Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Қазақстан" қонақ үйі


"Қазақстан" қонақ үйі
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан» қонақ үйі.

Сабақтың мақсаты: а) Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгуіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын ақпараттық құзыреттілігіндамыту.
ә) Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылығын таныту.
б) Тілге құрмет ете білуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,отырған орындар бойынша сұрақ-жауап \МПМ/

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
А) Сәлемдесу
Ә) Кезекшімен сұхбат
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

І. Үй тапсырмасын тексеру
Балалар, бүгін біз сабағымызды «БИС» технология бойынша өткіземіз,сендердің жауаптарын мына отырған орындар бойынша бағаланып, дұрыс жауаптарын \+\, ал бұрыс жауаптарын \-\ деген таңбалар қойылады,сондықтан сабаққа белсенді қатысуларыңды сұраймын.

А Б В Г Д Е
+ - 1
2
3
4 1
2
3
4
+ +




1 белгі. Өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар:
«Медеу» мұз айдыны
Достық даңғылымен тауға қарай машиналар тынбай зулайды. Көгілдір таулар арасында әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны жатыр. Айдыны – тау суының мөлдір мұзы.
Мұз айдыны – қаланың ең көрікті орындарының бірі.
«Медеу» спорт кешені 1972 жылы шаңырақ көтерді. Айдын дүниежүзілік рекордтар «фабрикасы» деп аталады. Мұнда 100-ге жуық рекордтар жасалды. Конструкциясы жөнінен дүние жүзінде «Медеудің» теңдесі жоқ. Мұз айдынының көлемі он бір мың шаршы метрдей. Трибуналары 12 мыңнан астам көрерменге арналған. Бұл жер қала тұрғындарының демалатын сүйікті орнына айналды.
Мәтін бойынша сұрақ-жауап.
Ауызша орындау.
1. Қай даңғылмен машиналар зулайды? Достық даңғылымен
2. Көгілдір таулар арасында не жатыр? әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны
3. Қаланың ең көрікті орындарының бірі не? Мұз айдыны
4. Айдыны – ненің мұзы? тау суының мөлдір
5. Мұз айдыны – ненің орындарының бірі? Қаланың
6. «Медеу» қай жылы шаңырақ көтерді? 1972 жылы
7. 1972 жылы не шаңырақ көтерді? «Медеу» спорт кешені
8. Қандай спорт кешені 1972 жылы шаңырақ көтерді? «Медеу» спорт кешені
9. Айдын қандай рекордтар «фабрикасы» деп аталады? дүниежүзілік
10. Мұнда нешеге жуық рекордтар жасалды? 100-ге жуық
11. Несі жөнінен дүние жүзінде «Медеудің» теңдесі жоқ? Конструкциясы жөнінен
12. Мұз айдынының көлемі қанша шаршы метр? он бір мың шаршы метрдей
13. Трибуналары неше көрерменге арналған? 12 мыңнан астам
14. Нелер 12 мыңнан астам көрерменге арналған? Трибуналары
15. Бұл жер неге айналды? қала тұрғындарының демалатын сүйікті орнына

Оқушылармен сұхбат (слайд №1)
- Қазақстан қандай мемлекет? Көпұлтты мемлекет
- Сендер қай облыста тұрасыңдар? Қарағанды облысында
- Облыс орталығы қай қала? Қарағанды қаласы
- Алыстан келген қонақтарға арналған қонақ үйлер бар ма?

(слайд №2) ( Қазақстан қаларының қонақ үйлері)

Жаңа сабақ:
Осыдан кейін сабақтың тақырыбын ашамыз.( «ҚАЗАҚСТАН» ҚОНАҚ ҮЙІ) Мақсатын айтып кету. (слайд №3)

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗАҚСТАН» ҚОНАҚ ҮЙІ
Сабақтың мақсаты: Сабақта норматив талабына сай оқу материалын 63% меңгуіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын ақпараттық құзыреттілігін дамыту

II. Сөздермен жұмыс орындау. (слайд №4)
(Тақтада сөздер жазылады осы сөздерді естеріне сақтап, 30 секунд ішінде, орындарын ауыстырмай жазу керек 7 сөз болуы тиіс, оқушылар дәптерлерін қасында отырған оқушымен алмастырып, неше сөз екенін дәптерге жазады. Мысалы: А-1; 7 сөз болса (+), ал егер Б- 2 ; 7 сөзден кем болса (-) Сонда ғана ООБ-ша таңбалар қойылады).

2 белгі. Тірек - сөздермен таныстыру (Интерактивтік тақтада жазылған сөздер)
Қала
Меймандос
Қонақ үй
Даңғыл
Айқын
Зәулім
Ерекше

ІІІ. Мәтінмен жұмыс: (оқушыларға мәтінді оқуға 3 минут уақыт беріледі)
Лексикалық тақырыбы «Қазақстан» қонақ үйі. (слайд №5)

«Қазақстан» қонақ үйі.
Алматы – қонақжай, меймандос қала. Алыстан келген жолаушыларға құшағын жая қарсы алатын қонақ үйлер көп. Солардың ішінде Достық даңғылының бойындағы «Қазақстан» қонақ үйі ерекше көзге түседі. Мейманхана 1977 жылы салынды. Ол 25 қабатты, биіктігі 107 метр. Онда 942 орындық, 472 қонақ бөлмесі бар. Ішінде мейрамхана, пошта, телеграф, жинақ кассасы жұмыс істейді. Ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін кафе орналасқан. Бұл – Алматыдағы ең биік ғимараттардың бірі.

3 белгі. «Қазақстан » қонақ үйі мәтіні бойынша сұрақ- жауап:
1. Алматы қандай қала? (қонақжай, меймандос қала)
2. Қайдан келген жолаушыларға қонақ үйлер көп? (алыстан)
3. Алыстан келген жолаушыларға құшағын жая қарсы алатын нелер көп? (қонақ үйлер)
4. Достық даңғылының бойында қонақ үй қалай аталады? (Қазақстан)
5. «Қазақстан» қонақ үйі қай жерде орналасқан? (Достық даңғылында)
6. Мейманхана қай жылы салынды? (1977 жылы)
7. Мейманхана неше қабатты? (25 қабатты)
8. Мейманхананың биіктігі неше метр? (107 метр)
9. Мейманханада неше орындық бар? (942 орындық)
10. Мейманханада неше қонақ бөлмесі бар? (472 қонақ бөлмесі )
11. Ішінде нелер жұмыс істейді?(мейманхана, пошта, телеграф)
12. Кафе қайда орналасқан? (ең жоғарғы кабатта)
13. Бұл кафеден айқын нелер көрінеді? (тау мен қала келбеті)
14. Ең жоғарғы қабаттан тау мен қала келбеті қалай көрінеді? (айқын)
15. Алматы қаласындағы ең биік ғимараттардың бірі қалай аталады? («Қазақстан» қонақ үйі)

IV. Сыни- тұрғыдан сұрақтар:
4 белгі.
1. Астана – қонақжай, меймандос қала. – Алматы
2. Алыстан келген жолаушыларға құшағын жая қарсы алатын мектептер көп. – қонақ үйлер
3. Солардың ішінде Достық даңғылының бойындағы «Қазақстан» қонақ үйі ерекше көзге түседі. +
4. Мейманхана 1978 жылы салынды. – 1977 жылы
5. «Қазақстан» қонақ үйі 26 қабатты. – 25
6. Оның биіктігі 106 метр. – 107
7. Онда 941 орындық бар. – 942
8. «Қазақстан» қонақ үйінде 482 қонақ бөлмесі бар. – 472
9. Ішінде мейрамхана, пошта, телеграф, жинақ кассасы жұмыс істейді. +
10. Ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін саябақ орналасқан. – кафе
11. Алматыдағы ең аласа ғимараттардың бірі. – биік
12. Солардың ішінде Абай даңғылының бойындағы «Қазақстан» қонақ үйі ерекше көзге түседі. – Достық
13. «Қазақстан» қонақ үйі 1977 жылы салынды. +
14. «Қазақстан» қонақ үйі 25 қабатты. +
15. Ішінде мейрамхана, пошта, аурухана, жинақ кассасы жұмыс істейді. – мейрамхана, пошта, телеграф, жинақ кассасы.

V. Сөздік қоры: (56 сөз)
5 белгі.
Ал, енді ,балалар, кітаптарыңды жауып, бүгінгі сабағымызда қандай сөздер естеріңде қалды соның барлығын дәптерлеріңе жазыңдар. 5 минут өткен соң оқушылар дәптерлерін ауыстырып, неше сөз жазғанын айтады.

Бекіту: - Ал, енді оқушылар сабақта өздеріңді қалай сездіңдер шыршаға іліндер.

Бағалау: Сабақтың соңында неше (+) және неше (-) алғандарын мұғалім оқушылармен санап, бағасын айтады. (слайд №6)
«5» - 4, 5
«4» - 3
«3» - 2
«2» - 1
Рефлексия:
Ой толғаныс «Бүгінгі менің сабақтағы көңіл күйім»
Оқушылар шыршаға стикерлерді иледі. (слайд №6)

Үй тапсырмасы: «Қазақстан » қонақ үйі мазмұнын айту.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астана. Көмекші есімдер.
Астана қаласы.
Баспанам-менің қорғаным. Қорытынды сабақ
Менің Отаным – Қазақстан
«Қонақ бөлмесі» 3 сыныбында «Менің шешем» 4 сыныбында
Қонақ келгенде
Қонақ үй мен демалыс бөлмесін жобалау ерекшелігі
Халқым менің қонақжай
толқындар
Шығыс Қазақстан

Автор Танабаев Сакен Нуркешевич

"Шахтинск қаласы әкімдігінің №1 гимназиясы " КММ

Бөлім: Материалы / Қазақ тілінен ашық сабақтар | Көрсетілім: 7630 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар