Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Хабарлы сөйлем


Хабарлы сөйлем

Хабарлы сөйлем

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы

№3 ЖОББҚМ

ІІІ /негізгі/ деңгейлі  бастауыш сынып мұғалімі Ильясова  Актоты  Даулеткалиевна

Тақырыбы: Хабарлы сөйлем

Қазақ тілі   2«ә» сыныбы

ІІІ /негізгі/ деңгейлі, бастауыш сынып мұғалімі:

Ильясова Актоты Даулеткалиевна

ЖАҢАҚАЛА - 2014 жыл

Сабақтың тақырыбы:Хабарлы сөйлем

Сабақтың мақсаты:  Оқушылардың хабарлы сөйлем және оның тыныс белгісі жайындағы білімдерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:                                                        

Хабарлы сөйлем туралы түсінік қалыптасады,  хабарлы сөйлемнің тыныс белгісін біледі. Есте сақтау қабілеттерін, ойлау қабілеттерін, тілін дамыту мақсатында тест, логикалық тапсырмаларды,  шығармашылық тапсырмаларды өз бетімен орындайды. Логикалық қабілеті артады. Өзін-өзі басқарады, бағалайды. Еркін сөйлейді, нақты аяқталған ойды білдіретін сөйлемдер құрастырады, сол сөйлемдерді жүйелі жеткізеді және  хабарлау мақсатымен айтылғанын дәлелдейді. Каллиграфияға сай жазады. Өз ана тілін құрметтейді.

Сабақтың түрі, әдісі: Жаңа сабақ, жарыс сабақ, түсіндірмелі, ой- қозғау, сұрақ- жауап, постермен жұмыс, мақтау- мадақтау, топтастыру

Пәнаралық  байланыс:дүниетану, әдебиеттік оқу.

 Көрнекіліктер: электронды оқулық, флипчарт, ойынға қажетті құралдар  мен суреттер, қима қағаздар, үлестірмелі топшамалар, маркер т.б.

 Интерактивті тақта:

Жабдықтау және көрнекілік.

Электронды оқулық, флипчарт.

Сабақтың барысы:

I ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

Топтасу тренингісі:  «Әнұран»,  «Елтаңба»,  «Ту»   /1 минут/

Поэзия минуты:/  /1 минут/

Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім!

-Міне, балалар  кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі, біздің тіліміз- қазақ тілі сабағы

  II ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ /5 минут

-Қазақ  алфавитінде неше әріп бар?  Неше таңба бар?

-Қазақ  тіліне тән ріптерді ата?

-Әріп туралы не айта аламыз?

-Дыбыс туралы ше?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Қанша дауысты дыбыс бар?

-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?  Оларды ата

-Қанша дауыссыз дыбыс бар?

-Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Оларды ата

-Дыбыстан не құралады?

-Буыннан не құралады?

-Сөзден не құралады?

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?

-Сөйлемдегі сөздер қалай  жазылады?

-Сөйлем соңына қандай белгілер қойылады?

  • Үйге берілген тапсырма: 168-жаттығу

Ребусті шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.

-Сенің әңгімең неше сөйлемнен тұрады?

ІІІ  ЖАҢА САБАҚ          /6 минут/

Көрініс

Сыныпқа   Ерген  хабар әкеледі.  

Хабарлама.

15-ші желтоқсан күні сағат 16.00-де  “Менің елім-Қазақстан” атты мерекелік байқауға  қатынасуларыңыз сұралады. Байқауға салған  суреттеріңді, Отан туралы  шығарған өлеңдеріңді ала келіңдер. 

Мектеп әкімшілігі.

Сұрақ-жауап арқылы оқушыларға ережені өз беттерімен шығарту.

Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы  сөйлемнің соңына нүкте (. ) қойылады:

 IY ДӘПТЕРМЕН, ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

а/ күннің жадысы

ә/ сынып жұмысы

б/ тақырыбы/

169-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы. Әр сөйлемде не туралы айтылған?   

Итбалық балықпен қоректенеді. Ол өте жақсы жүзеді, керемет сүңгиді. Аяқ орнында жүзу қанатшалары бар. Итбалықтың күшіктері де аппақ. Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.

«Кім жүйрік?» дидактикалық ойын  /2 минут/

170-жаттығу.  Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.   /2 минут/

Бұлбұл- кішкентай құс ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды бұлбұлдың  үні құлаққа өте  жағымды.

«Сөз ойла, тез ойла!» ойыны   /2 минут/

Шарты: Мен бір сөз ойлап айтамын, келесі оқушы сол сөздің ең соңғы дыбысына сөз ойлайды. Мысалы: Айна-алтын-нан-нар-радио-орақ .

171-жаттығу. Сөздерді оқып, әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек топтастыр.   /1 минут/

Сәукеле, орамал, жейде, жаулық, күпі, құлақшын, ішік, қамзол, шәлі, шекпен.

172-жаттығу. Алдыңғы жаттығудағы  қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Постермен жұмыс /Әңгіме құрап, суретін салады, қорғайды/    /7минут/

    1-топ: «Орамал»,  2-топ «Құлақшын»,  3-топ: «Қамзол»

Сергіту сәті /1 минут/

Шығармашылық тапсырма     /4минут/

Ән мәтініне қарай  хабарлы сөйлемдерден мәтін құрайды,  әр оқушы  тапсырмаларын қорғайды.

173-жаттығу. Берілген сөйлемдерден  хабарлы сөйлемдерді тауып, неліктен хабарлы сөйлем екенін дәлелде.  Семантикалық картамен жұмыс   /3 минут/

Менің досым Қырғызстанда тұрады. Шынар сен ертең мектепке барасың ба?  Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын.  Алақай, досым келді! Ол жазда Алматыға келмекші.  Досымды асыға күтіп жүрмін.

Дидактикалық ойын: «Кім алғыр?»    /3 минут/

Күн, сәбіз, ай, саяхат, қала, дала, ауыл, ата, оқушы, шебер, дәптер, кемпірқосақ, кесе, алма, мектеп, республика, ағаш, гүл, терезе, қалам, тақта, бала, ат, жұлдыз, арба

25сөз/

САБАҚТЫ БЕКІТУ:  /4 минут/

Электронды оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма

Қадыр Мырза-Әлидің өлеңін  түсініп оқы. Нүкте қай сөйлем түрінен кейін қойылады.

2-тапсырма

Есіңе сақта!   Ереже

3-тапсырма

Сызбаға қарап қандай ой-қорытынды шығаруға болады?

4-тапсырма

Берілген сөздерден үш сөйлем құра. Тиісті тыныс белгісін  қой.

5-тапсырма

Нүкте мен Нүкен  өлеңін оқушылар оқиды.   / Қызықты грамматика кітабынан/

 VI РЕФЛЕКСИЯ:   /2 минут/

 «Бес қадам»  арқылы оқушылар  сабақта не түсінді, сабақтың қай кезеңі ұнады,  бес қадамға толтырып айтады.

 Білемін

 *    Білдім

      *    Үйренгім келеді

 VII БАҒАЛАУ. МАДАҚТАУ

Бағаланады.

 VII ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: /1 минут/

174- жаттығу.  Жоспар бойынша әңгіме құра.

Жоспар:

1. Жалғыз басты әжей.

2.Кішкентай қамқоршылар.

3. Балалардың әжейге көмегі.

4. Мереке күндері.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Хабарлы сөйлем
Жай сөйлем модулі бойынша қорытынды деңгейлік өздік жұмысы
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Сөйлем және оның түрлері
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Лепті сөйлем
Қызықты қазақ тілі әлемі
Лепті сөйлем
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4819 | Қосты: Ильясова Актоты Даулеткалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык