Михай Чиксентмихайи - әлем таныған тұлға
ХХІ ғасыр ғаламдық өркениетке ұмтылыста бұрын-соңды болмаған ғаламат жетістіктер әкелді. Бұл - ғаламтор жетістіктері.
Осы ғасырлар тоғысында өмір сүру бақыты бұйырған -мына біздер мен жас өркен, жас ұрпақ-өзіміздің халықтық педагогикаға ғана сүйеніп қалмай,өз таным көкжиегімізді әлемдік сана дәрежесінде кеңейтуге зор мүмкіндік туып отыр.
“Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз..” деп,Абай айтқандай,рауандап атқан таңдай айналасына үміт сәулесін себелеп,өз білімін өзгелерге паш еткен Михай Чиксентмихайи сынды білімдар адамдар өнегесін бүгінгі жас өркендеріміздің бірі білсе,бірі біле бермейді.
Адамдарды “толыққанды өмір сүру ережелері”, бақытқа жету жолдары ежелден-ақ қызықтырғаны, толғандырғаны белгілі.Осы орайда,бұрын отандық ғұламалар мен Абайдың қарасөздерін танып білген ұрпақ алдында,жаңа идеялар мен жаңаша көзқарастарға толы әлемдік ғалымдар еңбектерімен танысу мүмкіндігі тұр.Соның ішінде,өз түйсігіңді алдамау,өзіңді бақытқа жетелеуге ұмтылыс «өзіндік таным» көкжиегін кеңейту туралы әлемдік психология ғалымдары арасында өз орны бар Михай Чиксентмихайидың ілімін оқып білсе, нұр үстіне нұр болар еді..
Бар ғұмырын ғылымға арнаған ғалым еңбегін зерделеп көрелік.Ол кім?!
1934 жылдың 29 қыркүйегінде хорватиялық РИЕКА қаласында венгр жанұясында дүниеге келген.Италияда білім алып,22 жасында АҚШ–на (эмигрант) қоныс аударады.Жас Чиксентмихайды психология ғылымы ,адамдардың өмір сүру салттары қызықтыра бастады.
Адамдардың әртүрлі өмір сүру салттары,әртүрлі кездегі олардың сезімдері мен қам-қарекеті
оның психология ғылымына тереңдеп енуіне түрткі болды.
Бүгінгі таңда ол-әлемге танылған психология ғылымының профессоры, Чикаго университеті факультетінің бұрынғы деканы, бақыт, креативтілік,субъективтік жайлылық тақырыптарын зерттеулерімен белгілі болған.
Бәрінен де өзінің «ағын» идеясының арқасында танымал болды. Ғалым ағын күйін бірнеше онжылдықтар бойы зерттеп келген, ол идеяға сәйкес адамдар жұмыспен және жағдаятпен толық бірігуін, ықпалдасуына ұқсайтын ерекше ағындық күйде болса, бақыттырақ болмақ деген тұжырым жасайды.
Михай Чиксентмихайи еңбектері өте қызықты әрбір адамның басынан кешіретін ерекше сәттерді тереңнен зерттеуден тұрады.Мәселен,таудан шаңғымен сырғанап түсу,сүйіктіңмен кездесу,қызықты кітаптар оқу,сурет салу,жанын қалайтын іспен шұғылдану,балаңмен бірлесе ойнау т.с.с.-мұның бәрі ағынға ену жағдайын туғызады.
Балаңызбен ойнау үстінде жұмысты немесе үйді ойлап алаңдасаңыз ,сіз ағынға
ене алмайсыз. Бұл ретте тек «бала» ғана ағында болады.Ал,балаларда ересектерде ғана болатын қатарластырып ойлау мүлде болмайды.Сіз егер қордаланған жұмыстарды 1 күнде орындасаңыз да, ағым күйін сезіне алмайсыз.Ағын -ол бір сәтте елес беретін шынайы рахат алып,ләззаттану өнімі.Міне,сондықтан да ол - бақыттың қайнар көзі.
Михай Чиксентмихайи зерттеулерінде адамдардың кейбірі үнемі ағында болатын болса,ал кейбірі ағында өте сирек болатынын анықтап берді.Бұл жұмбақтың сыры неде? Ағынға кіруге біз де үйрене аламыз ба?
Ағын дегеніміз зейін, уәж бен жағдаят пен өнімдік үйлесімділік немесе кері байланыс сияқты бір нәрсені тудыра отырып, бірігетін күйді білдіреді.
Михай Чиксентмихайи – бірнеше бестселлердің авторы, ол журналдар мен кітаптарда 120-дан астам мақала жазған, психология мен бизнеске қатысты бірнеше салалардағы дәйексөздері кеңінен қолданылатын психологтердің бірі.
Михай Чиксентмихайи ілімі тереңіне бойласақ
Ағынның пайда болу шарттары:
Михай Чиксентмихайи ағымның бірнеше калпын анықтады.
Нақты құрылған,орындауға келетін міндеттер. Жұмыс жоспарын құру,эксперимент жүргізу,қарсылыққа доп ұру,компьютерлік ойындардың жаңа деңгейіне өту,байлыққа кеңелу жолдарын ойластыру.Міндеттерге шектеу қойылмайды. Егер міндеттер тың,қызықты қойылса,ағымға ену әлдеқайда оңай.Тіпті еденді беріле жуу да ағымға енудің көзі болуы ғажап емес!
Алға қойылған міндеттерді шешудің мүмкіндіктері:Адамның орындау қабілеті мен қажетті құрал-жабдықтары (мәселен,жақсы швабра) міндеттерді іске асыруда қолайлы,оңтайлы болуы шарт.Егер адамның жұмыс қабілеті жеткіліксіз болса,ағымға енуге кедергілер ұлғаяды.Бұл дегеніміз - нағыз күйзеліс.Егер сіз тау қопарарлықтай қиын жұмыстарға құлшынып келсеңіз,ал сізге офисте қағаздар тарату тәріздес тапсырмалар тапсырылса,әрине,тағы да ағынға қажетті күш қуаты өте дәрменсіз болары сөзсіз.
Жоғары үлес (концентрация).Бұл салаға адамның міндеттерді шешуге деген терең құлшынысы жатады.Бұл қасиетті жаттықтыруға (медитация,сиқырлы әлемге өту)
Ойды шоғырландыруға қызығушылық пен істің жаңашылдығы маңызды. Міндеттерді шешуде уақытыңды шектемеу,жоғарғы эмоциональдық күйге бөлену,ойды бөлетін факторлардан оқшаулану қажет. Бұл тәсілдер жолын тайм-менеджменттен үйренуге болады.
Ағым күйінің негізгі белгілері.Ағымды сезіну өте күрделі,онда эмоция мен сана мүлде болмайтындығымен сипатталады.Тек бұны кейіннен: «Бәрекелді,қандай ғажап!»-деп,атқарған жұмысыңның нәтижесін көріп, ләззат аласың ,тамсанасың.
Ағынның сипаттары:
Ақыл-есіңмен берілу.Оған түбегейлі ену.Өзіңнің бар екеніңді ұмыту,
Бұл іске қатыссыздарды қатерге алмастан,бар ерік-жігеріңді ішкі абсолюттік үнсіздікке ұластыру
Уақыттың шектеулі шеңберінен шығу (Уақыттың өткенін сезінбеу)
Бұл әрекеттің өзі тұнған жетістік,оның өзін қиындықсыз келген мадақ ретінде қабылдау.
Ағым күйлерін қандай адамдар жиі сезінеді?
Чиксентмихайи өз зерттеулерінің бірінде «ағынды ағымға енетін» 250 жасөспірімге, «төменгі ағымға енетін» немесе ағымды сезінбейтін 250 жасөспірімге сауалнама жүргізеді. «Ағынды ағымға енетін» 250 жасөспірімнің сүйікті ісі ,яғни спортпен жүйелі айналысу сияқты қам –қарекеті мен оқуы ерекше, «төменгі ағымға енетін» немесе ағымды сезінбейтін 250 жасөспірімнің сүйікті ісі өте қарабайыр, мәселен, теледидар қарау,дүкен аралау ғана болған.Көріп отырғандарыңыз -дай,адамның іс-әрекеті, «ағым» күйін сезінудің бірден бір шарты болып табылады.
Спортпен айналысу да,беріле оқылған кітап оқу да ағымға бастар жол болуы әбден мүмкін.Күнделікті күйбін тірлікте оқылған кітаптағы көріністер елес беріп,адам санасында жаңғырығып отырады.Біз бұны іс-әрекет түріндегі 16-сурет,73 бет (МАН) сызбаға сүйене Алекс -теннис үйренетін бала- әрекетінің салдарын қарастыралық .
Бұл сызбада Алекстің теннис үйрену кезеңі 4 уақыт нүктесінде көрсетілген.А-дегеніміз Алекс.
А1 –оның теннис үйренудегі алғашқы күндері.Дағдысы қалыптаспаған.Оған допты дәл соғу сияқты қарапайым ғана талап қойылған һ. Алекс бұл жұмысты беріле әрі шаттана ойнайды,өйткені бұл соншалықты қиын емес.Тапсырма деңгейі де барынша жеңіл,сондықтан ол «ағынға» оңай енеді.Бұл бірнеше күнге ұласады.
А2–оның өзіне сай ойыншы табады және ол да бірнеше күнге созылады. А2-да дағды қалыптасады да,жаңадан келген теннис үйренушілермен ойнау оны жалықтыра бастайды.Ол өзіне қарайлас ойыншы таппай зеріге бастайды.Өйткені ол бұл тәсілдің қыр-сырын,яғни допты дәл соғуды әбден меңгерген.
Енді оған жаттықтырушы жаңа күрделірек міндеттер қояды .Бұл- А3 уақыт аралығы.Бұл ретте А.
өзін мазасыз сезінеді,өйткені жинаған тәжірибесі бұл міндетті атқаруға жарамсыз.Оған әлі де көп еңбектену қажет.Ол енді А2-уақыт бірлігіндегі (деңгейіне қайта түссе,ол бұрынғыдай «ағынды» сезіне алмайды,кейде осы қалыптан шыға алмайтындар да өмірде көптеп кездеседі.Онда олар диаграммадан шығып қалады) дағдысын жетілдіре түседі.Ол толассыз ізденістер мен өзінің жанкештілігінің арқасында өзінен жақсы ойнайтын ойыншылармен жаттығып,А3-тен шығу жолдарын қарастыра бастайды.Нәтижесінде тынымсыз еңбек арқылы А4-теннистің майталман ойыншысына айналып, «ағынға» қайта енеді.
Ағынға тән іс-әрекеттер:
Кез келген істе ағынды сезіну мүмкін.Бәрі ішкі түйсікке байланысты.Бірнеше мыңдаған жылдар бойына шығыстың рухани философиялық (буддизм,даосизм) ағымдарын ұстанушылар кез келген жұмысты атқаруды өзіңнің ішкі болмысыңды толықтай сезіне отырып,бар ынта-жігеріңмен атқару арқылы ағынға ену күйін сезіне білген.
Бұл үрдісте өз-өзіңді танып білуің маңызды.
Ағынға жақындағанда адам өз басынан өтетін бұл мәселеде маңызды емес сұрақтардан тысқары сезімде болады.Жаттықтырылмаған біздер үшін,белсенді іс-әрекеттерді өз күшіңмен атқаруда анық байқалады.Адамның барлық әлеуетін (физикалық, эмоциональдық,зияткерлік), рухани және ойлау ағымдарынан ойша әрі уақытша тыйылады.
Осылай адам ағынға шомыла бастайды. Мысалға билеуді алалық, физикалық, эмоциональдық,зияткерлік және рухани күйі бәрі жымдасып кетеді.Биді шеберлікпен орындап шығу үшін, ойды шоғырландырудың абсолютті мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
Топтық ағым
Чиксентмихайи топтық ағым туралы да жан - жақты зерттеп,зерделеген.Бұл- теңдессіз, шығармашыл топтық әрекет.Топтық ойындарда анық көрініс береді. Топтық ағымды қолға түсірудің өз қиындықтары бар,топ мүшелері бір адамдай,бір мақсатта ұйымдастырылуы керек.Егер бұл әрекет жолға қойылса, топтық ағым үлкен қуат көзіне ұласады.Сондықтан да барлық (футбол, хоккей, волейбол) спорттық ойындардың жанкүйерлерінің де көптілігімен,танымалдығымен ерекшеленеді.
Сіз сонымен ағын күйін сезінгіңіз келсе, онда:
Өзіңіздің жаныңыз сүйетін іспен шұғылданып, белсенділік танытыңыз
Алдыңызға нақты іске асырылатындай қолжетімді мақсат қоя біліңіз және бар мүмкіндігінше шығармашылық пен құрастырушылық қабілетіңізді жұмсаңыз
Іске ойыңызды шоғырландырып,бел шешіп кірісіңіз.Өзіңізге сенімді түрде: «МЕНДЕ ... МИНУТ, ...САҒАТЫМ БАР. ... ОСЫ УАҚЫТЫМДЫ БАРЫНША ТИІМДІ,ЛӘЗЗАТ АЛА ҚОЛДАНАМЫН» - деп, кедергі келтіретін факторларды қатерден шығару.Чиксентмихайидің еңбектерін оқи отырып,өмірге деген көзқарасым түбегейлі өзгеріп,өзімнің іс-әрекетіме сындарлы көзбен қарауды үйрендім.
Сіздерге де айтар түйін сөзім:
Өмір - өзен тасқындап жататұғын,
Тағдыр - кеме ,бұлғаққа салатұғын
Адамдар көп әркімнің сөзіне еріп
Бастауынан адасып қалатұғын..
-өмірдегі өз орындарыңызды , бастауларыңызды адаспай тауып,ағымның арнасында бәріміз де шынайы,бек ләззатты сәттерге көп шомылайық! Көрер қызықтарымыз мол болсын! Ғалымның еңбектерін оқып,жан сарайыңды кеңіт замандас!..
Ақпарат көздері ғаламтордан алынды.Қазақшаға аударған Қабыкешова Ш.Қ
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға |
Көрсетілім: 5772 |
|

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |