Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz


Смагулова Самига Шариповна
Алматы облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы «Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 3 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есім туралы ұғым беріп, оны ажырата білу дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: Сауаттылыққа баулу, өз еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, түрлі стратегиялар
Сабақтың көрнекілігі: интнрактивті тақта, үлестірмелер
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық Шаттық шеңбері
Жаңа ғана ояндық, Керілдік те созылдық
Есінедік ақырын, тұру бізге тым қиын
Оң жақтағы көршіге, сол жақтағы көршіге
Сәлем бердік ал енді,бастау керек сабақты
Алақанды соққылап, Табанменен тепкілеп, Иықты да қозғаймыз
Содан кейін бәріне: «Қайырлы күн» дейміз біз
ІҮ Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Ү Жаңа сабақ: Кіріспе
Балалар біз бүгінгі сабағымызды Астанаға саяхат түрінде өтеміз. Ұшаққа билет алайық. Билет алу. Тапсырма жазулы. Сол тапсырманы орындау
Астанаға жол тарту:
Бағытымыз Астана
Астанаға асығамыз шаттана
Барлық әлем бір өзіне қараған
Қазағымның Астанасы жас қала
Көркем жазу: Ж ж
Серік Сәпиев Лондон Олимпиадасының алтын жүлдегері.
Жарайсың, қайсар жігіт!
Сұқрақ қою арқылы сын есімді табу, түсінік беру

Қандай? Қай?

Дәмін көлемін Сын есім Түрін, түсін


Сынын, сапасын

Тұлғасына қарай: негізгі және туынды
Осылайша бет алдық Астанаға
Бәрі қызық көргеннің жас балаға
Елордаға жақындап келген кезде
Шу еттік біз келдік деп Астанаға
ҮІ Түсінгендерін тексеру: Қаланы аралау: 1 аялдама
1жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін тап
Сырты жасыл, қап – қатты,
Іші қызыл, тәп – тәтті. (қарбыз)
Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті?
Олар заттың несін білдіріп тұр
“Астана-Бәйтерек” Астананың басты нышаны Ақ Орда – ҚР-ның президентінің резиденциясы
2- аялдама 2 - 3 жаттығу (топпен жұмыс)
1 топ
Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер
Күн қандай?
Аспан қандай?
Жапырақтар қандай?
Ашық, көгілдір, жасыл
2 топ
Суретке қарап әңгіме құрастыр
3 – топ
Қияр туралы жұмбақ құрастыр. Ол үшін қиярдың белгілерін ата
Жұмбағыңдағы әрбір сөз қандай сұраққа жауап береді?
Хан шатыры- ойын-сауық орталығы
Нұр – Астана мешіті
С е р г і т у с ә т і:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
4 аялдама (ауызша)
4 – жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы
Барқыт тау, жасыл дала, зеңгір аспан,
Күміс көл, ерке өзен алып қашқан.
Құмартып келем саған бала жастан,
Дариға, жер бар ма екен сенен асқан?
(Қасым Аманжолов)
Өлеңнен сын есімдерді тап.
Олар қай заттың сынын білдіріп тұрғанын айт
Океанариум
5 аялдама тақтамен жұмыс 5 - жаттығу
Суретті қара. Әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдерді төмендегі мәтіннен таңдап ал.
Оқушылар демалыс үйіне келді. Демалыс үйі қалың қарағайдың арасына орналасыпты. Жанында үлкен көлі бар.
Көлдің жағасында кішкене қайықтар тұр. Балалар қайыққа мініп серуендеп жүр
Мәтінді ретімен көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз.
Бейбіршілік пен Келісім сарайы
6 аялдама
Шығармашылық жұмыс (жеке оқушылармен)
Астанадан алған әсерлері
1 Шағын шығарма
2 Сөйлемдер
3 Карточкамен жұмыс
Есіл өзенінің жағасы
ҮІІ Бекіту кезеңі: 7 аялдама Тест
Сын есімді белгіле
А) кітап,су
В) оқыды, жазды
С) үлкен, жақсы
Сын есімнің сұрақтарын көрсет
А) Қай? Қашан?
В) Қандай? Қай?
С) Қандай? Қайтті?
Сын есім нені білдіреді?
А) заттың атын
В) заттың іс – қимылын
С) заттың сынын,сапасын, түрін, түсін, дәмін, көлемін
Әсем қала Астанаға ЮНЭСКО-ның шешімі бойынша
“Әлем қаласы ”деген медаль берілген
Астана қандай қала? Сұлу,әсем, әдемі, көркем
Астанадан үйге қайту
Сұлу сөзіне сатылай талдау жасау
Сын есім
Қандай?
Негізгі (түбір)
2 буын
ҮІІІ Үйге тапсырма: 6 жаттығу 183 бет
Бағалау: Жұлдызша арқылы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұрнақ пен жалғау
Зат есімнің тәуелденуі.
Ел ордамыз – Астана
Сөз таптары
Сын есім
Сын есім
Қазақстанның елордасы - Астана
Сын есім
Сын есім
Менің Қазақстаным. Үндестік заңы.Буын.

Автор Смагулова Самига Шариповна

Алматы облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы Новопокровка орта мектебі

Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Көрсетілім: 3161 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар