Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Квадраттық функция тақырыбын қайталау


Квадраттық функция тақырыбын қайталау

Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция тақырыбын қайталау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадраттық функция тарауы бойынша оқушылар білімдерін пысықтайды, жүйелейді,  тиянақтайды және толықтырады. Теориялық білімдерін шыңдап, графиктерді салуда, есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйренеді.  
Дамытушылық: Оқушылар танымдық ізденістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой - өрісін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік алады,топпен  жұмыс жасау бейімдері қалыптасады.
Тәрбиелілік: Топ ішінде шығармашылық атмосфера қалыптастырып, адамгершілікке үйренеді.
 
Сабақтың типі:  Қайталау, жүйелеу, бекіту сабағы
Сабақтың түрі: СТО
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ - жауап, талдау, өздік жұмыс, тест, СТО технологиясы
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар,таратпалы материалдар
Пәнаралық байланыс: физика, дүниежүзілік тарих, бейнелеу өнері, әдебиет.
 
Сабақтың құрылымы:
1.Үйымдастыру
2.Топтарға бөлу
3.Қызығушылықты ояту. 
4.Мағынаны ажырату:
Ауызша сұрақтар
Топпен жұмыс: постер құру, қорғау.
Өздік жұмыс – шығармашылық, деңгейлік
Сергіту сәті
5.Ой толғаныс : ассоциация құру
6.Қорытындылау – рефлексия
7.Бағалау 
8.Үйге тапсырма беру: шығармашылық, деңгейлік
Сабақтың барысы:І.Үйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуал
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Оқушыларды топтарға бөлу: 
Квадрат теңдеу, Квадрат үшмүше, Квадраттық функция, Шығармашылық тобы. 
 
ІІ. Қызығушылықты ояту
 
  
IІІ. Мағынаны ажырату.
«Ой шақыру» . Өткен тақырыпты еске түсіру.
Әр топқа сипаттама беру.
1. «Квадрат теңдеу»
2. «Квадрат үшмүше»
3. «Квадраттық функция»
 
4. «Шығармашылық топ.»
Функция туралы тарихи мағлұматтар. Практикалық қолдану.
Функция –математикалық маңызды ұғымдардың бірі.
«Функция » - латын тілінен аударғанда «орындау, іске асыру» деген мағынаны білдіреді. 
«График» - грек сөзі, ол қазақша  «сызылған»  деген мағынаны білдіреді.
«Парабола» -грек тілінен аударғанда  «қосымша» деген мағынаны білдіреді. «Парабола» ғылыми атауын б.з.д 200 жылдары Пергтік Апполлоний еңгізген.
«Функция» терминін  1692 жылы неміс математигі Готфрид Лейбниц еңгізді. Ол  функцияны графикпен байланыстырды. 1718жылы швейцар математигі Иоганн Бернулли «Функция айнымалылар мен сандардан құрастырылады» - деп тұжырымдаған. Осы көзқарас орыс математигі Н.И.Лобачевскийдің, неміс математигі П,Дирихленің және т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан ары дамытылды.
ІV. «Ақылдасып пішкен тон келте болмас». Топпен жұмыс. 
Постер  құру. Қорғау.
1топ. y= a(x-m)2+n функциясының  графигін 
қалай салуға  болады ?
2топ.y= (x+1)2-4 және y= x2+2х-3 функцияларының графигін салу жолдарының 
екі тәсілін салыстырып, Венн диаграмма толтырыңдар.
3топ. y= аx2+вх +с  функциясының графигін салу алгоритмін қолданып y= x2 - 4х +3  
функциясының графигін салыңдар  
4топ. y= |x2- 2х - 3| функциясының графигін салыңдар 
Постер  қорғау 
V. Сергіту сәті
VІ. «Білімді мыңды жығар» (Өздік жұмыс: деңгейлік тапсырмалар)
А.   1) y= x2+4
       2) y= (x-3)2функцияларының графигін салыңдар
В. Графигі бойынша формуланы жазыңдар:
 
С.Мақалдағы сандар арқылы квадрат үшмүше құрыңдар:
1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса,төбедегі келеді.
3.  Білгенің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз. 
Жауаптары:
А.
 
 
В.   а)  у=(х-3)2
      ә)  у=х2-2  
      б)у=(х+3)2+2  
С. Мақалдағы сандар арқылы квадрат үшмүше құру: 
• (x – 7)(x – 1) = x2– 8x + 7 
• (x – 6)(x – 4) = x2– 10x + 24 
• (x – 9)(x – 99) =  x2– 108x + 891 
 
 
VІІ.Ойтолғаныс:
«Өз біліміңді сына». 
1.Тест
1. Берілген функцияларының қайсысы квадраттық функция болады?
А) 2х+3   В) х3 – х -7  С) х4-19х   Д) 3х2 -9х -1
2.y=x2+1,5функцияның графигін y=x2функцияның графигінен қалай алуға болады?  
А) Оу осі бойымен 1,5 бірлік жоғары   В) Ох осі бойымен 1,5 бірлік солға С) Оу осі бойымен 1,5 бірлік төмен Д) Ох осі бойымен 1,5 бірлік оңға жылжыту арқылы алуға болады.
3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі  қандай түске боялған?  
А) қызыл    В) көк     С) жасыл   Д) басқа
4. y=(x+5)2функцияның графигін y=x2функцияның графигінен қалай алуға болады?
 А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға   В) Ох осі бойыменбірлік солға  С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен Д) Оу осі бойымен 5 бірлік  жоғары жылжыту арқылы алуға болады.
5. y=(x - 1)2 -7  параболаның төбесінің координаталарын анықтаңдар
 А)1;-7   В) -1;7   С) -7;-1   Д)7;1
Дұрыс жауаптары:
1.Д     2.А       3.А        4.В           5.А
2. Квадраттық функцияның ассоциациасын құру
 
VІІІ.  Қорытындылау.
Рефлексия
• Сабақ ұнады ма? Ұнамады ма?
• Несімен ұнады?
ІХ. Бағалау 
ХІ. Үйге тапсырма: 96 бет тест. Шығармашылық тапсырма:
Суретте берілген параболалардың формуларын анықтап , жазып әкеліңдер.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Функциялар және графиктер" қолданбалы курсының авторлық бағдарламасы
Квадрат теңсіздіктер
Функция тарауын қайталау
Квадраттық функция графиктерін қарапайым түрлендіру.
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадраттық теңдеулерге есептер шығару
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі
«Функция» тарауына қайталау жаттығуларын орындау.
Квадрат функция
9-сынып ұзақ мерзімдік жоспар
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 5428 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык