Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 1639 |
|
|
|
Ақ қарда туған алыптар
Сабақтың тақырыбы: Ақ қарда туған алыптар
Мақсаты:
білімділік: үш кезеңнің ақындарын зеріттей отырып ортақ үн табу.
тәрбиелік: қазақ тілін қастерлеп, елдің елеулілерінің өмірін өнеге тұтып құрмет көрсетіп,
мақтаныш етіп, ұрпақтан - ұрпаққа насихаттау.
дамытушылық: өлеңге қызығушылығын арттыру, оқу мәнерін дамыту, өз тілін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: ақын суреттері, слайд материалдары, нақыл сөздер.
Барысы.
Саламатсыздар ма оқушылар, ұстаздар!
Әр жылдың басында жаңармайтын дүние болмайды. Күн мен күн ауысып, жыл мен жыл тоғысады. Жан біткеннің жасына жас қосылып, қыс айында жауған ақ қармен бірге адамзат қауымының жан дүниесі жаңарғандай, ғажайып күй кешеді. Әр жыл сайын бабалар кетіп, балалар келіп адамзат қауымы ауысып отырады. Бүгінгі тәрбие сағатымызда әр кезеңнің адуынды мезгілінде туып, қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасын қалдырып кеткен алыптар үндестігіне шолу жасаймыз.
Балалар суреттегі адамдарды танисыздар ма?
Суреттер.
Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз осы ақ қарда туған алыптарға арналады. Барлығымыз дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің жадын және бүгінгі сабақ тақырыбын жазайық. Сабағымыздың тақырыбы «Ақ қарда туған алыптар».
Жамбыл сөз сүлейі Сүйінбайдан бата алып, жыр әлемін 100 жыл шарлап, кейінгі ұрпаққа «Жамбыл – жыр атасы», «Дастан ата» деген атпен аты қалған ақын. Оқушылар бала Жамбылдың бабадан бата тілеген кезін білеміз ғой? Олай болса «Бала Жамбылдың бабадан бата тілеуі» (көрініс).
Жамбыл Алатау атырабында аты әйгілі Сүйінбай ақынға жолығып, одан бата алуды армандайды.
Жамбыл: Күннің көзін жасырар,
Аспанды бұлт торласа.
Елдің бағы ашылар,
Әділеттік орнаса.
Самғай жүйрік жүгірер,
Аяқтан біреу шалмаса,
Сонда Сүйінбай:
– Мынау менің сөзім ғой, мұны айтып тұрған кім екен? Ақын болсаң үйге кір, жасқанба, - дейді.
Бала үйге кіреді.
– Ал қай баласың? Мен бұрын – соңды көрмеген екенмін, қай туған боласың?
– Шапырашты Жабайдың баласы Жамбылмын.
– Е, Шапыраштыда бір жыршы бала бар деп еді, сол сен болдың ғой, жоғары шық, жоғары.
– Ата мен сізді сағынып келгенмін, аңсап келгенмін, әуелі жасқана келдім, одан соң бата тілей келдім.
– А, олай болса Жамбыл балам, берейін батамды, жай қолыңды.
О, Жамбыл, бата дедің – бердім саған,
Бақытты, өмірлі бол, жүрген аман.
Батасын ат орнына берді ғой деп,
Қоймағын былай шығып кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,
Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.
Жабайға риза болсын айтып барғын,
Осымен өкпелемей жүрсін аман.
– Менің пірім – Сүйінбай
Сөз сөйлемен сыйынбай, - деп бала Жамбыл бабадан бата алады.
Осындай ұлы бабаның ұлағатты өлеңдерін жастанып оқып, поэзия әлеміне екі ұл келді. Олар Мұқағали Мақатаев пен Қадір Мырза Әлі.
Сақнада Мұқағали Мақатаев пен Қадір Мырза Әлі.
Ойланып тұрған Мұқағали Мақатаев
Мен бүгін бір әдемі елес көрдім,
Не деген әдемі елес, көмескі едің?
Көп жыл бұрын ғұмыр кешкен секілді
Сол елесті жоғалттымда өкіндім.
Сол кезде Қадір Мырза Әлі
Мұқа сізге не болды? Күбір – күбір етесіз бейне - бір елес көргендей,...
Иә, иә інім мен бүгін елес көрдім
Ең ұлысы секілді елестердің
Ақ сақалды қария түсіме еніп,
Содан болар, жыр тұлпар күшіне еніп,
Кеудемдегі жыр сандық ашылғандай,
Ашылғандай жыр маржан шашылғандай...
Қолында домбырасы қарияның
Тұр екен жағасында дарияның
«Бұл не деген кернеаулық өренілі
Қайда сенің өрекпіген өлеңің
Болмайды бұлай өренім
Жырыңды аңсап келемін»...- еді дағы көзімнен ғайып болды. Ал мені енжарлықтан айықтырды.
«Өренім» деп баса айтса Дастан ата шығар бұл
Бізден сірә дәметеді-ау татымды өлең, була жыр
Ағылтып бір төгейікші жыр маржанын ақ таңда,
Иә, иә бізде туылдық қой Жамбыл туған ақ қарда
Қане балалар осы алыптардың өлеңдерін жатқа айтатын адамдар бар ма?
1. Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім!»
2. Мұқағали Мақатаев «Асықпын»
3. Қадір Мырза Әлі «Көкпар»
Бекіту
Слайт арқылы сұрақтар қою.
Мына берілген уақыттарда қандай оқиғалар болды? Әр жылдың артында шумақ өлең бар.
Бұл жерде үш алыптың ортақ мүддесі және өзара ұқсастығы – үшеуінің де туған тілге деген құрметі. Мұқағали Мақатаев тілін бақытына теңесе, Қадір Мырза Әлі ар – ұятына теңеп, ал Жамбыл Жабаев сөзбен тілдің құдіретін қар дауылға теңейді.
Жамбыл бұлай басталатын өлеңін кімге арнаған?
Оқушы: Жамбыл заманында айтыс өнерінің ерекше айшығын жасап кеткен ақын. Бұл өлеңін Жаныс ақынға арнаған.
Жамбыл Жабаев «Жаныс ақынға»
Енді осы үш алыптың өлеңдерінен туған тілге деген ерекше құрметті байқадық. Олай болса осындай ақындардың маржанан тізген өлеңдеріне сусындап өскен оқушылар әдебиеттің айтулы саласы қазаққа ғана тән өнер – айтыс өнерін сіздерге шашу еткісі келеді.
Ортада: Ақниет пен Айсұлу
Айсұлу:
Туған тілім – тұғырым
Қанып ішкен тұнығым
Тамсандырған дәмімен
Бал татыған шырыным.
Бүгінгі ашық сабақта
Алыптарды өттік парақтап.
Жасайық біз де құрбыжан
Айтыстың аздап ырымын
Сарадай болсақ салмақты
Айнұрдай болсақ ардақты
Ашар едік қауызын
Айтыстың аппақ гүлініңү
Сұрайын сенен құрбым – ау
Тамызып майдың жырдың – ау
Парақтап айтып берші сен
Тарихын туған тілдің - ау
Ақниет:
Айтайын енді Айсұлу,
Айтпасам апай ұрса ма?
Айтыста кесіп айтады,
Қараспан төніп тұрса да.
Әдебиет деген әлемде
Айтыстың өзі бір сала.
Жетпіс жыл құрды үстемдік,
Бодандық деген зілзала.
Осыдан көріп барлығын,
Бәлені соған жабамыз.
Көрейікші ойланып,
Қаншалықты өзіміз
Қазақша сөйлей аламыз?
Мысал қып саған айтайын
Саралап тіді байқайын,
Туған тілдің тағдырын
Сый табақ қылып тартайын.
Аға тіл менен ана тіл
Бір кездер неке құрыпты.
Үстемдік қылып аға тіл
Екеуі өмір сүріпті.
Осындай сәтсіз некеден
Өмірге егіз келіпті.
Көзі көк сары ұл бала,
Сөзі жоқ шұбар қыз бала
Тіліме қауіп төніпті.
Орысша оқып балдары,
Шырағы тілдің сөніпті.
Күндер де күндер болғанда,
Тәуелсіздік алғанда,
Сөнген шала үрленді,
Еліме туған тіл келді.
Тіл – бәйтерек бүрленді,
Айтыс – ағаш гүлденді.
Қасиетті қазақ тілі
Қаныма сүтпен сіңген-ді.
Айсұлу:
Ақ қарда туған алыптар,
Көгінде жырдың қалықтар.
Бақытың, арың, барың деп
Санаға құйып анықтар
Ақындар өткен ұлы жол
Біздағы өтіп көрейік.
Поэзия әлеміне
Тереңірек енейік.
Келешекте де солардай
Ткір жырды өрейік.
өткеннің қария ғұмырын
қолтығынан демейік.
Осымен бүгін біздер поэзия әлемінің үш кезеңінде ғұмыр кешкен үш алыптың өміріне аздап шолу жасау арқылы өмірімізге азық өнеге алдық деп ойлаймын. Адуынды қыс айларында дүниеге келіп, айтулы жыр жазып,ұрпақты ұлт жандылыққа үздіксіз тәрбиелеп келе жатырған алыптарымыздың саны сіздермен көбейсін деген ниетпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |