Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қаныш Сәтбаев Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті эссе


Қаныш Сәтбаев Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті эссе

Қаныш Сәтбаев  Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті эссе

Қарағанды облысы  Нұра ауданы  Майоровка ауылы

Киров  орта мектебінің  қазақ тілі пәнінің  мұғалімі

Кусаинова Динара Бекбулатовна.

«Қаныш Сәтбаев  Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті» тақырыбындағы сабаққа эссе

9- орыс сыныбындағы  «Қаныш Сәтбаев  Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті» тақырыбының  мақсаты:

Ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаев туралы түсіндіру  арқылы, оқушыларды сыни  тұрғыдан ойлауы  арқылы танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ақпараттық –коммуникациялық технологиямен қолдануды жетілдіру.

Бұл сабақты бастамас бұрын сыныпты  1-2-ге саналып екі топқа бөліп алдым, олар «Білім» және «Ғылым» тобы болып отырды. 

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында  интерактивті тақтадағы  сөзжұмбақты өткен тақарыптарға байланысты қойылған сұрақтар бойынша шешті. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысты, жауабын білмеген сұрақтарға қосымша мәлімет беріп отырдым. Сөзжұмбақты шешуде оқушылар қызығушылық танытып ,белсенділік көрсетті. Сөзжұмбақтың шешуі «Қаныш Сәтпаев» деп жаңа сабағымыздың тақырыбы анықталды.Сөйтіп сабағымның негізгі кезеңіне өттім. Мұнда оқушыларға интерактивтик тақтадан академиктің өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет бере отырып таныстырдым.

1-тапсырмада  әр топ оқулықпен жұмыс жасады. Олар 94-бетте берілген мәтінді орыс тіліне аударып, жалпы мазмұнын айтуға тырысты. Бұл тапсырманы «Білім» тобы бірінші орындап, Тоғжан мәтінді орысша-қазақша оқып берді.

2-тапсырма- Мәтін бойынша диалог құрау.

3-тапсырмада  « Ұйымдастырушы, мектебінің, техникалық»сөздерін құрамына қарай талдап, жазу керек болды.  бұл тапсырманы әр қайсысы жеке орындап, топ ішінде дұрыс не бұрыс екенін тексеріп, ортаға салды. Одан соң әр топтан бір оқушы жауап берді. Сынгат  өз тобының талдауын оқып, сөзде  жіберген қателерін, басқа топ мүшелері толықтырды.

4- тапсырма бойынша  әр топ өткен грамматикалық тақырып бойынша  Салалас және құрмалас сөйлемді салыстырып,

Венн диаграммасын құру тапсырылды.  Бұл жұмысты 1-ші топ тез орындады,2-ші топ біраз кешігіңкіреді.     Олар орындаған тапсырмаларын ортаға шығып, қорғады. «Венн диаграммасы» туралы алдынғы сабақтарда  түсіндіріліп , біраз жұмыс істегенімнің көмегі оқушыларға тигенін байқадым.Оқушылар бұл жұмысты қызыға орындады.

Менің ойымша, сабақта  жазу, оқу, көшіру деп бірыңғай жұмыстан гөрі осындай тапсырманың түрін өзгертіп , күрделендіріп берсе оқушының сабаққа белсенділігі артып , танымдық , білімділік деңгейі жоғарлап , ойлау қабілеті дамиды деген пікірдемін.Сабақтың қорытындысында  оқушыларға сұрақтар қойылды. Мысалы: Қаныш Сәтбаев қайда туды? Қай жылы туды? Қай жылы дүние салды? т.б.  әр топ өз ойларын айтып, қорытындысын шығарды.

Топтар бағалау  парағы бойынша  бір топ екінші топты бағалады. Әр тапсырмаға баға қойып, ортақ бағаларын хабарлаймын. Әр топ мүшелері тапсырмаларды  орындауларына қарай әділ бағаларын қойды деген ойдамын, өйткені оның барлығы бағалау парағында көрініп тұрды.

Сабақ барысында барлық тапсырманы дұрыс әрі белсенді орындаған  талантты оқушылар –Тоғжан мен Әсем. Олар ой тапқырлықтарымен, қызығушылықтармен, белсенділіктермен көзге түсті. Сабақтың рефлексия кезеңін интерактивті тақтада оқушыларға әр түрлі бейнедегі адамның суреті көрсетілді. Қай адам бейнесімен өзінді салыстырар едің? сабақтан кейінгі көңіл-күйін, білімдік деңгейін  бейнеде көрсету мақсатында жүргізілді.  Яғни, әр оқушы интерактивті тақтадағы әртүрлі көңіл-күйдегі баланың бейнесіне өздерін сәйкестендірді,  өз аттарын жазып, тақтадағы бейнеге сәйкес  іліп қойды. Бұл рефлексиядан барлық өтілген сабақтардың қорытындысын көруге болады деп ойлаймын.

Не сәтті өтті?

Оқушылардың барлығы сөзжұмбақтты шешуде өткен тақырыптарды меңгергендігін байқатты. Төмен оқитын оқушылар да қызығушылықпен тақтаға қолдарын көтеріп шығуы.  Мәтінді аударуда, сөздерді құрамына қарай талдауда жақсы оқитын оқушылар белсенділік танытып отырды.

Нені дамыта аласыз?

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, ойлау қабілеттерін  дамыту, қазақ тілін үйретуде қызығушылықтарын арттыру. Сөйлемдерді байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Іс әрекетті зерттеу сабағына рефлексивті есеп
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі кіріктірілу негіздемесі методикасы көрсетілгені туралы рефлексивтік есеп.
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы
Құрмалас сөйлемді, сөз құрамын қайталау
Қазақстан-Егемен мемлекет
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Тұңғыш ғалымдар
Тұңғыш ғалымдар
Сөйлем мүшелері. Бастауыш
Құмдағы құпия
Бөлім: Статьи / Эссе | Көрсетілім: 3472 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз