Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаңа технологиялар қазақ тілі сабағында


Жаңа технологиялар қазақ тілі сабағында

Жаңа технологиялар қазақ тілі сабағында

Байбосынова К.А.

ШҚО, Өскемен қаласы

«№ 15 орта мектебі» КММ

Кешкі (сырттай ) оқу бөлімі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Еліміздегі дүбірлі өзгерістер мен қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. Білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылып жатуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі. Белсенді, жан-жақты дамыған, өзіне сенетін, кез келген жағдайлардан жол таба алатын, өз пікірін ұсына және қорғай алатын, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру, әр баланың дарынын, талантын ашу, еліміздегі білім беру жүйесінің маңызды талаптары мен міндеттеріне айналды

Қазіргі уақытта жаңа технология туралы көп айтылып жатыр. Кейбір оқу орындары электрондық кітаптар мен қашықтан оқытуды енгізіп, білім берудің көшін ілгерілетуде. Бірақ оның барлығы мұғалім шеберлігінсіз жүзеге аспайтыны мәлім. Білім сапасының артуы мұғалімнің жаңа технологияларды шебер қолдануымен тығыз байланысты екені дәлелденіп отыр. Жаңа педагогикалық технология - жаңа оқыту амалдары мен іс-әрекеттерінен ізденуді талап ететін, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізіп, жаңа ізденістерді ұтымды пайдалану арқылы жоғары көрсеткіштерге жету дегенді білдіретін ұғым. Әдіскерлер бүгінде қолданылып жүрген мынандай технологияларды атап көрсетеді: Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов және Л.В. Занковтың «Дамыта оқыту» технологиясы, В.К. Дьяченконың «Ұжымдық оқыту тәсілі», «Оқу мен жазуда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары», «Оқытудың коммуникативтік әдісі»; М.М. Жанпейісованың «Модульдеп оқыту технологиясы», Ж.А. Қараевтің, Ә. Жүнісбектің  және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары белсенді түрде қолданылуда

Өзге тілді сыныптарда қазақ тілін оқытуда пайдаланылатын маңызды технологиялардың бірі коммуникативтік технология болып табылады. Бұл технология өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп, көптеген мұғалімдердің тәжірибесінен орын алды. Коммуникативтік технологияда тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да, басқа жұмыстар осы бағдарға бағытталады, себебі технологияның негізгі міндеті  оқушылардың ауызша тілін жетілдіру, сөздік  қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқып, айта білуге,  сауатты жазуға, бір-бірімен сөйлесе білуге дағдыландыру, ойын қазақша жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу. Берілген технологияны ұтымды пайдалану басқа ұлт балаларына қазақ тілін үйрету барысында жемісті нәтижелер бере алады

«Дамыта оқыту» технологиясы тікелей баланы (субьекті, обьекті) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын,  ойлауы, темпі) оқытуға негізделеді. Дамыта оқыту мақсаттары:

- Оқушы субьекті, яғни, ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады.

-  Баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес

- Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала-тыңдаушы, мұғалім-информатор емес, керісінше бала-зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір проблема, ситуацияны шешу арқылы қалыптасады.

- Дамыта оқытудағы басты іс-әрекет – диалог, пікірлесу, пікірталасы.

-  Мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші, балалардың іс-әрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы.  Аталған    технологияның басты принциптерінің бірі – оқушылардың тілді қолдану дағдыларын дамыту. Демек, білім беру саласында, оның ішінде қазақ тілін меңгертуде, бұл технологияның ролі зор

Модульдік оқыту технологиясы – әлемдік және отандық тәжірибеде танылған технология. Бұл технологияда  бірінші орынға бала тұлғасы, оның ой жұмысының дамуы,шығармашылықпен ойлауы қойылады. Модульдік оқытуда әр оқушы өзінің немен және қалай шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін анық біледі және оған қатысты керек материалдарымен, тәсілдермен міндетті түрде қамтамасыз етіліп отырады. Балаларға бірін-бірі тексеру, бағалау еркіндігі беріледі. Бұл технология оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуда, танымдық процестерді жетілдіруде, оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруда, белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуда негіз болады.

Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқушыны білім дәрежесіне сай тапсырмалармен қамтамасыз ету арқылы оқыту әдісі болып табылады. Бұл технологияның ерекшелігі сабақ үрдісінде оқушылардың бірнеше деңгейде жұмыс істеуінде. Дәлірек айтқанда, оқушы өзінің мүмкіндігі мен қабілетіне сәйкес сатылы жұмыстар жүйесін орындайды. Оқушыларды деңгейлеп оқытудың маңызы зор, себебі оқу іс-әрекеті әр оқушыны өздігінен оқып-үйренуге, шығармашылықпен белсенді айналысуға баулиды,  өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады және оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастырады.

Сондай-ақ,  қазақ тілі сабақтарында слайдтар қолдану, мультимедиялық проекторды мүмкіншілігіне қарай  пайдаланып өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, тақырып бойынша танымын кеңейтеді, білім сапасы да арта түседі.  Аталған озық технологиялар оқушылардың жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойын дамытуы арқасында еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді жетік меңгертуге болатыны айқын.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану
Заманға сай педагогикалық технологияларды қолдану негізінде оқытудың тиімділігін арттыру
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ
Оқыту тиімділігі – озық технологияларда
Жаңа педагогикалық технологиялар туралы
Мектепалды даярлық топтарында ойын арқылы оқыту
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 6401 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз