Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ж. Жабаев. «Менің өмірім», «Аттандыру».


Ж. Жабаев. «Менің өмірім», «Аттандыру».
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
А. Жанпейісов атындағы
№105 орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әлмұратова Салтанат Қанайқызы

Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев. «Менің өмірім», «Аттандыру».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ж. Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып, шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу.
Тәрбиелік: Оқушыларға Ж. Жабаевтың өмірбаяны мен өлеңін оқытып, мазмұнын аша отырып, оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ж. Жабаевтың өлеңін оқыта отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, есте сақтау қабілетінің үнемі жетілдіріліп отыруын қадағалау, еркін ой білдіруге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұақ-жауап, әңгімелеу, «ББҮ» әдісі, «Ойлан тап» ойыны.
Көрнекілігі: Слайд, қосымша әдебиеттер
Техникалық құрал: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Тарих, халық ауыз әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқу құралдарын тексеру
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі бойынша «Ақтамақ хикаясын» аяқтап жазу;
2. Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Жұптық сұрақтар:
Ж. Аймауытов кім?
Ж. Аймауытовтың басқа қандай шығармаларын білесің?
«Әнші» әңгімесінің жалпы мазмұны не туралы?
Оқиға қай жерде көрініс тапты.
Әңгіменің кейіпкерлерін ата.
Әмірқанға мінездеме бер.
Әмірқанның прототипі кім?
Ақтамақ кім?
Ақтамаққа байланысты хикая қалай аяқталғанын қалар едің?
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жамбыл дүниеге екі рет келді:
тоғыз ай тоғыз күн ана құрсағынан,
тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан
Ғ. Мүсірепов
Жоспары:
1. Ж. Жабаевтың өмір жолы және «Менің өмірбаяным»
2. Жамбыл атамыздың ақындық жолға түсуіне не себеп болды?
3. «Дастан атаның» қаламынан туындаған алғашқы өлеңдері
4. Айтыстың асқан шебері (Құланаян Құлмамбетпен айтысы)
5. «Аттандыру» өлеңінің мазмұны мен құрылысын талдау.

Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастырсақ...
І кезең – 1846-1916 жылдар аралығы
ІІ кезең – 1917-1940 жылдар аралығы
ІІІ кезең – 1941-1945 жылдар аралығы

І кезең
1846 ж. 28 ақпанда Жамбыл дүниеге келді. Туған жері - Жамбыл тауы.
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей-көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

13 жасында Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.
Менің пірім – Сүйінбай
Сөз сөйлемен сыйынбай
Сүйінбай деп сөйлесем
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай.

Жыр алыбы – Жамылдың алғашқы өлеңдеріне тоқталу («Шағым», «Әкеме», «Менің пірім - Сүйінбай»)
Шағым
Оқымаймын молдадан,
Не оқытпақшы ол маған?
Бала келсе сабаққа
Жем дәм еткен дорбадан.
Ақ сәлдесін төңкеріп,
Көзін жұмып теңселіп,
Күн ұзынға боздаған
Оқығанша мен одан
Домбыраны қолға алам.

ІІ кезең
1912 жылы Балуан Шолақпен кездеседі.
1913 жылы Романовтардың 300 жылдық тойына арналған көрмеге барады.
1937 жылы Ш. Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» поэмасының 750 жылдық тойына қатысуы.
1938 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат.

ІІІ кезең
1941 жыл СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1941 жылы «Ленинградтық өренім» өлеңінің жазылуы.
1943 жылы Жеңістің алғашқы көріністеріне арналған айтысты ашуы.
1945 жылы, 23 маусымда қайтыс болды.

Келесі кезекте суреттер бойынша сөйлесек...
1- сурет : Мына суретте Жамбылдың қай кезі суреттеледі?
2- cурет: Пірім менің Сүйінбай
Сөз сөйлемен сыйынбай – деп өлең бастауы нені білдіреді?
3-сурет: «Аттандыру» өлеңі дүниеге келер шақ
4-сурет: Жамбыл атамыздың өмірінің соңына дейін тұрған үйі.
5-сурет: Осы кезде Жамбыл қай жағынан танылды? (Құлмамбетпен айтысы)

«Аттандыру»өлеңінің әр шумағын әр балаға оқытып, мазмұнын талдату, батаның түрлері туралы айту, Алғадайға мінездеме беру.

«Жылдарды сөйлетейік» ойыны (Сәйкестендір)

р\с Жылдар тізбегі Қандай жағдай болды?
1 1916 жыл 92 жасқа келгенде Қазақ ССР Жоғарғы кеңесіне депутат
2 1938 жыл Жыр алыбы, Дастан атамыз қайтыс болды
3 1941 жыл СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
4 1941 жылы, маусым Жамбылдың Жеңістің алғашқы көрініс табуына арналған айтысты ашуы.
5 1943 жыл Ұлт-азаттық көтеріліс. «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды».
6 1945 жыл Ұлы Отан соғысы. «Ленинградтық өренім»
7 1946 жыл Ж.Жабаевтың музейі мен мавзолейі ашылды.

Ү. Жаңа сабақты бекіту
«ББҮ» әдісін пайдалану.

ҮІ. Үйге тапсырма беру
«Аттандыру» өлеңін жатқа айту, «Білгім келеді» бөлімі бойынша зерттеу жұмысын жасау.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Шәкірт балаларға» Ж.Жабаев
«Балама хат» Ж.Жабаев.
Ж. Жабаев «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаевтың өмір жолы
Ж Жабаев, Жаныс ақынға
Жамбыл Жабаев Менің өмірім
Жамбыл – айтыс ақыны
Менің өмірім. Ж. Жабаев
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Автор Әлмұратова Салтанат Қанайқызы

А. Жанпейісов атындағы №105 мектеп

Бөлім: Материалы / Әдебиеттен ашық сабақтар | Көрсетілім: 2930 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар