Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Галогендер топшасына сипаттама


Галогендер топшасына сипаттама

Галогендер топшасына сипаттама                         

Сабақ тақырыбы:  Галогендер топшасына жалпы сипаттама

Сабақтың мақсаты: VII А топ элементтеріне жалпы сипаттама бере отырып,оқушыларға галогендер мен олардың қосылыстары тақырыбын жете меңгерту.

Міндеттері: 1. Оқушылардың басқа бейметалдарға қарағанда галогендердің басты ерекшеліктерін ажыратуды алуды дамыту.

 2. Оқушылардың сақталған ақпаратты қайта қолдану қабілетін және өз ойын қорыта айта алу біліктілігін дамыту;

                     3. Оқушыларды топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу                

Сабақ типі: жаңа білім беру сабағы  

Сабақтың түрі: аралас сабағы  

Әдісі:   топтық жұмыс, ыстық орындық, постер қорғау, рөлдік ойын,венн диаграммасы,БҮҮ кестесі

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз,химиялық реактивтер, йодтың спирттегі ерітіндісі,тіс пастасы,дәрі,дәке.

Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар,химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесі,жазылған рефераттар,галогендер суреттері,

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,биология,сурет.

Күтілетін нәтиже:

  • Теориялық білімдерін шыңдайды;
  • Есептің шығару жолын түсіндіреді;
  • Топтық жұмыста  ұйымшылдыққа үйренеді

Сабақтың эпиграфы:      Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.                                                                                                                                

                                                                             Б.Момышұлы

Сабақтың жоспары:

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

А) сәлемдесу, көңіл-күйлерін сұрау

Ә) түгелдеу

Б) топқа бөлу

В) бағалау критерийлеріне түсінік беру

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдейді. Қағаздарды таратып береді. Фтор, Бром, Йод,Хлор суреттерінің қима қағаздары арқылы топқа бөледі(Мозайка әдісі). Бағалау критерийлерін әр оқушыға таратып береді, түсіндіріп өтеді

Шеңбер құрып ортаға тұрады. Сәлемдеседі, кімнің сабақта жоқ екенін айтады,Фтор,Бром,Йод,Хлор

Суреттерінің қима қағаздарын құрау және бірдей элементтер бірігу арқылы топ құрады. Орындарына отырады. Бағалау критерийіне байланысты сұрақ болса қояды

3 минут

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген “Натрий қосылыстары ” тақырыбын ыстық үстел әдісі бойынша сұрайды.

Оқушылардың барлығы сұрақ қоя отырып,жауаптарын алады.

15 минут

Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа байланысты қызығушылықты ояту және мағынаны тану

1.Жаңа сабаққа байланысты суреттер көрсетемін

2. БҮҮ кестесі. Шарты: Сабақтың өн бойында жүреді.

Білетінім

Үйренгенім 

Үйренгім келеді

 

 

 

 

3.Мәтінмен жұмыс.

Кітаптан жаңа тақырыпты оқытады.

4 . БҮҮ кестесінің екінші бөлігін толтырғызу.

5.Орындарына отырып 1-топ Бром, 2-топ Фтор, 3-топ Йодты,4 топ Хлорды  плакат бетіне түсіруін айтады

1.Көрсетілген суреттерде қай элементтің бар екенін айтады

2.Орындарында отырып жаңа сабақты оқиды.

3. Оқушылар өз білетіндерін жазып шығады.

Оқиды.

 

4.Жұппен, топпен талдайды.

Қорғайды.

 

5.Кестені толтырып, оқып береді.

 

6.Талқылап болған соң орындарына отырады. Топтан бір оқушы (алдын сөйлемеген) шығып қорғайды.

3 минут

Сергіту сәті

1-топ: Йодтың спирттегі ерітіндісін беру;

2-топ: Құрамында бром бар жүйкені тынышталдыратын дәріні беру;

3-топ: Құрамында фторы бар тіс пастасын береді

4-топ: Құрамынды хлоры бар ағартқыш затты беру

Топпен бірігіп бір қысқа көріністі өздері орындайды

13 минут

Жаңа сабақты бекіту.

1. Бүгінгі сабақтан түсінгенін Венн диаграммасына салуды айтады.

 

 

 

2.Оқушыларға «Галогендердің адам өміріндегі маңызы зор ма?» ия дегендер оң жағына, жоқ көбірек дегендер сол жағына тұрады, бейтарап ортада қалады.

2. Йод ерітіндісін дайындауға есеп беру

 

1. Дәптерге Венн диаграммасын салады.

2. Жазғандарын топпен талқылап әр топтан бір  оқушы жазғандарын қорғайды.

3.Пайдасы көбіректер 3 нықты мысалмен, зияны көбіректер 3 мысалмен келтіреді. Бір-біріне 3 сұрақ қояды. Бейтараптарға қай топтың мысалы нақтырақ болды сол топқа өтуіне болады.

4. Йод ерітіндісін дайынуға байланысты есепті шығарады. Дайындалған ерітінді қай кезде қолданылатынын айтып өтеді.

5 минут

Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау

Топ басшысы сабақ басында берілген критерийлер бойынша өзін және топ мүшелерін бағалаған парақшаларды жинап алады

Топ басшысы неге олай бағалағанын айтып өтеді

2 минут

Кері әсер парағы

1.Менің көңіл-күйім

2.Мені мазалайтын сұрақ

3.Мен нені үйрендім?

Әр оқушыға 3 стикерден береді. Тақтаға кері әсер парағы ілінген соған стикерді жабыстыруын айтады

Әр оқушы стикерлерге ойларын, сабақтан алған әсерлерін жазып әр параққа жабыстырады.

2 минут

Үй тапсырмасын беру

Үйге тақырыптың соңындағы сұрақтарды ойластыруға беремін

Түсінбеген сұрақтар болса сұрайды

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Галогендер.
Хлордың периодтық жүйедегі орны мен табиғатта таралуы мен қасиеттері
Саясат және билік
Күн режимі. Тамақтану
Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Хлордың табиғатта таралуы және қасиеттері
"Ағай" Әнуарбек Дүйсенбиев
Рационал сандарды бөлу
Қималарды орындап, тетікбөлшектің өлшемдерін түсіру. № 10 графикалық жұмыс.
Қосжақтаулы ұлулар класы
Бөлім: Уроки / Орта мерзімді жоспар | Көрсетілім: 3695 | Қосты: Шекербекова Дана Талгатовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык