Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстандағы 1867- 1868 жылғы әкімшілік реформа


Қазақстандағы 1867- 1868 жылғы әкімшілік реформа
Сұлтанқажиева Мейрамгүл
№148 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі
Пәні: 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1867- 1868 жылғы әкімшілік реформа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: XIX ғасырдың 2- жартысында жасалған әкімшілік
реформалардың мәнін ашу, мақсатын түсіндіру.
Дамытушылық: оқушыларды тарихи оқиғаларды түсініп, қорытынды
жасауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды өз тарихын біліп құрметтеуге , адамгершілікке,
Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: өзіндік топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, ауызша баяндау, сұрақ- жауап
Жаңа технология элементтері : топпен жұмыс, сергіту сәті, жоба қорғау
Көрнекілігі: кестелер, слайд, интербелсенді тақта, «XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстан» картасы
Пәнаралық байланыс: география пәні
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту
III. Сергіту сәті
IV.Жаңа сабақ мақсаты , жоспары
V. Жаңа сабақты бекіту
VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау
VIII.Рефлексия
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды түгелдеу;
2.Сабаққа дайындықтарын бақылау;
3.Психологиялық дайындықты қалыптастыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру, бекіту;
Оқушылармен топтық жұмыс
Қызыл, көк,сары гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. Әр топтың ұраны, топ жетекшісі, аты сайланады.
Топ жетекшілері интербелсенді тақта арқылы берілген тақырыптарды таңдап алады. Үй тапсырмасы бойынша электонды оқулықпен жұмыс, «Хандық биліктің жойылуы»
1.Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.
2.1824 жылғы жарғының мазмұны.
3.1822 жылғы және 1824 жылғы жарғыларды салыстыру. (ортақ белгілерін,ерекшеліктерін атау)
Бағалау парағымен жұмыс.
III.Сергіту сәті: «Тілек шоғы»
IV.Жаңа сабақ жоспары:
1.Реформаны жасаудың мақсаты, дайындығы.
2.Реформаның мазмұны:
а)Бүкіл қазақ жері үш генерал –губернаторлыққа бөлінуі
1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар XIX ғасырдың 60- жылдарына қарай жарамсыз болып қалған. Сондықтан да жаңа реформалар жүргізудің мақсаты туындады.
1-шіден, қазақ даласында сұлтандардың билігі бұрынғыша сақталып қалды да, патша үкіметінің Қазақстан аймағын неғұрлым тезірек отарлауына кедергі келтірді.
2-шіден, XIX ғасырдың 60 – жылдарында Ресей империясына Оңтүстік Қазақстан Жетісу аумағы қосылған болатын, сондықтан да енді осы аймақтарды әкімшілік жағынан бағындыру және шаруашылық жағынан нығайта түсу қажет болды.
3-шіден, Ресейдің Еуропалық бөлігінде қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп үшін арзан шикізат көздері мен жұмысшы күші қажет болды.
4- шіден,Қазақстанның кең-байтақ аумағын мекендеген қазақтар үшін бірыңғай салық жүйесін енгізу талап етілді.
5- шіден, Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі жері жоқ шаруаларды Қазақстан аумағына ұйымдастырылған түрде көшіру көзделді.
Осы себептерге байланысты Қазақстанда жаңа әкімшілік аумақтық және әлеуметтік –экономикалық реформалар жасау қажеттігі туындады.
1. XIX ғасырдың 60 жылдары, статс- хатшы И.И.Бутков басқарған комиссия құрылған. Батыс облыс- орталығы Торғай Шығыс
облысы- орталығы Сергиополь немесе Қарқаралы болды.
2.Ішкі істер министрі Гирстің «Дала комиссиясы» 1865 жылы құрылды.Оның құрамына тек ресейлік офицерлер мен шенеуніктер қатысты.Қазақ бұқарасының мақсат-мүддесі көзделмеді. Тек Батыс Сібір генерал-губернаторлығында комиссия ірі бай Мұса Шорманұлынан, билеуші сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесінде билеуші аға сұлтан Сейдәліұлынан , тағы да басқа ауқатты ақсүйектерден жиналған міліметтерг сенім артты. Осы реформаны жасауда Шоқан Уәлиханов Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті.
1867 жылы 11 шілдеде IIАлександр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ережені », 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша ережені » бекітті.
Реформаның мазмұны мен мәні.
Қазақстан аумағы үш генерал- губернаторлыққа бөлінді. Түркістан, орталығы-Ташкент; Батыс Сібір, орталығы- Омбы; Орынбор, орталығы- Орынбор.Жетісу облысы, Сырдария облысы, Ақмола облысы, Семей облысы, Орал облысы, Торғай облысы.Жетісу мен Сырдария облыстарына қырғыз және өзбек жерлерінің бір бөлігі енді. Облыстар уездерге бөлінді. Әскери губернатор –облысты басқарды, оларды тікелей патша үкіметі өзі тағайындады. Уезді- уезд бастығы басқарды, оны әскери губернатор тағайындады. Әкімшілік басқарудың ең төменгі екі сатысы болыстар мен ауыл старшындары. Олар 3 жыл мерзімге сайланды. Шыңғыс тұқымдары- сұлтандар үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтан босатылған.Сырдарияның отырықшы елді мекендерінде басқару билігі ақсақалдар қолына берілді, олар 3 жылға сайланды. Қорыта келгенде: 1867-1868 жылдардағы жүргізілген реформаның таптық мазмұнын, отаршылдық бағытын осыдан да көруге болады. Ол реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті. Өстіп, Қазақстанның кең- байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті.
V.Дәптермен жұмыс
VI.Жаңа тақырыпты игерту сұрақтары:
«Маған ұнайтын тарихи тұлға » ойыны арқылы іске асады. Әр оқушы өзіне ұнаған тұлғаның суретін таңдау барысында,артында жасырынған сұраққа жауап береді.
1.Реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде?
2.Статс- хатшы Бутковтың жүргізген реформасы туралы әңгімеле?
3. «Дала комиссиясы» қай жылы құрылды, мақсаты неде?
VI.Үйге тапсырма. 24 тақырыпты оқып, хронологиялық кесте құру. Реформаның Қазақстан жеріндегі кейінгі зардаптарын анықтау.
VIII.Бағалау
IX.Рефлексия: «Өз-өзіме хат» (Осы сабақтан мен не алдым?)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
28 ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы әкімшілік реформалар.
XIX ғ. 60-90 жж әкімшілік реформалар Орал, Торғай, Маңғыстау көтерілісі
Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
XIXғ 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары
1867-1868 жылдардағы реформа
ХІХ ғ 80-90 жылдарындағы әкімшілік-аумақтық реформалар
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа
1867-1868ж " Басқару туралы уақытша ережелер"

Автор Сұлтанқажиева Мейрамгүл

№148 мектеп-гимназия

Бөлім: Материалы / Тарихтан ашық сабақтар | Көрсетілім: 7717 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар