Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ИСЛАНДИЯ



ИСЛАНДИЯ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Исландияның географиялық орны, табиғат жағдайлары, мемлекеттік құрылымы, халқы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:           И с л а н д и я  Р е с п у б л и к а с ы
   ИСЛАНДИЯ (Jsland), И с л а н д и я  Р е с п у б л и к а с ы - Aтлант мұхиты¬ның солт. бөлігіндегі Исланд аралын алып жатқан мемлекет. Солтүстігін  Гренланд теңізі, шығысын - Норвег  теңізі, батысын - Дат бұғазы шайып  жатыр. 
Жер аумағы - 103 мың км2. 
Халқы - 292 мың адам.(2005 ж)
Халықтың орналасу тығыздығы  - 1км2 – 2,8 адамнан келеді.
Астанасы- Рейкья¬вик қ-сы.
Ұлттық валютасы – Исланд кронасы 
   Әкімш. жағынан округтарға  (Сислаларға) бөлінеді (құрамына 124 ауылдық өңірлер мен қалалар енетін 23 округке).
    Мемлекеттік құрылысы. Исландия -  республика. Қазіргі конституциясы - 1944 ж. 17 маусымда күшіне енген.  Мемл. басшысы - президент, оны ха-лық 4 жылға сайлайды. Заң шығару  билігі президентке және екі палата¬лы парламентке - альтингке беріл¬ген. Альтинг депутаттары (60 адам)  пропорционалды өкілдік жүйесі бо¬йынша жалпыға бірдей, тең және тө¬те сайлау негізінде сайланады. 
21  жасқа толған барлық азаматтарға  сайлау правосы беріледі. Жергілікті  басқару органдары - қалалардағы  сайланып қойылатын муниципалитеттер. Oкpyгтapды орталық үкімет та¬ғайындаған чиновниктер басқарады.  Сот жүйесі төменгі соттар, қалалық  және апелляцпялық, Жоғарғы соттардан құралады.  
   Табиғаты. Исланд аралы - су астындағы Солтүстік Атлант жотасының жалғасы. Ол вулкандық процес¬тердің салдарынан пайда болған. Же¬рінің көбі қырат (биік. 400-800 м). кей жерлерінде биікт. 1000-1500 м-ге жететін тау массивтері кездеседі.  Ең биік тауы - Хваннадальсхнукур Byлканы (2119 м). 
200-ге тарта вулкан  бар, олардың  30-ы әлі сөнбеген. Пайдалы қазындылары: исланд шпаты, күкірт. 
  Климатына (субарктикалық, теңіздік) Гольфстрим ағысы күшті  әсер етеді. Қаңтардың  орташа температурасы  00 С - 20 С, шілдеде 10-110 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері – 500-ден - 4000 мм-ге дейін. Жерінің 11,4%-ін 
мұз басып жатыр. Басты өзені - Тьоурсау (237 км). Өзендері кеме жүзуге  жарамсыз, бірақ гидродроэнергияға (2,5 млн. квт) бай. Ең ірі көлі - Тингвадлаватн (83 км2). Аралдың жиек жағының топырағы - вулкан әрекеті әсер eткен шымтезек аралас топырақ, қалған жерлері арктикалық, батпақ топырақты келеді. Өсімдікке өте кедей; негізінен мүк және қына тектес өсімдіктер өседі. Ақ түлкі, солтүстік бұғысы, қара күзен, ақ аю (солтүстік жағалауында), итбалық, морж кездеседі. Іргелес теңіздері балыққа бай. Исландияда Тингведлир ұлттық бағы және басқа 5 табиғи қорық бар.
   Халықтың ұлттық және діни құрамы. Ұлттық құрамы негізінен біртекті, яғни халықтың 90%-дан астамын исланд тілінде сөйлейтін скандинавтардың ұрпақтары болып табылатын исланддықтар құрайды. Сонымен қатар елде даттықтар мен норвегтер т.б ұлттар тұрады. 
Мемлекеттік тілі – исланд тілі, сонымен қатар ағылшын тілі де кең тараған. Мемлекеттік діні – лютерандық (96%), католиктер мен христианның басқа тармақтары 3%-ды құрайды.
   Экономикасы. Исландия экономикасы орташа дамыған елдер қатарына жатады. Өнеркәсіптің басты саласы – балық аулау және оны өңдеу. Балық өнімдерін экспортқа шығаруда дүние жүзінде басты орындардың бірін алады. Балық өңдеудің ірі орталықтары – Рейкьявик, Сиглуфьордур, Акурейри, Вестманнаэйяр. Табиғи ыстық суды пайдалану кең дамыған: ол астанадағы үйлерді жылытуға, теплица шаруашылығында т.б. пайдаланылады. Химия, алюминий, цемент, кеме жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің шағын кәсіпорындары бар.
   Ауыл шаруашылығының басты саласы – етті-жүнді (қой), және сүтті мал (сиыр) өсіру. Егістік жерлерінде жемшөп пен картоп егіледі, жылыжайларда (теплица) помидор, қияр өсіріледі.
   Экспорты: балық және мал шаруашылығы өнімдері т.б.
   Импорты: мұнай, машина, жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдері т.б.
Негізгі сауда серіктестері – Германия, Франция, Дания, Швеция, АҚШ, Норвегия


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИРАК
СИРИЯ
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
ТАЙЛАНД
КАМБОДЖА
БУТАН КОРОЛЬДІГІ
ШВЕЙЦАРИЯ
НОРВЕГИЯ КОРОЛЬДІГІ
ШВЕЦИЯ КОРОЛЬДІГІ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3290 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык