-(29612- 64)= 29612-29612+64=64

 Жауабы: 64

2. Өрнекті ықшамдаңдар: (х+1)3-3(х+1)2+3(х+1)-1

Шешуі: (х+1)3-3(х+1)2+3(х+1)-1=(х+1-1)33

Жауабы: х3

3. Бос орындарды толтырыңдар:

      (3х5+*)3=*+108x10y2+*+*

Жауабы:

(3х5+4у2)3=27х15+108x10y2+144х5у4+64у6

 

2. Бекет – «Олимпиадаға дайындық»

№7.10

х3- 7х- 6  өрнегін көбейткіштерге жіктеңдер:

Шешуі:

х3- 7х- 6 = х3+1- 7х- 7 = (х+1)( х2- х+1)- 7(х+1) = (х+1)( х2- х+1- 7)= (х+1)( х2- х- 6)= (х+1)( х2- х- 2∙3)= (х+1)( х2- 3х+ 2х- 6)= (х+1)((х(х-3) + 2(х- 3))= (х+1)(х-3)(х+2)

№8.14

Есептеңдер:  (1- )∙ (1- )∙ (1-)∙ (1-)∙ ∙∙∙ ∙ (1- )=

Шешуі: (1- )∙ (1- )∙ (1-)∙ (1-)∙ ∙∙∙ ∙ (1- )=   

 (1- )∙ (1+)∙(1- ) ∙(1+)∙ (1- )∙ (1+)∙ (1- )∙ (1+)∙ ∙∙∙ ∙ (1-) ∙(1+)=

=          ∙∙∙ ∙   

№8.15

82008 санының соңғы цифрын анықтаңдар.

Шешуі: 6-мен аяқталады. Себебі: 82008 =82∙1004 =641004=…6

4-пен аяқталатын санның жұп дәрежесі 6 цифрымен аяқталады.

№8.22

х42+1  өрнегін көбейткіштерге жіктеңдер.

Шешуі: Толық квадратты ажыратып алу арқылы.

№8.23

х84+1  көпмүшесін үш көбейткішке жіктеңдер.

Шешуі: Толық квадратты ажыратып алу арқылы.

№9.9

a+в+с=5, aв+ас+вс=5 екендігі белгілі болса, онда   a222 өрнегі нешеге тең?

Шешуі: a+в+с=5 теңдігінің екі бөлігін де квадраттаймыз. a222 =15

№9.22

х4+4 өрнегін көбейткіштерге жіктеңдер.

Шешуі: Толық квадратты ажыратып алу арқылы.

3. Бекет – «Ауызша тапсырмалар»

  • Қысқаша көбейтудің қандай формулаларын білесіңдер?
  • Оларды неге қысқаша көбейту формулалары деп атайды?
  • Қысқаша көбейту формулалары қандай мақсатта қолданылады?

1.Қысқаша көбейту формулалары жақшаларды ашуда қолданылады:

(а±b)2; (а-b)(а+b); (а±b)3, (а±b)n, (a±в±с)2,... .

2.Көбейткіштерге  жіктеуде қолданылады: а2±2аb+b2; а2-b2 ; а3 ±b3; а3-b3

аn +bn , n-тақ сан болғанда және аn-bn

3.Өрнектерді  оқыңдар. Бірінші мен екінші өрнекті атап  және оларды квадраттаңдар: (2+х)2, (2х+3)2, (0,5у2+1)2;

4.Көбейтуді орында: (х-2)∙(х+2), (0,2-с2)∙(0,2+с2), (7+х)∙(х-7);

5.Көбейткіштерге  жіктеңдер:

а2+18аb+81b2, с4 – 121, х3+8, а2+2аb+b2–9; х4 – 125х; 27а3 – а5 , 9 – (х-2)2.

6. 13+132 +133 +134 +∙∙∙132001 +132002  өрнегі 7-ге  бүтіндей бөлінетінін дәлелдеңдер.

Шешуі: Топтастыру  арқылы

Қосымша тапсырмалар

№31.28

Топтау тәсілімен теңдеуді шешіңдер: 4х4 –5х2+10

Жауабы: ±1,±0,5

№31.34

(156∙135–127)⋮75 екендігін дәлелдеңдер.

7. Үйге тапсырма.

Егер «Білім» қаласына:

Купе вагонымен келсеңіз:

Паскаль үшбұрышын қолданып, келесі екімүшелерді 4,5,6,7- дәрежелерге шығарып, көпмүше түрінде көрсетіңдер: (у-2), (с+1), (а23), (в+3)

Плацкарт вагонымен келсеңіз: 

Пифагор есебі.

1-ден өзге кез келген тақ сан екі квадраттың айырмасына тең.

Шешуі: Формулы 20

 

Жалпы вагонымен келсеңіз:

Диофант есебі.

Қосындысы 20, ал көбейтіндісі 96 болатын екі санды табыңдар.

Диофант осы есепті шешу үшін квадраттар айырмасы формуласын қолданды. Сендер де солай шығарып көріңдер.

Шешуі: (10+х)(10–х)=96

х=2

Жауабы: 12 және  8

Қосымша тапсырма

 

Қысқаша көбейту формулаларын қайталау.  №30.45, № 30.46  есептерін шешу      

4.  Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы. 

Рефлексия. Мұғалім бүгінгі сабақта әр оқушының өз  білімін  қалай көрсеткені туралы қорытындылайды.  Оқушылар өз білімдерін карточканы толтыру арқылы біледі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Қысқаша көбейту формулаларын қайталау
Теңдеуді шешу.
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымы
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулаларын қайталау
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Бүтін өрнектерді түрлендіру
Қысқаша көбейту формулалары
Бөлу амалына берілген бір амалмен шығарылатын есептер
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 7779 | Қосты: Ахметова Арайлым Сайлаубаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык