Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біз осындай баламыз


Біз осындай баламыз

Біз осындай баламыз

 Сабақтың тақырыбы :            Біз осындай баламыз

Сабақтың мақсаты:    Қоғамымызға рухани байлығымен мол пайда келтіретін, халқымыздың қамын ойлайтын, мемлекетіміздің болашағына өзіндік үлесін қоса алатын жас жеткіншектерді қалыптастыру

Жас жеткіншектерді  тазалыққа, ұқыптылыққа,жанашырлыққа, мейірімділікке,сыпайылыққа, кішіпейілділікке,отаншылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

    Кіріспе сөз:    «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дейтін         Әл –Фараби бабамыздың сөзі әр заманға да өзекті бір мәселенің түйіні іспеттес.Тәрбие дегенде бірінші ойға келетін ұғымдар – адамгершілік, тазалық жеке тұлғаның қоршаған ортамен үйлесімді қарым – қатынас және мәдениет пен жауапкершілік.Ал осы тәрбие мен оқытудың ордасы мектеп десек,         2010 – 2011 оқу жылынан бастап  «Бөбек» қорының президенті С.Алпысқызының «Өзін – өзі тану»  рухани- адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру  мекемелерінде  пән ретінде енгізіліп жүргізілуде.Бұл пәннің басқа пәндерден ерекшелігі –  баланың санасын тазалайды,көңілін сергітеді,ұлттық құндылықтарды  ұлықтай білуге үйретеді.

  Шын мәнінде бұл пән балаларға ұнайды. Себебі сабақта оқушылар еркін отырады,бір – бірімен пікір алмасады, бірін – бірі тыңдауға үйренеді, өз мүмкіндіктерін ашып, қабілеттерін дамытады, ән айтады, шығармашылықпен жұмыс жасайды.

   Бүгін осындай игі істерді жалғастырушы  1 – 4 класс оқушыларынан құралған топтар арасындағы

  «Біз осындай баламыз»  атты білімділік сайысын    ашық деп жариялаймын. 

Қазылар  орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып, әділқазы алқаларын ортаға шақырайық

 

 Бастауыш класс бірлестігінің жетекшісі :     Г.С.Төлеш

   Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі :            С.Е.Қалиева

 

Кім білімді,өнерпаз, білейікші

Оқушылар  алғыр деп жүрейікші

Қазылар  алқасына тек әділдікті,

Сайыскерлерге  сәттілік тілейікші

 

Сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық

              «Жақсылық» тобы                                        «Мейірімділік» тобы

   Жақсылық – күннің шуағы                                             Күн нұрындай көңілім

   Өмірді сәнді қылады                                                       Даламдай кең пейілім

   Шуақ шашқан сәулесі                                                       Жүрегім толы мейірім

  Нұрын шашып тұрады                                             Бәріне ортақ шуағым

 

 

                                   «Әдептілік» тобы

                                  Сыйластықты іздеген

                                  Әдеп сақтар ізгі өрен

                                  Сыпайылық белгісі

                                  Үлкендерге «Сіз» деген.

 

 

Бүгінгі кешімізді  күнделікті сабақтағыдай  әдістемелік тәсіл арқылы, шаттық шеңберімен бастайық.

Шаттық шеңбері

  Бүгінгі көңіл күйлерің қандай ?

Қуанамын мен де (Өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де   (Жанындағы досын көрсетеді)

Қуанайық достарым (Бір – бірінің қолдарын ұстайды)

Арайлап атқан күнге  ( Қолдарын жоғары көтереді)

 

     «Өзін – өзі тану»   гимні    (Барлығымыз хормен орындаймыз)

Бағдарламада:

  1. Жылы сөз – жанға шипа (таныстыру)
  2.  Білім – ақиқат бастауы .  Білім сайысы

А)  Мақал – сөздің мәйегі (Мақал – мәтелді жалғастыру)

Ә) Кім шапшаң? (Жұмбақтар шешу)

Б) Ребус шешу

В) Шығармашылық жұмыс( әр бір топ өз тақырыптары туралы жазады)

  1. Өзін – өзі танудан үйренгенім (Сұрақ – жауап)
  2. Өнерлі бала сүйкімді  (өнер сайысы)
  3. Жақсы сөз – жарым ырыс ( жақсы тілектер айту)

 

І  -  бөлім Таныстыру бөліміндегі ерекшелік  әр топ өз бойларындағы жақсы қасиеттерді көрсете білу керек.

Сіздерден алған жылылық шуағы көңілімізді, ойымызды жарық нұрмен толтырғандай . Осындай жыллық шуағын сеінген адам білімді бола алады.Ал білімді адам өз арманына жете алады, олай болса кешіміздің екінші бөлімі «Білім – ақиқат бастауы» дегендей өз білімімізді байқатайық.

 Халқымыз жақсылық деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі мол адамда жақсы адам деген. Білімді ,жақсы болуды мақал – мәтелдер арқылы дәріптеген.

ІІ – бөлім  «Мақал – сөздің мәйігі» мақалдың  жалғасын табу

Мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал сіздер жалғасын табасыздар (әр дұрыс жауап бір ұпай)

«Жақсылық»  тобы   

1.Оқу - білім азығы     (Білім  - ырыс қазығы)

2.Оқығаныңды айтпа,    (Тоқығаныңды айт)

  1. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын

 (Жаманның жамандығын құты қашсын)                              

«Мейірімділік»  тобы

 

  1. Білім арзан , (білу қымбат)

 

  1. Ақыл азбайтын тон , (Білім таусылмайтын кен)

 

  1. Үлкенге құрмет, (кішіге міндет)

 

«Әдептілік»  тобы

 

  1. Білегіңе сенбе ( Біліміңе сен)

 

  1. Күш білімде – (білім кітапта)

 

3.Әдепті бала ата – анасын мақтатар

  ( Әдепсіз бала ата – анаасын қақсатар)

 

 

 

Жұмбақтар

                                                 «Жақсылық»  тобы   

Аппақ дала қара дән,                                            Білімнің нәрін тереді

Сепкен дәнін түсінуге жараған    (Әріптер)       Балаға   тәлім береді ( Ұстаз)

 

 Тілі жоқ өзінде

Сөзі бар ізінде   (Қаламсап)

 

«Мейірімділік»  тобы

Білімнен мол сиясы                               Шәкіртке жнашыр

Балғындардың ұясы ( мектеп)             Мейірман кім жан асыл(Ұстаз)

 

Оқу – білім аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесі де бірнешеу,

Тиегі бар ашпалы   (Сөмке)

 

«Әдептілік»  тобы

 

Ілулі тұр кең алаң,                          Білімнің жол басшысы,

Керегімді мен одан                         Шәкірттің қолбасшысы (Мұғалім)

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп (Тақта)

 Қысқа таяқ діңі бар,

Шиырлаған ізінде

Сайрап тұрар тілі бар   ( Қарындаш)

 

 

 

«Ребус» шешу – балалардың  өзінің ойы мен ісіне жауапкершілігін қалыптастыруға, ойлана білуге, өзін және өзгелерді бағалай алуға икемділіктері артады.

 

Шығармашылық жұмыс – өзін – өзі тану сабағының маңызды бір бөлігі.Шығармашылық жұмыс сурет салу, макеттер , өлең, әңгіме құрастыру  түрінде жүзеге асырылады.Бұл тәсіл балалардың шығармашылық шабытын аша түсуге, ынтымақтастық, шыдамдылық қасиеттерін дамытады

 Әр бір топ өз аттарына байланысты тақырып алып, шығармашылық жұмыс орындайды.

 

Ән:  

«Өзін – өзі танудан үйренгенім»   біз осы пән арқылы адами жақсы қасиеттермен таныстық, бірімізді біріміз сыйласуымыз, басқаны құрметтеудің өзіміз үшін қажет екенін  түсіндік.Олай болса алған білімімізді  тағы бір мәрте көрсетейік.

 

«Жақсылық»  тобы   

  1. Құрметті , ізетті білдіретін сөздер
  2. Сыйластық дегеніміз .....?
  3. Жақсы іс дегеніміз не ?

«Мейірімділік»  тобы   

1.Қамқорлық дегенді қалай түсінесің?

2.Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?

3.Жауапкершілік пен жауапсыздық дегенді қалай түсінесің?

 

«Әдептілік»  тобы

 

  1. Обал мен сауап дегеніміз не?
  2. «Кешірім» ұғымын қалай түсінесің ?

«Күш бірлікте » ұғымын қалай түсінесің?

 

Келесі бөлімде  « Өнерлі бала сүйкімді» (өнер сайысы)

 

«Жақсылық»  тобы   

Сәлиева Ақнұр Мырзабекқызы – Болайықшы осындай

 

  «Мейірімділік»  тобы   

Дәулетова Дилназ Жандарбекқызы – Мен әдепті баламын

 

«Әдептілік»  тобы

 

Ұлыбек Ақжол Ұлыбекқызы – Дос болайық бәріміз

 

Жақсы сөз – жарым ырыс ( жақсы тілектер айту)  - дейді халқымыз.Жақсы сөз естісең, жаның  жадырап сала береді.Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді.

Осындай жылылық пен мейірімді бір – бірімізден аямайық.

 Тілегіміз қабыл болсын деген ниетпен «Бала тілегі» әніін орындайық.

 

Сұрақтар жауаптары

«Жақсылық»  тобы   

       1.Құрметті, ізетті білдіретін сөздер

Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз, сізге қуаныштымын, аман- саусыз ба, кешіріңіз, рақмет, рұқсат етіңіз

2.Сыйластық   дегеніміз .....?   Сыйластық – адамдар арасындағы ізгі қарым – қатынас.Адамды сыйлай білу үлкен адамгершілікті білдіреді. Адамдарды сыйлай білсің, олар да сені сыйлайды.Осындай сыйлы қарым – қатынастан адамдар қуанышқа бөленеді.

Сәлем беру, жасы үлкенді құрметтеу,кішіге қомқор болу

3.Жақсы іс дегеніміз не ?  Адамның жақсы істерге, жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым – қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы 

                                                            «Мейірімділік»  тобы

 

1.Қамқорлық дегенді қалай түсінесің?

   Қамқорлық – адамның адамға , адамның табиғатқа, жан – жануарларға жақсылық жасауы.Қамқорлықты риясыз, ,яғни қайтарымсыз жасау керектігін түсіндік

2.Шыншылдық  дегенді  қалай түсінесің?

Шыншылдық жақсылыққа жетейді дегендей шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын,қуанышқа бөленіп, бақытқа кенеледі.

3.Жауапкершілік пен жауапсыздық дегенді қалай түсінесің?

Жауапкершілік – жақсы , әдепті, сыйлы балалар

Жауапсыздық – өз ісіне немқұрайлылықпен қарау, өзінің де өзгенің де уақытын қадір тұтпау

                                                            «Әдептілік»  тобы

 

  1. Обал мен сауап дегеніміз не?

Обал  - жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген ұғымды білдіреді.

Сауап – адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу дегенді білдіреді.

  1. «Кешірім» ұғымын қалай түсінесің ?

Ренжіскен жағдайда кешірім сұрау достарды, туыстарды татуластырады. Ағаттық кеткен іске үлкеннен де кішіден де кешірім сұрай білу сыпайлықты білдіреді. Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам өзімен ,өзгелермен үйлесімді өмір сүреуіне мүмкіндік жасайды.

  1. «Бірлік » ұғымын адамгершілік құндылық ретінде  мәнін қалай түсінесің?

   Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату – тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жақсы сөз -жылы тілек
Мейірімділік-асыл қасиет
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Біз осындай баламыз
Әдептілік -әдемілік
Қамқор болып өсемін
Адамгершілік – асыл қасиет
Өзін-өзі тану пәнінен кіріктірілген сабақ
Көмектесе білейік
Қуаныш-жан шуағы
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 5716 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык