Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғ.Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі


Ғ.Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты: а) А.Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын меңгерту
ә) Оқушылардың ой-пікірін дамыта отырып, өзіндік
көзқарастарын қалыптастыру.
б) Оқушыны ашкөздік, тойымсыздық, үстемдік жасау сияқты
адамгершілікке жат қылықтардан сақтандыру.
Г) Аристотельдің, Абайдың ғибратты сөздерін оқушы санасына сіңіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны ашу», «Бұрыштар», стра-
тегиялары, дебат.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар: әлемдегі атақты қолбасшылар, сабақ тақырыбы, Абай суреттері т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а)Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру
Сынып тазалығына көңіл бөлу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
б) Жаңа сабақты түсіндіру
І. «Қызығушылықты ояту» Слайдтан:
Шыңғыс хан, Ескендір,Ақсақ Темір,Гитлер суреттері
- Бұл кісілер туралы не айта аласыздар?

- Осы кісілер туралы қандай мағлұматтар білесіңдер?

- Осы топтағы адамдарды кімдер деп атар едіңдер? (Әлемге әмірін жүргізбек болғандар)
ІІ. «Мағынаны ашу»
Абай парсы, тәжік, әзірбайжан әдебиетінің кемеңгерлері Фирдоусидің,Низами мен Физулидің,
Шәмси мен Сағдидың көптеген шығармаларын, оның ішінде, «Шаһнама», «Ескендірнама» сияқты
тамаша туындыларын сүйіп оқып, сол арқылы Шығыс елдерінің тіршілігімен, салт-дәстүрімен,
әдет-ғұрпымен танысты. Олардың кейбірін өз шығармаларына арқау етті.
Ақын бүкіл адамзаттық гуманистік көзқарасты негізге алып, адам бойындағы қасиеттерді жан-жақты
ашып, ойлануға, ізгілікке жетелейтін «Ескендір» поэмасын жазып шығады.
Поэмаға қысқаша түсінік бере кетемін.
«Ескендір» поэмасында көрші елдерге кезек-кезек шабуыл жасап, ханын өлтіріп, жазықсыз халқын талап,
олардың қанын судай шашқан қанішер, жауыз Ескендірдің (Александр Македонский) шапқыншылық әрекетін
әшкерелейді.Тағы бір сондай жорығында ол темір қорғанды қақпаға кездесіп, қамалды ала алмағанына
ашуланған патшаға қақпаның күзетшісі орамалға түйілген адамның бас сүйегін арғы беттен сыйға
лақтырып жібереді. Мұның мәнісін түсінбеген Ескендір ойшыл-ғалым Аристотельден бұл жұмбақтың
шешуін сұрайды. Сонда Аристотель: адам көзі тіршілікте еш нәрсеге тоймайды, тек топыраққа көмілген
кезде ғана тынатынын айтады. Ақын жауыздықты ізгілік жеңеді деп қорытынды жасайды.
Ал енді, оқушылар, поэманың тақырып, идеясын ашуға жұмыстанайық. Ол үшін мен сіздерге поэма-
дан қысқаша керек деген жерлерімді жазып келдім. (Таратып шығамын .Мұнда Ескендір, Аристотель, Абай)
Оқып, танысамыз. Әр топқа кезектесіп оқытамын да:
- Кімге сипаттама бердің? Ескендір деген қандай адам екен?
- Аристотель қандай адам?
- Абайға қандай сипаттама беруге болады?- деген сияқты сұрақтар қоямын.
«Бұрыштар» стратегиясымен сабағымды қорытындылаймын, ол үшін мынадай сұрақ қоямын.
Оқушылар, сіздерге мынадай сұрақ:
- Осы бүкіл әлемді билеген қолбасшы бар ма?
Әркім асықпай , ойланып жауап береді. Мен сіздерді үш топқа бөлемін де, шартын түсіндіремін.
Үш топқа бөлемін. 1-топ «бар» десе, 2-топ «жоқ» деп қарсы пікір айтады. Ал, 3- топ сол екі
топтың дәлелдегеніне қарай топтарға қосылады.
Білімді бекіту: Сабақты оқушылар сөзімен, пікірлерін қорытып, өз сөзіммен аяқтаймын.
- Ендеше оқушылар, Абай осы дастаны арқылы әлемді еш уақытта да бір адамның билей
Алмайтындығына, Аристотельдің ғибраттары арқылы көз жеткізеді.
Үйге тапсырма:Ескендірге хат немесе даналық тақырыбына ойтолғау жаз.
Бағалау. Бағаны түрлі-түсті стикерлармен сабақ барысында бағалап отырдым.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе.
А. Құнанбайұлы “Ескендір” дастаны
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы
Абайдың дастандары “Ескендір” дастаны
Орта Азия халықтарының македондық басқыншыларға қарсы күресі
Абай Құнанбаев-қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
А.Құнанбаев "Ескендір" поэмасы

Автор Қаналиева Мәншүк Тұрарбекқызы

№ 21 орта мектеп

Бөлім: Материалы / Әдебиеттен ашық сабақтар | Көрсетілім: 1800 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар