Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер.


Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер.
Сабақтың тақырыбы:Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер.
Сабақтың мақсаттары:
а) қос сөздердің күшейткіш буын арқылы жасалуы туралы түсінік беру;
ә) есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл байлықтарын дамыту;
б) зейінділікке, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: жұптық жұмыс, суретпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ –жауап.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиет, сурет.
Көрнекілігі: тапсырмалар, топшамалар, суреттер.
Күтілетін нәтиже: қос сөздерді ажырата білу, күшейткіш буын арқылы қос сөздер жасай білу.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Бүгін күн ерекше ,
Мен сабақта, мектептемін.
Менің зейінім тұрақты,
Менің сабаққа ынтам зор.
Өйткені мен бақыттымын!
2 Үй жұмысын тексеру.
Жаттығуды тексеру. Көп нүктенің орнына тиісті қос сөздерді қойып, көшіріп жазу.(орындаған жұмысты оқу)
Қызығушылығын ояту:
Семантикалық карта.Қос сөздер түрлері мен мысалдар беріледі, оқушылар орындайды.
Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді қосарлама қос сөздер дейміз.
Қосарлама қос сөздер қалай жасалады?
Екі түбірі де бір-біріне мағыналас қос сөздер.Мысалы: Құлын-тай, үйрек-қаз, қыз-келіншек, ағайын-туыс, жиын-той.
Қарама-қарсы мағыналы қосарлама қос сөздер.Мысалы: кәрі-жас, үлкен-кіші, қысы-жазы, күндіз-түні, аға-іні.
Бір түбірі мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.Мысалы: Көйлек-көншек, қыз-қырқын, жүн-жүрқа, бал-шаға.
Екі сыңары да мағынасыз сөздер қосарланады.Мысалы: анда-санда, оқта-текте, некен-саяқ, егжей-тегжей, ығы-жығы.
Кейінгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздер.Олардың сыңарлары әртүрлі тұлғада кейде бір тұлғада келеді.Мысалы: Оқу-әдістемелік,мәдени-ағарту, қазақша-орысша, үгіт-насихат.
Осы қосарлама қос сөздердің жасалуын бес оқушы айтып сабақты өткенді қайталап пысықтайды.
Жаңа сабақ.
Ережені түсіндіру. Қос сөздер түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылу арқылы да жасалады.Мысалы: үп-үлкен, оп-оңай, жап-жақын.
«Қос сөздерді тап».
Сойлемдерді оқы, қос сөздерді тап.
Өзі нәп-нәзік. Өзінің қияңқылығы да жоқ, моп-момақан, жұп-жуас. «Шеп-шеп» десең болды, қасыңа қанатын қағып жүгіріп келеді.
Жеті түс көрсктіліп өз бетінше қос сөз жасау, сөздік жүмысы.
1 жасыл дөңгелек 5 қоңыр дөңгелек
2 қара дөңгелек 6 ақ дөңгелек
3 қызыл дөңгелек 7 көк дөңгелек
4 сары дөңгелек
Сөздерден қос сөз жаса
Берілген сөздерге күшейткіш буын қосып, қос сөз жасау.
Жап-жасыл Қоп-қоңыр
Қап-қара Аппақ
Қып-қызыл Көкпеңбек
Сап-сары
«Жаттығуды орында»
Алдын ала компютерде жазылып дайындалған жаттығуды жұптық жұмыс ретінде оқушыларға тарату.
Қарамен жазылған сөздерге күшейткіш буын қосып , екеуі бір тапсырманы орындайды.
1.Біздің үйде егіз лақ болды. Екеуінің де жүні жылтыр, әдемі болатын.
2.Көлдің таза, тұнық суы күнге шағылысып, айнадай жалтырайды.
3.Сылдырып аққан бұлақтың жағасында жуан жалғыз ағаш өсіп тұр.
4.Күн ашық болғанымен , ызғар бетті қарып барады.
5.Түзу көше бойымен асықпай жүріп келеді.
Жып-жылтыр, әп-әдемі, тап-таза, тұп-тұнық, жұп-жуан, ап-ашық, түп-түзу. Күшейткіш буындар жасадық.
Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздермен сипаттаңыз.
Қызанақ Қияр
Қып-қызыл жап-жасыл
Доп-домалақ сопақша
«Қайратқа көмек».
Қайратқа шашылып жатқан қос сөздерді жасалуыны қарай үш қалташаға бөліп салуға көмектес.
Темір-терсек Киім-кешек
Жора-жолдас Үйрек-қаз
Бұл қосарлама қос сөзер.
Сөйлей-сөйлей Талай-талай
Кезек-кезек Топ-топ
Бұл қайталама қос сөздер.
Дұп-дұрыс Үп-үлкен
Ап-анық Қып-қызыл
Бұл күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер.
Қорытындылау.
Қос сөздер үш түрге бөлінеді.Ережелер сайысы .Қайталама, қосарлама, күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздердің ережелерін айту.
Үйге тапсырма 4-жаттығу.
Мәтінді көшіріп жазып, қос создерді тауып, тыныс белгісін қойыңыздар.
Бағалау .
Әр оқушының алған гүл күлтелерін санап, сабаққа қатысуын анықтау.
Ең көп гүл жйнаған оқушы қос сөздерді жақсы меңгерген.
Ұпай сандарын есептеу бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қосарлама қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Қос сөздер
Қос сөздер. Қайталама қос сөздер
Буын
Қосарлама қос сөздер
Ашық буын
Қосарлама қос сөздер
Күшейткіш үстеу
Күшейткіш үстеу

Автор Меңлібекова Гулзағира

"Ынтымақ" негізгі орта мектебі

Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Көрсетілім: 9817 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар