Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Молекулалардың қозғалысы.Диффузия


Молекулалардың қозғалысы.Диффузия
Пәні: Физика
Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: § 15 Молекулалардың қозғалысы. Диффузия
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.1. Сәлемдесу
1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу /тілектер, тренингтер т.б/
1.3. Оқушыларды түгелдеу
1.4. Топқа бөлу («Атомдар», « молекулалар», «заттар» деген сөздер арқылы сынып 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Атомдарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?
2. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?
3. Молекула дегеніміз қандай бөлшек?
4. Табиғатта атомдардың неше түрі бар? Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?
5. Су молекуласының құрамы туралы не білесіңдер?
6. Молекуланың өте кішкентай екенін салыстырмалы түрде қалай білеміз?
7. Химиялық элементтер бір – бірінен қалай ерекшеленеді?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
1. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия жайлы мағлұмат беру
2. Молекулалардың қозғалысын, диффузияны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету
3. Топта бағалауға баулу
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар молекулалардың қозғалысы, диффузия жайлы мағлұмат алады
2. Оқушылар молекулалардың қозғалысын, диффузияны күнделікті өмірде қолдануға үйренеді
3. Оқушылар топта бағалай алатын болады

Сабақта берілетін негізгі идеялар:

Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар
бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады.
Диффузия сұйықтарда,газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент
көрсетіліп, тәжірибелер жасалады)
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-
бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Дене
көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.
Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.темперетураны өлшегенде Цельсий немесе
Кельвин шкалалары қолданылады. Көптеген тәжірибелер денелердің температурасы олардың
құрамына кіретін молекулалардың қозғалыс жылдамдығына байланысты өзгеретінін дәлелдеді.
Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да
соғұрлым жоғары болады.
ІV. Топтық жұмыс «Джигсо»
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз
Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған
жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы
№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
V. Талқылау үшін сұрақтар беріледі:
1. Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды? Бұл құбылыс нені дәлелдейді?
2. Диффузия деген не?
3. Диффузияның пайдасы қандай? Зияны бар ма?
4. Диффузия құбылысынан қандай қорытынды туындайды?
5. Қыстыгүні өзен мен көлдің бетін қалың мұз басқанда судағы балықтардың қырылып
қалатынын қалай түсіндіруге болды?
6. Қандай жылу құбылыстарын білесіңдер? Температура дегеніміз не ?
7. Диффузияның температураға байланысы бар ма?

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
1 Білу Диффузия дегеніміз не?

2 Түсіну Диффузия құбылысына мысал келтір?

3 Қолдану Көкөністерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?

4 Талдау Қатты денедегі және сұйық заттағы жүретін диффузия құбылысын салыстыр?

5 Жинақтау Диффузия құбылысының және дене температурасының оның молекулалар қозғалысына тәуелділігін түсіндір?
6 Бағалау Күнделікті тұрмыста диффузия құбылысы қаншалықты қажет?

Оқушылардың жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1тілекпен бағалау.
VІІ. Кері байланыс /не үйрендім?, не қиын болды?/

VІІІ. Үйге тапсырма беру: § 15 Молекулалардың қозғалысы. Диффузия
Мына мақалдардың тәрбиелік және физикалық мәнін түсіндіріңдер:
1. Бір құмалақ бір қарын майды шіріеді
2. Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді

Өздерің күнде кездесіп жүрген диффузия құбылысымен байланысты мысалдар келтіріңдер
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы.
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол
Молекулалардың қозғалысы. Броундық қозғалыс. Диффузия
Молекула - кинетикалық теорияның негіздері
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы
Глоссарий
Молекулалық физика негіздері
Озық ойлы оқушы
8 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары

Автор Исанова Сауле Егембердиевна

ОҚО, Ордабасы ауданы, Ынтымақ ном

Бөлім: Материалы / Физикадан ашық сабақтар | Көрсетілім: 6195 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар