Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 9794 |
|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Үкіметі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ҚР Үкіметі, оның заң шығаруға қатысуы, Үкіметтің Президентпен қатынасы, Парламентпен қатынасы, Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен қатынасы, жергілікті билік органдары туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: оқушылардың материалды қабылдау, таңдау, меңгеру, салыстыру, пікірталастыру, негізгісін ажырата білу сияқты білім-біліктілігін дамыту;
3. Тәрбиелік: оқушылардың саяси санасын қалыптастыра отырып, білімділікке, жүйелілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы заңы, таратпа материалдар.
Сабақтың әдісі: слайд, сызба арқылы түсіндіру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу, сыныптың, тақтаның тазалығын қадағалау, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Сандық табло»
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10
11 12 13 14 15
А деңгейлі сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының Парламенті қандай орган?
2. Парламент неше палатадан тұрады? Оларды ата.
3. Сенат қандай палата? Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі неше жыл?
4. Мәжіліс қандай палата? Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі неше жыл?
5. Сенаттың құрамы?
6. Мәжілістің құрамы?
7. Депутаттық топ қандай бірлестік болып табылады?
8. Фракция деген не? Ол қандай мақсатта құрылады?
Б деңгейлі сұрақтар:
9. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент қандай мемлекеттік мәселелерді қарайды?
10. Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттігі қандай?
11. Депутаттар сайлаушылармен қандай жұмыстар атқарады?
12. Парламенттің жұмыс тәртібі қандай?
13. Мәжілістің ерекше қарауына қандай мәселелер жатады?
14. Сенаттың ерекше қарауына қандай мәселелер жатады?
15. Заң жобаларының қабылдану үрдісі қалай жүреді?
Жауаптары:
А деңгейлі сұрақтарға жауаптар:
1. ҚР Парламенті – Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган.
2. Ол екі палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады.
3. Сенат – ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы. Өкілеттік мерзімі – 6 жыл.
4. Мәжіліс – ҚР Парламентінің төменгі палатасы. Өкілеттік мерзімі – 5 жыл.
5. Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаған 15 депутаттан, және әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және республика астанасынан екі адамнан сайланады. Барлығы 47 депутат (болашақта олардың саны орнынан кеткен президенттер қатарынан көбейеді).
6. Мәжілістің құрамы партиялық тізім бойынша сайланатын – 98 және Қазақсатн халқы Ассамблеясынан сайланатын – 9 депутаттан, барлығы – 107 депутаттан тұрады.
7. Депутаттық топ – депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыру, сайлау округтерінде бірлесіп жұмыс істеу үшін құрылатын бірлестігі.
8. Фракция – депутаттардың ұйымдасқан тобы. Фракция Парламентте саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру мақсатында құрылады.
Б деңгейлі сұрақтарға жауаптар:
9. ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер енгізеді, Республикалық бюджетті бекітеді, Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттілігін беруге құқылы, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және алып тастайды, рақымшылық жасау мәселелерін шешеді, халықаралық шарттарды ратификациялайды, т.б.
10. Депутат парламент сессиясында барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады, депутаттық сұрау салуға, қабылданатын заңдардың, қаулылардың жобаларына түзетулер енгізуге құқылы, т.б.
11. Парламенттік демалыс кезінде депутаттар өздерінің сайлау округтеріне барып, сайлаушылармен кездесіп, олардан түскен шағымдарды қарауы керек.
12. Парламент өзінің жұмысын сессия тәртібімен жүргізеді. Сессия палаталардың біріккен және оңаша Палаталарынан, Палаталардың тұрақты комитеттері мен бірлескен комиссияларынан тұрады. Парламент сессиясын Республика Президенті ашады және сессия Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында жабылады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында маңызды мәселелер қаралады.
13. Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау, Республика Президентіне Республика Премьер-министрін тағайындауға келісім беруі, Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау, т.б. Конституция жүктеген міндеттерді атқару.
14. ҚР Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын, судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау, Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру.
15. Заң шығару ынтасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. Мәжіліс депутаттары қараған және оладың жалпы санының үштен екісінің даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, онда 60 күннен асырылмай заң қаралады. Сенаттың үштен екісі мақұлдаған жоба заңға айналады, он күн ішінде қол қою үшін Президентке ұсынылады. Президент бір ай ішінде заңға қол қояды.
2. «Кім жылдам?»
А. Кім депутат бола алады?
Ә. Парламенттің бүгінгі таңдағы Төрағалары кім?
Б. Парламент қандай орган?
В. Депутаттық сұрау салу деген не?
Г. Парламент сессиясы қай айларда жүреді?
Д. Парламент сессиясын кім ашады?
Е. Парламент сессиясы қандай отырыста жабылады?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІV. Жаңа материалмен жұмыс:
Сабақтың жоспары:
І. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
ІІ. Конституцияда белгіленген өкілеттіктері.
ІІІ. Үкіметті басқару және жауаптылық.
ІV. Үкіметтің заң шығаруға қатысуы.
V. Үкіметтің Президентпен, Парламентпен, жергілікті атқарушы органдармен қатынасы.
VІ. Жергілікті билік органдары.
І. Үкімет – атқарушы биліктің жоғары органы. Ол орталық және жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады, солардың қызметіне басшылық етеді.
ІІ. Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке кең өкілеттіктер берілген. Олар ҚР Конституциясында бекітілген.
1. Экономика саласында:
2. Әлеуметтік салада:
3. Ғылым, білім, техника, мәдениет саласында:
4. Әкімшілік-саяси басқару саласында:
5. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту саласында:
6. Сыртқы саясат саласында:
ІІІ. Үкіметті Премьер-министр басқарады.
СЕРІК НЫҒМЕТҰЛЫ АХМЕТОВ
Елбасының 2012 жылдың 24 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстанның Премьер-Министрі болып тағайындалды.
Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi, ол бүкіл қызметінде ҚР Президенті алдында жауапты. Оны Президент құрады.
ІV. Үкіметтің заң шығаруға қатысуы. Үкімет өз құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша заң жобаларын жасап, оларды Мәжілістің қарауына енгізуге құқықты. Үкімет даярлаған заң жобалары сол құжатты жасаушылардың, сарапшылардың қатысуымен үкіметтің отырысында талқыланады. Нәтижесінде Үкіметтің шешімі қабылданады, содан кейін заң жобасы Парламент Мәжілісіне жіберіледі.
V. Үкімет өзінің қызметі бойынша Республика Президентінің алдында жауапты. Үкімет өз бағдарламасының, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы, өз қызметінің басқа да бағыттары туралы Президентке үнемі хабарлап тұрады. Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.
Конституцияда көзделген реттерде Парламенттің алдында жауапты.
Үкіметтің заң шығару құқығы Парламент Мәжілісінде жүзеге асырылады. Үкімет өзінің жұмысын Парламентте қабылданған конституциялық және жай заңдарға сүйеніп құрады. Жыл сайын республикалық бюджетті Парламенттің бекітуіне тапсырып отырады.
Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен қатынасы. Үкімет атқарушы биліктің жоғары буыны болғандықтан, оның жергілікті атқарушы органдармен арадағы қатынастары "билік-бағыну" ұстанымы бойынша құрылады.
VІ. Жергілікті билік органдары. Атқарушы органдарының жүйесіне Республика министрліктері мен комитеттері, жергілікті – облыстық, аудандық, қалалық әкімшіліктер кіреді. Жергілікті атқарушы орган – әкімшіліктің құрамына – әкім, орынбасарлары, әкімнің аппараты, басқармалары мен бөлімдері кіреді
Жергілікті мемлекеттік басқаруды Мәслихат д.а жергілікті өкілді және атқару органдары жүзеге асырады. Мәслихат депутаттарын 5 жыл мерзімге сайлайды.
V. Білгенге маржан (жаңа білімді бекіту):
1. ҚР Үкіметі қандай орган?
2. ҚР Үкіметінің атқаратын қызметін атаңдар.
3. ҚР Үкіметін кім басқарады?
4. Премьер-министрдің өкілеттіктері қандай?
5. Үкімет заң шығаруға қатысады ма?
6. Мәслихат қандай қызмет атқарады?
7. Әкімшілікке қандай өкілеттіктер берілген?
VІ. Үйге тапсырма беру: §42, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап дайындау.
Қосымша сұрақтар:
1. Үкіметтің өкілеттік мерзімін нақты белгілеу керек деп ойлайсың ба?
2. «егер мен Премьер-министр болсам ...» атты шығарма жазу.
VІІ. Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |