Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақтың ұлттық ойыны - Тәуекел


Қазақтың ұлттық ойыны - Тәуекел

Қазақтың ұлттық ойыны - Тәуекел

Бауржанов Азамат Бауржанулы

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

Катонқарағай ауылы

Рыков орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Ауылдан шыққан қай - қайсымыздың да бала күнімізде құмартып асық ойнамағанымыз кемде-кем. Асық - қазақ балаларының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Өкінішке қарай, бұл күнде асық ойнайтын бала азайып, қалалы жердегі балалар мұндай ұлттық ойын бар екенін де ұмытып барады.

Асықпен ойналатын ойын түрі көп. Олар: «Хан атпақ», «Хан – уәзір», «Алшы», «Үштабан», «Омпы», «Бес асық», «Тас қала», «Тәуекел» және т.б. 8 – сынып оқушыларымен қазақтың ұлттық ойындары тарауын өткен кезде асықпен ойналынатын «Тәуекел» ойынын ашық сабақ түрінде өткіздім. Сіздерге сол сабақтың жоспарын жіберіп отырмын.

Сабақтың тақырыбы:

Б: Оқушылардың қазақтың ұлттық ойындары жайлы білімдерін тереңдете отырып, «Тәуекел» ойынының шартымен таныстыру, ойынды ойнату.

Дамытушылық: Оқушылардың ептілік, икемділік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту, тез шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Спортқа деген қызығушылығын  арттыру, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын сақтауға баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі, жарыс сабақ.  

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, практикалық жаттығулар,

Құрал-жабдықтар: Тақта, асық, ысқырғыш, музыкалық аппаратура.

Сабақтың бөлімдері

Сабақтың  мазмұны 

Реті, уақыты

Әдістемелік  нұсқаулар

Кіріспе – дайындық бөлімі.

1.Сапқа  тұрғызу.Кезекші мәлімдеме береді,сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Психологиялық ахуал туғызу.

1 мин

Оқушылар киіміне,тәртібіне,бұйрықтың дұрыс орындалуына назар аудару. 

  1. Жаттығуларды орындаған кездегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Назар аудару жаттығулары «Оңға» «Солға», «Айнал» «Саптық адыммен алға адам бас!» 

3.Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:

1.Қол жоғары аяқтың ұшымен жүру

2.Қол белде,өкшемен жүру

3.Қол белде,аяқтың ішкі,сыртқы қырымен жүру

 4.Қол желкеде, жартылай отырып жүру

5.Қол тізеде,отырып секіру 6.Спорттық жүріс

 

1 мин

Жаттығулардың  дұрыс  орындалуын  қадағалау.Сол аяқпен бастау.

4 мин

 

1 айн

1 айн

1айн

 

1 айн

 

1айн

1 айн

Арақашықтықты сақтау,қолды бүкпеу,денені тік ұстау,басты көтеру.

Денені тік ұстау,қол бел тұста.Қаз тәрізді жүру,жоғары секіру.

Қол бел тұста бүгулі,жылдам орындау.

Қимылын қадағалау

4.Жүгіру бағытында орындалатын 

Жаттығулар:

1.Тізені жоғары көтеріп жүгіру

2.Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру

3.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру

4.Оң,сол жақпен қолды айналдыра жүгіру

5.Артпен жүгіру

6.Жай жүгіру

 7.Спорттық жүріс

 8.Тыныс алу жаттығулары

 

 

 

 

 

6 мин

 

1 айн

1 айн

1айн

 

1 айн

1айн

1айн

1айн

1 айн

Арақашықтықты сақтау.

Алақанға тізені тигізу,

кеудені тік ұстау,қол бел тұста.

Алақанға тигізу,қол белде,аяқты бүкпеу,денені тік ұстау.

Алға,артқа барынша толық айналдыру,оң,сол иыққа қарау.

Алаңды толық пайдалану.

Еркін жүгіру.

Тынысты қалыпқа келтіру.

 

 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру

 

-          оқушыларға берілген баяндамалар оқылады.

-          Сұрақтарға жауап алу.

-          Сурет бойынша жұмыс.

Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі.

 

-          Ойынның «Бес тас» шартын сұрау.

Жаңа материалды түсіндіру

 

 

 

- Ойын асықпен ойналатын ойынның бір түрі. Ойынның ерекшелігі ойын тақтасы болады.  Ол тақтада сандар белгіленген. Әр санның астында сұрақтар жасырынған.  Асықты лақтырып ұпай санын, соған сәйкес сұрақты анықтаймыз. Сұрақтар әртүрлі саладан қойылады. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, сәйкес ұпай беріледі, жауап берілмесе келесі топ асықты лақтырады.

Ойынның мақсаты, ерекшелігі  оқушылардың, балалардың жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиет болмаса адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатына жете бермейді.

 

 

 

4 топқа бөлініп «Тәуекел» ойынын ойнау.

Бекіту кезеңі.

 

-сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін тексеру.

 

Бағалау.

 

Ұпайлар саны бойынша және хабарлама жасаған оқушылар мен ерекше көзге түскен оқушыларды бағалау.

 

Үйге тапсырма.

 

Топтар бойынша асықпен ойналатын ойындардың методикасын іздеп, келесі сабақта түсіндіруге дайындалып келу.

 

Сабақты аяқтау, сапқа тұрғызу, қоштасу.

 

Сабаққа қорытынды жасау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру.
Эстафеталық жарыс
Купер тесті. 6 минуттық жүгіру
​Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар.
Акробатикалық жаттығуларға эстафеталық ойындар
Ағаш аттан секіру
Жеңіл атлетикалық жүгіру және саптық жаттығулары
Төменгі старттан 60м қашықтыққа жүгіру
Ағаш аттан секіру
Акробатикалық жаттығу. Алға домалау
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 4146 | Қосты: Бауржанов Азамат Бауржанулы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык